Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі 5 сынып

Раздел Биология
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Жаратылыстану

Сынып: 5 «А» сынып

Тақырыбы: Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызы жайлы білімді меңгерту, құбылыс деген

ұғымды өмірмен байланыстыру арқылы білім дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру,зейін

қойып тыңдауға үйрету,өз бетінше ізденуін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:СТО технологиясы,сұрақ-жауап

Көрнекілігі:интерактивті тақта, әртүрлі суреттер,үлестірмелі кестелер

Пән аралық байланыс:биология,физика,химия,математика,география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А.Амандасу

Ә.Кезекшінің мәліметі

Б.Сынып назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

1.Ауызша мазмұнын сұраймын

2. «Домино» ойыны
Шарты: берілген сөздерден сөйлем құрау
І топ. Пішінін және, табиғаттағы, өзгертетін, процесс, физикалық құбылыстар -, денелердің, қасиетін.
ІІ топ. Және иісін, яғни бір зат, химиялық құбылыстар -, дене мен, өзгерте алады, екінші затқа, зат түсін,

айналады.
ІІІ топ. Болады, табиғатта, физикалық және, барлық денелер, химиялық, заттар, ықпалында,

қосылыстардың.

ІV топ. Ішіндегі деп таралуын сұйықтың және газдағы диффузия молекуланың атайды.


Жауабы:
І топ. Физикалық құбылыстар - табиғаттағы денелердің пішінін және қасиетін өзгертетін процесс.
ІІ топ. Химиялық құбылыстар - дене мен зат түсін және иісін өзгерте алады, яғни бір зат екінші затқа

айналады.
ІІІ топ. Табиғатта барлық денелер мен заттар физикалық және химиялық құбылыстардың ықпалында

болады.

ІV топ.Сұйықтың ішіндегі және газдағы молекуланың таралуын диффузия деп атайды.

3. "Миға шабуыл" әдісі

Өткен тақырыпты қорытындылау мақсатында оқушыларға сөзжұмбақ шешкіземін.

Сұрақтары:

1.Физикалық дененің құрамдас бөліктері

2.Бізді қоршаған барлық дүниенің ең кіші бөлшегі қалай аталады?

3.Су 3 күйде кездеседі,соның бірі....

4.Сұйықтың ішіндегі және газдағы молекуланың таралуын не деп атаймыз?

5.Теңіз,мұхит суларын бір-бірімен жалғап тұрған жіңішке сулы өткел қалай аталады?

6.Әртүрлі заттардың жиынтығы

7.Май мен судың қоспасы


ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру

(Дәптермен жұмыс істету)

1 кезең.Табиғи құбылыстарды топтастырып өтемін

2 кезең. " Мағынаны тану "

(Бұл кезеңде әр топқа суреттер беріледі,оқушылар сол суретте бейнеленген сурет бойынша оның қай

құбылысқа жататындығын анықтап,сол құбылыс жайлы шағын эссе жазады,әр топтан 1 оқушы оқиды)

3 кезең. " Қызығушылығын ояту "

Бөшкеден шыққан басқатырғылар

Оқушыларға әр деңгейдегі сұрақтар жасырылады,жауабына сай ұпай беріледі.

Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі 5 сынып Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі 5 сынып

Сергіту.

Сөйлейтін сандар

36

28

45

56

35

81

24

72

54

63

қ

ы

а

с

ы

л

б

р

т

ұ

IV.Қорытындылау

Оқушылар топ бойынша өз ойларын стикерге жазып,тақтаға іледі.

VІ.Үйге тапсырма.§35,36,37,38 оқып,мазмұнын айту

VІІ.Жеңген топты жариялау,оқушыларды бағалау




Алтынсарин атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі



АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі




Мұғалім:Жаксыбаева А.А



© 2010-2022