«Жасушаның химиялық құрамы» тарауы бойынша білімді қорытындылау 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жасушаның химиялық құрамы» тарауын қайталау Сабақтың мақсаты: а)білімділігі: Оқушылардың жасушаның химиялық құрамы, органикалық және бейорганикалық заттар, олардың құрылысы, құрамы, түрлері,құрылыс ерекшеліктері жайлы алған білімдерін жүйелеп,қорытындылау Ә)дамытушылылығы: Оқушылардың тарау бойынша игерген материалдарын Толықтыру, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын одан әрі дамыту. Б)тәрбиелігі: Алғырлыққа, ұжымшылдыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Сабақтың типі: Қайталау Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі, салыстыру,топтық жұмыс Сабақтың көрнекілігі:1.интерактивті тақта 2.плакаттар 3.оқулық
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алмасова Гүлнар Бектайқызы,

Жалағаш ауданы,

Алдаберген Бисенов атындағы

№38 орта мектептің

жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі

«Жасушаның химиялық құрамы» тарауы бойынша

білімді қорытындылау 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жасушаның химиялық құрамы» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

а)білімділігі: Оқушылардың жасушаның химиялық құрамы, органикалық және

бейорганикалық заттар, олардың құрылысы, құрамы,

түрлері,құрылыс ерекшеліктері жайлы алған білімдерін

жүйелеп,қорытындылау

Ә)дамытушылылығы: Оқушылардың тарау бойынша игерген материалдарын

Толықтыру, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын одан әрі дамыту.

Б)тәрбиелігі: Алғырлыққа, ұжымшылдыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың типі: Қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі, салыстыру,топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:1.интерактивті тақта

2.плакаттар

3.оқулық

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі сынып оқушыларының екі топқа бөлу

Сабаққа қойылатын талаптар:

1.Сұраққа дәл және нақты жауап беру

2.Шығармашылықпен жұмыс істеу

II.Кіріспе сөз

Бүгінгі сабақ «жасушаның химиялық құрамы» тарауын қайталау.Бұл сабақта цитология ғылымы,жасуша теориясы, жасушаның құрамындағы бейорганикалық және органикалық заттар,олардың түрлері,атқаратын қызметтері, қасиеттері, химиялық құрамы жайлы алған білімдеріңді қорытындылаймыз.Сабақ сайыс түрінде өтіледі.Сайыс 7 кезеңнен тұрады.

III-сайыс 1-кезең: «Бәйге» (сұрақ-жауап) Сұрақтар интерактивті тақтадан беріледі.

I топ сұрақтары:

1.Жасуша құрылысын, химиялық құрамын зерттейтін ғылым (цитология)

2.Жасуша терминін алғаш қолданған ғалым (Р.Гук)

3.Жасушаның 98% құрайды (макроэлементтер)

4.Күрделі көмірсулар (полисахаридтер)

5.Нәруыз молекуласын тұңғыш зерттеген ғалым (Беккори)

6.Нәруыздың мономері (амин қышқылдары)

7.Нуклеин қышқылының мономері (нуклеотид)

8.ДНҚ молекуласының екі еселенуі (редупликация)

9.РНҚ құрамына кіретін көмірсу (рибоза)

10.ДНҚ молекуласы неше құрылымды (үш)

II топ сұрақтары

1.Өсімдіктер және жануарлар жасушасын зерттеген ғалымдар (М.Шлейден,Т.Шванн)

2.Жасушаның 0,02%-ын құрайтын элементтер (микроэлементтер)

3.Глюкоза көмірсулардың қай тобына жатады? (моносахаридтер)

4.«Орақ пішінді жасушалы анемияның» пайда болу себептерін ашқан кім? (Л.Полинг)

5.ДНҚ құрамына енетін көмірсу (дезоксирибоза)

6.ДНҚ-ның қос тізбегі арасындағы байланысты үзетін фермент (полимераза)

7.АТФ құрамындағы азотты негіз (аденин)

8.Улы қасиеті бар нәруыздар (токсиндер)

9.ДНҚ-ның екі еселенуін зерттеген ғалымдар (М.Месельсон,Ф.Сталь)

10.Жасушадағы энергияның негізгі көзі (АТФ)

II-кезең Кестемен жұмыс «Ойлан тап»

Интерактивті тақтаға тапсырма жазылады.

Төмендегі кестеде тарау ішінде кездесетін термин сөздердің анықтамасы берілген.Осы анықтамаға сәйкес терминдерді тауып жазыңдар

I топ тапсырмасы

Терминдер

Анықтамасы, мағынасы

1

2

3

4

5

6

Қуыс

Ядролар

Өзара

Жануар қанты

Ерітінді сүйеді

Суда ерімейді

Керекті термин сөздер: клетка, лиофильді, эукариоттар, когезия, гликоген, гидрофобты

II топ тапсырмасы

Терминдер

Анықтамасы, мағынасы

1

2

3

4

5

6

Май

Табиғи құрылымның өзгеруі

Суда ериді

Ядро

Ядросыздар

жабыстырушы

Керекті термин сөздер: гидрофильді, денатурация, липид, лигаза, прокариоттар, нуклеус

III-кезең «Біліміңді тексер»

Тарау бойынша берілген балама жауаптары бар тест сұрақтарының жауаптарын төменде көрсетілген жерге белгілеңіздер.

I топ тапсырмасы

1.Ағылшын ғалымы Р.Броун өсімдік жасушасының ядросын ашты.

А-иә Б-жоқ

2.Нәруыз-биологиялық полимер

А-иә Б-жоқ

3.Нуклеин қышқылы алғаш рет цитоплазмадан табылған

А-иә Б-жоқ

4.ДНҚ молекуласы үш құрылымды

А-иә Б-жоқ

5.РНҚ құрамына дезоксирибоза кіреді

А-иә Б-жоқ

6.ДНҚ-молекуласы бір жіпшеден тұрады

А-иә Б-жоқ

7.Ферменттер-катализаторлар

А-иә Б-жоқ

8.Глюкоза-моносахаридке жатады

А-иә Б-жоқ

Жауаптары:

1-А; 2-А; 3-Б; 4-А; 5-Б; 6-Б; 7-А; 8-А.

II топ тапсырмасы

1.Жасушалар бөліну арқылы көбейеді

А-иә Б-жоқ

2. Я.Пуркине жасуша ішіндегі сұйықтықты протоплазма деп атады

А-иә Б-жоқ

3.Крахмал-моносахаридке жатады

А-иә Б-жоқ

4.Нәруыз молекуласын Беккори зерттеген

А-иә Б-жоқ

5.ДНҚ құрамына -дезоксирибоза кіреді

А-иә Б-жоқ

6.АТФ құрамында гуанин бар

А-иә Б-жоқ

7. АТФ -энергия көзі

А-иә Б-жоқ

8.ДНҚ тізбегін ажырататын лигаза

А-иә Б-жоқ

Жауаптары:

1-А; 2-А; 3-Б; 4-А; 5-А; 6-Б; 7-А; 8-Б.

IV кезең Басқатырғы-анықтама

Бастапқа кілтін тауып оқығанда нәруызға қатысты анықтама шығады.

I топ тапсырмасы

і

й

а

л

і

ы

у

з

н

қ

і

ш

з

р

ө

а

ң

к

р

-

ә

к

р

і

т

і

т

Н

Шешуі:Нәруыз-тіршіліктің қайнар

көзі

II топ тапсырмасы

і

я

и

ғ

а

ж

-

з

н

г

ы

д

а

ф

ө

ы

р

э

а

с

т

к

ң

е

н

ш

у

АБастапқы кілтін тауып оқығанда АТФ-ға қатысты анықтама шығады

Шешуі:АТФ-жасушадағы энергияның

көзі

V-кезең «Тапқыр әрі ұшқыр болсаңыз»

Терме диктант

Төмендегі сөздер ішінен органикалық заттарды теріп алып өз тобына топтастырып жазыңыздар

I топ тапсырмасы

Фруктоза,крахмал,гемоглобин,альбумин,гликопротеид,эритроза,гликоген,рибоза, миоглобин,гистон

1.Моносахаридтер:____________________

2.Полисахаридтер:____________________

3.Жәй нәруыздар:_____________________

4.Күрделі нәруыздар:__________________

II топ тапсырмасы

Глюкоза,глобулин,хромопротеид,целлюлоза,дезоксирибоза,тетроза,фибриноген,гистон,протамин,

хитин

1.Моносахаридтер:_____________________

2.Полисахаридтер:_____________________

3.Жәй нәруыздар:______________________

4.Күрделі нәруыздар:___________________

VI кезең «Сәйкестігін тап»

Төмендегі кестеден терминдер мен анықтамалардың сәйкестігін тауып дұрыс жауаптарын жазыңыздар

I топ тапсырмасы

Терминдер

Анықтамалар

1.Триоза

2.Пентоза

3.Лактоза

4.Гистон

5.Пиримидиндік негіз

6.Липид

7.ДНҚ молекуласы

8.Полимераза

А.рибоза

Ә.дисахарид

Б.ажыратушы

В.сүт қышқылы

Г.үш құрылымды

Ғ.жәй нәруыз

Д.тимин

Е.гидрофобты

Жауаптары: 1-В; 2-А; 3-Ә; 4-Ғ; 5-Д; 6-Е; 7-Г; 8-Б.

II топ тапсырмасы

Терминдер

Анықтамалар

1.Тетроза

2.Гектоза

3.Пентоза

4.Сахароза

5.Муцин

6.Пуриндік негіз

7.Лигаза

8.Токсин

А.глюкоза

Ә.дисахарид

Б.эритроза

В.күрделі нәруыз

Г.жалғастырушы

Ғ.дезоксирибоза

Д.зиянды нәруыз

Е.аденин

Жауаптары: 1-Б; 2-А; 3-Ғ; 4-Ә; 5-В; 6-Е; 7-Г; 8-Д.

VII кезең Анаграмма «Жасуша»

Төмендегі терминдердегі түсіп қалған әриптерді орнына қойғанда органикалық қосылыстардың аттары шығады.Әр сызықшаға бір әріптен қойылады.Тапсырма екі топқа ортақ

1) Г- -с-з-; 2) Г-л- -т-з-; 3)Х-л- -т-р - -; 4)Г-о-у-и-;

5)Г- -т-н; 6)Г-м- -л-б-н; 7)Л-п-д; 8)М- -ь-о-а.

Шешуі:1)Гексоза,2)галактоза,3)холестерин,4)глобулин,5)гистон,6)гемоглобин,7)липид,

8)мальтоза

IV.Бағалау Топ оушылары ішінен сабаққа белсенді араласқан оқушылар

бағаланады.

V.Үйге тапсырма: «Органикалық қосылыстар» реферат жазу

VI.Сабақты қорытындылау: Біз, бүгінгі сабағымызда жасушаның химиялық құрамы тарауынан алған білімдерімізді қайталап,қорытындыладық.Жасуша-барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі.Организмдердің жасуша құрылыстары ұқсас,бұл өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді.Жасушаның химиялық құрамы органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады.Олардың құрылысы,құрамы,қызметі жайлы толық таныстыңдар.Сабағымыз аяқталды,назар аударғандарыңызға үлкен рахмет!

© 2010-2022