• Преподавателю
  • Биология
  • Сабақ жоспары Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)

Сабақ жоспары Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні _______________

Сабақтың тақырыбы: §43. Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі.

Популяциялық толқындар. Оқшаулану

Сабақтың мақсаты:

  1. Популяция ішінде жүретін табиғи сұрыпталу түрлері тұрақтандырушы сұрыптау; гендер дрейфі, популяциялық толқындар; оқшаулану туралы мағлұмат беру, түсіндіру арқылы оқушылардың білімдерін арттыру, себептерін түсіндіру.

  2. Оқулық мәтінімен, сызбанұсқалармен жұмыс істеу икемділігін дамыту, қорыта және салыстыра, мысалдарды келтіре білуге, ой қорытындылауға үйрету. Топта бірлескен және ұжымдық тәсіл арқылы оқушының тапсырманы орындау, пікір алмасу, түсініктерін, дағдыларын қалыптастыру.

  3. Топтағы бірлескен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өзара бағалау жасауда оқушыны әділдікке тәрбиелеу.Өзін өзі бағалау жүргізу арқылы білімге құлшынысын арттыру, өзін бағалауға үйрету.

Көрнекіліктер: карточкалар, тірек сызбалар, тірі ағзалардың суреттері, табиғи сұрыптау түрлеріне мысал суреттер.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: топтық, жұптық жұмыс, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сынып оқушыларын ортаға шақырып, «Капитан» ойыны арқылы сыныпты топқа бөліп алады. Сабақты мұғалім тілек айтумен бастайды «Білім айдыны атты ашық теңіздегі сапарларың сәтті болсын»

Топтағы оқу әдісінің принциптері:1.Топ мүшелері сабаққа толық қатысып, бағаланады.2.Әр оқушы өзінің қабілетін бақылап, бағалап отырады.3.Оқушыда жауапкершілік артады.4.Топ мүшелері талдау жасап өз ойын айта алу керек

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сыныпты 3 топқа бөлу.

А) Жұмыс дәптерлерін тексеру.

Ә) Миға шабуыл.

  1. Эволюцияның қозғаушы фокторлары. \Оқушылардың жауабы: өзгергіштік,тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу.

  2. Табиғи сұрыпталу.дегеніміз не?.\ жауап:Табиғатта өздігінен таңдамалы түрде бір даралар тіршілігін жойса, екінші біреулері көбейіп, әрі қарай дамиды немесе аса жақсы бейімделе алғандардың тірі қалуы.\

  3. Табиғи сұрыпталудың қандай формалары бар?\жауап:қозғаушы сұрыпталу, тұрақтандырушы сұрыпталу\

  4. ҚСабақ жоспары Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)озғаушы сұрыпталу

  5. Тұрақтандырушы сұрыпталу дегеніміз не?

  6. Дизруптивті сұрыпталу

Б) Оқушылардың үйден дайындап келген сұрақтарын жауап беру.

Әр сұраққа жауап дұрыс берілсе оқушылар бас бармақтарын жоғары көтеріп бағалап, мадақтап отырады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны.

1-топ. Гендер дрейфі.

2-топ: Популяциялық толқындар.

3-топ. Оқшаулану

ІҮ. Сабақты бекіту.

А) Топтар сайысы. Бір-бірне сұрақтар қояды.

  1. Популяциялық толқындар деген не?

  2. Оқшаулану деген не?

  3. Оқшауланудың қандай түрлері бар?

  4. Гендердің дрейфі деген не?

Ә) Жұмыс дәптерлерін толтыру.

Б) Тақырып бойынша сұрақ дайындау.

В) Постер құру.

1-топ. Гендер дрейфі.

2-топ: Популяциялық толқындар.

3-топ. Оқшаулану

Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

§43 оқу, жұмыс дәптерлерін толтыру, деңгейлік сұрақтарға дайындалу.


© 2010-2022