Дидактикалық материялдар 8 сынып

Биологиялық диктант   1.Темекінің құрамында улы зат ... бар. 2. ... тыныс алу жолдарын қабындырады. 3.Өкпеге ... тиіп қабынғанда дене қызуы ... көтеріледі. 4.Жұқпалы аурулар ... арқылы таралады.   5.Тыныс алу мүшесі ... орналасқан. Логикалық сұрақтар. 1.    Адам тәулігіне қанша л ауаны пайдаланады? 2.    Қосарынан тыныс алу қандай жануарларға тән? 3.    Айда неге тіршілік жоқ? 4.    Су жануарлары немен тыныс алады?   5.    Демалыс орындарында неліктен шырша,қарағайлар көптеп отырғызылады? Биолог...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биологиялық диктант

1.Темекінің құрамында улы зат ... бар.

2. ... тыныс алу жолдарын қабындырады.

3.Өкпеге ... тиіп қабынғанда дене қызуы ... көтеріледі.

4.Жұқпалы аурулар ... арқылы таралады.

5.Тыныс алу мүшесі ... орналасқан.

Логикалық сұрақтар.

  1. Адам тәулігіне қанша л ауаны пайдаланады?

  2. Қосарынан тыныс алу қандай жануарларға тән?

  3. Айда неге тіршілік жоқ?

  4. Су жануарлары немен тыныс алады?

  5. Демалыс орындарында неліктен шырша,қарағайлар көптеп отырғызылады?

Биологиялық диктант.

1.Организмнің ішкі ортасы деп ... айтады.

2.Жүректің үшінші , ең ішкі қабаты ... деп аталады.

3.Қан организмдегі ... жатады.

Биологиялық диктант.

1.Қанды және оның құрамын, қызметін зерттейтін ғылымды ... , ал қан ауруларын емдейтін дәрігерді ... деп атайды.

2.Жүрек кеуде қуысының ... орналасады.

3.Жүректің өзінің сыртқы қабаты , өте жұқа қабаты ... деп аталады.











Биологиялық диктант.

1.Лейкоциттердің организмдегі бөгде заттарды өзіне сіңіріп, оны қорытып жіберуін ... деп, ал «жебір» жасушаларын ... деп атайды.

2.Организмдегі зат алмасуды қамтамасыз етіп, қантамырлар жүйесінде қанның үнемі айналыста болып тұруын ... дейді.


Биологиялық диктант.

1. Жүректің әр қуысы ... мен ... құралады.

2. Жүректің бұлшықетті қабаты ... деп аталады.

3. Жүректің жұмысы ... және ... тұрады.

Сәйкестендіру тесті.

  1. Қан 1. Плазмадағы белок.

  2. Гематолог 2. Оттекті тасымалдайды.

  3. Гемофилия 3. Организмнің айнасы.

  4. Глобулин 4. Қан ұйымайтын ауру.

  5. Гемоглобин 5. Қан ауруын емдейтін дәрігер.

Биологиялық диктант.

  1. Жасуша ... , ... , ... .

  2. Цитоплазманың ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене - ...

  3. ... жасуша ішінде болатын жұмыртқа нәруызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың зат.

  4. Үрмебұршақ тұқымының ойыс жағында ... бар.











Биологиялық диктант.

  1. Қоректік заты ... жиналады.

  2. Ұрық ... тұрады.

  3. Астық тұқымдас өсімдіктердің тұқымдары ... және ... деп екіге бөлінеді.

  4. Кез келген өркен ... дамиды.

Кестені толтыр.

Мүшенің аты

Құрылысы

Қызметі

1.Ауыз қуысы

2.Жұтқыншақ

3.Өңеш

4.Қарын (асқазан)

5.Аш ішек

6.Тоқ ішек

Биологиялық диктант.

  1. Тіс ... , мойыны, түбірі болады.

  2. Ең үлкен ас қорыту безі - ... .

  3. ... - 25 см, іші қуыс бұлшық етті мүше.

  4. Тістің дентин затының бұзылуы - ... .

  5. Ас қорыту мүшесі ... басталады.

Биологиялық диктант.


  1. Ең ірі сілекей безі - ... .

  2. Тамақты дұрыс пайдалану ғылымы ... деп аталады.

  3. ... - 5 - 6 см болады.

  4. Ұзындығы 11 - 13 см , асқорыту және тыныс алу жолдары қиылысатын мүше - ... деп аталады.












Биологиялық диктант.

  1. Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің жұмысы ... арқылы және ... жолмен реттеледі.

  2. Қалқанша маңы бездері ... бөледі.

  3. Гормон деп ішкі секреция бездерінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін ... ... ... атайды.

  4. Ұйқы безі ... гормонын бөледі.

Биологиялық диктант.


  1. Бүйрек үсті безі ... гормонын бөледі.

  2. Паратгормон денедегі ... алмасуын реттейді.

  3. Қалқанша без ... гормонын бөледі.

  4. Бездер ... және ... деп екіге бөлінеді.

Биологиялық диктант.


  1. Асқорыту мүшесі ... басталады.

  2. Тіс ... , мойыны, түбірі болады.

  3. Ең ірі сілекей безі ... деп аталады.

  4. Ең үлкен асқорыту безі - ... .

Биологиялық диктант.


  1. ... 5 - 6 м болады.

  2. ... - 25 см, іші қуыс бұлшық етті мүше.

  3. Тістің дентин затының бұзылуы ... .

  4. Тамақты дұрыс пайдалану ғылымы ... .













Деңгейлік сұрақтар.


  1. И.П Павлов адамның табиғаттағы алатын орнына қандай баға берді?

  2. Гуманистік көзқарастар ұғымына сипаттама беріңдер.

  3. Адамның қалыптасуына қандай әлеуметтік жағдайлар әсер етеді?

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Мүше дегеніміз не, ол қалай түзіледі?

  2. Адам ағзасында қандай аппараттар бар?

  3. Жеке мүшелерді қандай ұлпалар түзеді.

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Неліктен аралас бездер деп атайды және оған қандай бездер жатады?

  2. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметін талдап беріңдер.

  3. Ішкі секреция бездері мен аралас бездерден басқа тағы қандай бездер бар,айырмашылықтары қандай?

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Мидың құрылысын талдаңдар.

  2. Ми бөлімдерін мысалмен түсіндіріп атаңдар.

  3. Мидың бағаналы бөлімі дегенді қалай түсінесіңдер, оған қандай бөлімдер жатады және қызметі қандай?












Деңгейлік сұрақтар.


  1. Адамда қанша сезім мүшесі бар, оларды атаңдар.

  2. Жарық сезгіш жасушалары дегенді қалай түсінесіңдер, олар қандай қызмет атқарады?

  3. Анализатор дегеніміз не, анықтамасын беріңдер, ол қанша бөліктен тұрады.


Деңгейлік сұрақтар.


  1. Тірек - қимыл жүйесі деп неліктен атайды?

  2. Қаңқа дегеніміз не, ол қанша бөлімге бөлінеді?

  3. Омыртқа жотасы неше бөлімге бөлінеді, жеке омыртқаның құрылысын талдаңдар.

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Тұлға қаңқасын құрайтын сүйектерді атаңдар.

  2. Омыртқа жотасын құрайтын омыртқалардың, ағзада атқаратын қызметі қандай?

  3. Пішініне қарай сүйектер қаншаға бөлінеді, олар дененің қай жерінде орналасады?

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Омыртқа жотасы қанша жерден иіледі, нәрестелерде иілімдер бола ма? Иілімдердің қандай маңызы бар?

  2. Адамдағы омыртқалар саны және олардың атаулары.

  3. Кеуде қуысын қандай сүйектер құрайды?












Деңгейлік сұрақтар.


  1. Сүйектер қандай ұлпадан түзілген? Қаңқаның толық сүйектенуі қанша жасқа дейін қалыптасады?

  2. Сүйектің құрамындағы органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?

  3. Сүйектің байланысы нешеге бөлінеді, жеке - жеке сипаттаңдар.




Деңгейлік сұрақтар.


  1. Гемоглобиннің өзіне тән ерекшеліктерін атаңдар?

  2. Қан плазмасы құрамында қандай заттар болады?

  3. Қан ағзада қандай қызмет атқарады?




Деңгейлік сұрақтар.


  1. Иммундық жүйеге қандай мүшелер жатады?

  2. Көкбауыр қай жерде орналасқан?

  3. Қарсыденелер дегеніміз не?




Деңгейлік сұрақтар.


  1. Бұлшықеттердің маңызын түсіндіріңдер.

  2. Қаңқа мен бұлшықеттердің өзара байланысы бар ма? Бар болса өз білгендерің бойынша түсіндіріңдер.

  3. Қаңқа мен бұлшықеттерді кесте ретінде екі бағанаға сызып , маңызын көрсетіңдер.

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Қандай сұйықтықтар ағзаның ішкі ортасын құрайды?

  2. Қанның құрамында қандай жасушалар бар?

  3. Эритроциттер қандай қызмет атқарады?

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Қан плазмасының қан сарысуынан қандай айырмашылығы бар?

  2. Эритроциттердің құрылыс ерекшелігі неде?

  3. Қанның құрамы неден тұрады?




Деңгейлік сұрақтар.


  1. Қанайналым дегеніміз не? Қанайналым жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар?

  2. Жүрек жұмысы қанша жолмен, қалай реттеледі?

  3. Адамда жүректің жиырылу жиілігі өзгере ме? Ол неге байланысты?

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Жүректе қандай қабаттар бар?

  2. Жүректің қабаттары қандай ұлпалардан түзілген? Жүрек қабының ерекшелігі неде?

  3. Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады? Сипаттама беріңдер.

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Қантамырлар неше топқа бөлінеді?

  2. Артерия және вена қантамырларының құрылысында қандай айырмашылықтар бар?

  3. Артерия қантамырларының қызметін түсіндіріңдер.

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Лимфа жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар, лимфа тамырларының қантамырларынан қандай айырмашылықтар бар?

  2. Лимфа түйіндері қандай қызмет атқарады?

  3. Лимфа жүйесінің қызметін атаңдар.













Деңгейлік сұрақтар.


  1. Неліктен тыныс алу - тіршіліктің негізі дейді?

  2. Тынысалу мүшелер жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар, тыныс алу дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Мұрын қуысының құрылысы мен қызметін талдаңдар.


Деңгейлік сұрақтар.


  1. Өкпенің құрылысын түсіндіріңдер.

  2. Өкпедегі газ алмасу мен ұлпадағы газ алмасудың айырмашылығын салыстырыңдар.

  3. Тыныс алу мен тыныс шығарғандағы болатын өзгерістерді сызба - нұсқа түрінде дәлелдеңдер.

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Асқорыту жуйесіне жататын мүшелерді атаңдар.

  2. Ауыз қуысының құрылысы қандай?

  3. Асқазанның орналасқан орнын және құрылысын сипаттаңдар.

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Тіс неше бөлімнен тұрады? Тіс түбірі қандай қызмет атқарады?

  2. Кіреукенің маңызы, тістің бүлінуінің негізгі себептері қандай?

  3. Оқулықтың суретінен тіс бөлімдерін көрсетіп талдап беріңдер.












Деңгейлік сұрақтар.


  1. Әрбір асқорыту бездерінен бөлінетін сөлді атаңдар.

  2. Әрбір ферменттердің өздеріне тән қандай ерекшеліктері бар?

  3. Сілекей бездеріне сипаттама беріңдер.

  4. Сілекейдің құрамын сипаттаңдар.




Деңгейлік сұрақтар.

  1. Су мен минералды тұздардың алмасуы қалай жүзеге асады? Су мен минералды тұздар ағзада қандай рөл атқарады?

  2. Заттар мен энергия алмасуының маңызын сызбанұсқамен түсіндіріңдер.

  3. Заттар мен энергия алмасуы қандай процестерден тұрады? Пластикалық алмасу дегеніміз не?




Деңгейлік сұрақтар.


  1. Тер бездері қай қабатта орналасқан және олар қандай қызмет атқарады?

  2. Терінің сезгіштік қызметін түсіндіріңдер.

  3. Терінің қосалқы мүйізді түзілістерін атаңдар. Шел қабатының атқаратын қызметі қандай?




Деңгейлік сұрақтар.


  1. Жыныстық көбеюге анықтама беріңдер.

  2. Ерлердің жыныс жасушасы қалай аталады? Ол қай жерде түзіледі?

  3. Аталық жыныс жүйесіне жататын мүшелерді жеке - жеке атаңдар.

  4. Сперматозоидтың құрылысын талдап беріңдер.




Деңгейлік сұрақтар.


  1. Пластикалық алмасу дегенді қалай түсінесіңдер? Мысалмен дәлелдеңдер.

  2. Майдың алмасуы қалай жүреді?

  3. Көмірсулардың алмасуы қалай жүзеге асады?

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады? Үрпі жолының құрылысын түсіндіріңдер.

  2. Бүйректің құрылысын талдаңдар.

  3. Несепағар қайдан басталып, қандай мүшемен аяқталады, құрылысы қандай?

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Көбеюдің маңызы неде? Көбеюдің қандай жолдары бар, адам қандай жолмен көбейеді?

  2. Ұма қандай мүше? Оның атқаратын қызметі қандай?

  3. Әйелдердің жыныс жасушалары қалай аталады? Олар қайда түзіледі?

Деңгейлік сұрақтар.


  1. Рефлекс дегеніміз не? Туа пайда болған рефлекс қалай аталады?

  2. Шартты рефлекстің адамға қандай пайдасы бар?

  3. Шартсыз рефлекстер жиынтығы қалай аталады? Мысал келтіріп түсіндіріңдер.

  4. И.П Павлов рефлекстер туралы ілімді қалай дамытты?


© 2010-2022