• Преподавателю
  • Биология
  • Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Дизентериялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақ. Безгекпен күресу. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. 7 сынып

Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Дизентериялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақ. Безгекпен күресу. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. 7 сынып

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Дизентериялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақ. Безгекпен күресу. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ауру қоздырғыш қарапайымдардың түрлері мен олардың келтіретін зияны туралы толық мағлұмат беру.

Біліміділігі: Ауру қоздырғыш қарапаймыдылар туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы: қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы түсінігін қарастырып, өз ойларын жеткізу іскерлігін дамыту.

Тәрбиелілігі: Қарапайымдардың маңызы мен зияны туралы түсінікі ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: талдау, сипаттау, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын сұрау, сабақтың мақсатымен таныстырып, түсіндіру.

II.Жаңа сабақты түсіндіру:

Қарапайымдардың ішінде адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Солардың бірі - дизентерия амеба.

Дизентерия амебасы - адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайды. Осы жарадан шыққан қанды ірің нәжіске араласып, адамның ішін жүргізіп, ыстығын көтеріп қатты ауыртады. Бұл ауру қантышқақ деп аталады.

Спора арқылы көбейетін біржасушалы жәндік құртамыш әсіресе ішек, бауыр, бүйрек және өзге мүшелерде де өмір сүреді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін құртамыш кокуидоз ауруына душар етеді. Бұл аурумен үйқоян, тауық, сиыр, балық, тіпті адам да ауырады. Кокцидозға тап болмау үшін үй хайуанаттары мен малдарды дұрыс күту қажет. Ал адамдар гигиеналық тазалықты сақтай білу керек.

Паразит талшықтылардың бірі - лямблия. Оның тұрқы - 15 мк, екі ядросы, төрт жұп талшықтары бар. Ол адам ішегінің жоғарғы бөлігінде, өте жиі кездесіп, қауіпті ауру туғызады. Қауіпті аурудың бірі - ұйқы ауруының қоздырғышы - трипаносома. Оның тұрқы 15 - 30 мк. Ұйқы, нагана ауруын қан сорғыш шыбын цеце таратады.

Адам және жануар жасушасының ішінде паразиттік тіршілік ететін - лейшмания тері ауруын қоздырады.Таратушысы - құмыты.

Ада үшін қауіпті аурудың бірі - безгек ауруы. Оның қоздырушысы безгек паразиті - қантұрғын. Қантұрған қан плазмасында даму масасының денесінде өмір сүреді. Безгекпен ауырған адамның дене қызуы 40ºС-қа дейін көтеріледі.

Қарапайымдар санының көп болуы және табиғатта кеңінен таралуының маңызы зор. Бұлар бактериялар мен біржасушалы балдырларды және жәндіктерді қорек етеді. Ал өздері көптеген жәндіктер мен жануарларға жем болады.

III.Бекіту:

1 - тапсырма. Қарапайымдардың арасында паразиттер өте аз. Берілген ауруларды тудыратын қарапайымдарды есіңе түсір, олардың аттарын жаз.

Ұйқы ауруы - ..................................................

Безгек - .............................................................

Қантышқақ - ...................................................

Лямблиоз - ........................................................

2 - тапсырма. Қарапаймдардың табиғаттағы практикалық маңызын сызбаға түсір.

IV.Үйге тапсырма беру. §40.

© 2010-2022