Биология Ақ сұлама (7 сынып)

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сілтеме

Сабақ жоспар

Биология пәні

Сыныбы: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ақ сұлама - емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі.

Мақсаты:

Жалпақ құрттардың өкілі-ақ сұламаның жалпы сипаттамасын беру, денесінің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу

Білімділік: Оқушыларға білімді өз бетімен алуға ықпал жасау. Алған білімді топта талдай білуге үйрету.

Ақ сұламаның қаншалықты маңыыздылығы бар екендігіне көз жеткізу;

Дамытушылық: Бір-біріне сұрақтар қойып, пікіір алмасу арқылы сөз мәдениетін қалыптастыру. Еркін сөйлеп, өз ойын ашық айтуға баулу;

Тәрбиелік: Құрттардың ішінде пайдалы және және зиянды түрлерін ажырата білу, зиянды түрлерінің әртүрлі ауру тудыратынын біле отырып, оның алдын алу жолдарын меңгеруге тәрбиелеу

Міндеті:


Күтілетін нәтиже

-Берілген қосымша тапсырмаларды топта талдай отырып,ақ сұламаға жалпы сипаттама бере алады, табиғаттағы маңыздылығына көз жеткізеді;

-сұрақтар қоя біледі, өз ойларын еркін жеткізе алады, сөз байлығы артады;

-құрттардың пайдалы және зиянды түрлерін біліп, пайда-зиянын ажырата алады


Сабақтың түрі

жаңа материалды игерту

Модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, Дарынды және талантты баланы оқыту

Қажетті құралдар

электронды оқулық, слайд, кестелер, суреттер, «Қызықты биология» оқулығы, интерактивті тақта, компьютер, әр түрлі тапсырмалар

Түйінді идеялар

Жалпақ құрттар теңіздерде, мұхиттарда, тұщы суларда тастарға және басқа да заттарға бекініп тіршіілік етеді. Денесі екі жақты симметриялы, көпжасушалы, таспа тәрізді қабысып жалпақ болғандықтан жалпақ құрттар деп аталады. Денесі сыртқы-эктодерма (сыртқы тері қабаты), ортаңғы мезодерма (ортаңғы қабаты), ішкі-энтодерма (ішкі қабаты) қабаттарынан тұрады. Ортаңғы қабаты денесінің көбірек бөлігін алып жатқандықтан ішкі мүшелері осы қабаттан түзілген. Жалпақ құрттарда бұлшықетті өңеші, көздері, сезу мүшелері, жыныс мүшелері бар. Ас қорыту жүйесінде ауыз тесігі, бұлшық етті жұтқыншақ, тармақталған алдыңғы және ортаңғы ішектер болады. Жалпақ құрттар типі 3 класқа топтастырылған:

  1. кірпікшелі құрттар; 2) сорғыш құрттар класы; 3) таспа құрттар класы.

Кірпікшелі құрттар деп аталу себебі денесін ұсақ кірпікшелер қаптап тұрады. Жер шарында кеңінен таралған, ағыны баяу суларда, тоғандарда еркін тіршілік ететін ақ сұлама деген өкілі бар. Дене тұрқы 15-20 мм-ге жетеді.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.

Кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Тапсырма мазмұны

Оқушының әрекеті

Бағалау

1.Ұйымдастыру

(3 минут)

Амандасады, түгендейді; Ынтымақтастық атмосфера

сын қалыптастырады; топқа бөледі; назарларын сабаққа аударады

Оқушыларды түрлі-түсті қағаздар бойынша 4 топқа бөлеміз.

-Амандасады, кезекші оқушы жауап береді. Таңдаған түрлі-түсті стикері бойынша топқа бөлінеді.

бағалау парағы сабақтың алдында топтарға үлестіріледі

2. Үй тапсырмасын сұрау (10 минут)

Үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен білімді еске түсіру

Сұрақтар:

1. Үйге берілген тест тапсырмаларын талдау

2. Мұғалім 30 секунд ішінде он сөз айтады .

Оқушылар үй тапсырмасын талдайды, естіген он сөздерін дәптерге жазып шығу

Бағалау парағына спикер оқушы үй жұмысы және сұрақтарға жауап бойынша бағалайды

3. Жаңа сабақ

  1. минут)









Жаттығулар

(5 минут)

1.«Қызығушылығын ояту». Оқушыларға сұрақ қою арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашады, өткен сабақпен байланыстырады. Слайдтар арқылы сабақ түсіндіріледі

2. «Миға шабуыл»







А) Сатылай кешенді талдау

«Топтық жұмыс» (топ бойынша тапсырмаларды бөліп береді) жұппен, топпен жұмыс тапсырмаларын береді

3. «Бес жолды өлең» стратегиясы


-Интерактивті тақтадан құрттардың суреттерін көрсету Өсімдіктер тұқымының таралуына жануарлардың қандай қатысы бар?

(Жаңа сабақтың тақырыбын ашады)

1.Суретте не берілген? Қандай құрттарды білесіздер

2. Электрондық оқулықты тыңдау

Топтық тапсырмалар

Ә. «Топтық жұмыс»

1. Зерттеушілік әңгіме

2.Серіктестермен әңгімелесу



І топ-Құрттар

ІІ топ-Жалпақ құрттар типі

ІІІ топ-Кірпікшелі құрттар класына сатылай талдау

IVтоп-Ішекқуыстылар мен жалпақ құрттарды салыстыру

1.Зат есім-1 сөз

2. Сын есім-2 сөз

3. Етістік-3 сөз

Жауап беріп, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.





көрсетілім бойынша тапсырманы орындайды;



-Оқушылар слайдпен таныса отырып, топпен жұмыс жасау



керекті анықтамаларды дәптерлерге жазу;

-топтық жұмысқа белсенді қатысу

Бағалау парағына топтық жұмысқа қатысып, түйінді ой айтқан оқушыларды топта ақылдасып, критерийлер бойынша оқушылар өздерін бағалайды



сұраққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау



критерий бойынша спикердің топ мүшелерін бағалауы



топ спикерінің бағалауы

Рефлексия

(3 минут)

Үйге тапсырма

(4 минут)

Не білдім? Не үйрендім;

-үйге тапсырма беру;

-бағалау, қорытындылау

Үйге тапсырма: 23-тақырыпты оқу, 83-беттегі біліміңді тексер тапсырмасын орындау

үй тапсырмасын жазады, бағаны шығарады

қорытынды баға бағалау парағына, журналға түседі



© 2010-2022