Ашық сабақ тақырыбы: Тамыр. Тамыр жүйесі (6 класс)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Тамыр.Тамыр жүйесі»

Біліктілігі:Оқушыларға тамыр жүйесін және тамырдың бөлімдерін түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың оқу қабілетін,өз бетімен жұмыс істеуге.

Тәрбиелік:

Көрнекіліктер:кесте,суреттер,семантикалық карта,карточкалар.

Сабақтың түрі дәстүрлі

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Алты сатылы сабақ.

І сатысы-бөлімге белсендіру. Бұл сатыда тамыр жүйесі тақырыбына құралған жоба және тірек -сызбанұсқа арқылы оқушылардың тамыр жүйесі туралы не білетіні туралы еске түсіруді ұсынамын. Жауаптарды оқушылар дәптерлеріне,ал мұғалім тақтаға ББҰ-бәрін білгім келеді кестесін толтырады.

Білемін

Білгім келеді

1

2

3

Кестені толтыру барысында оқу мақсаты жүзеге асады,әуелі «Білемін» бағанасын толтырылады,оқушылар тамырдың түрлерін сипаттап, тамыр бөлімдері туралы еске түсіреді. Содан кейін «Білгім келеді» бағанасы толтырылады.

ІІ сатысы-Этнопедагогика.Оқушылар ырым-тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіру тапсырылады.

1.«Өсіп тұрған ағаштың тамырына балта шаппа. Неге? » Жауап: сіз өзіңіз ағаш секілді өсіп келесіз,сондықтанда өз өміріңізге жамандық жасағанмен бірдей болады.

2.«Үйде,мектепте отырғанда жағыңызды қолыңызбен таянбаңыз немесе сүйенбеңіз. Неге?» Жауап: Өз басыңызға үй-ішіңізге қайғы,мұң әкелгенмен бірдей.

3. «Кірдің суын басуға болмайды. Неге?» Жауап:Барлық жаманшылық судың кірімен кетеді.

4. «Ағайын- жегжат адамдарға ит мысық беруге болмайды. Неге?» Жауап:Аралары суып кетеді ит пен мысықтай ырылдасады.

5. «Туыс -дос адамдар бір-біріне пышақ,балта сыйлауға болмайды.» Неге? Жауап: Балта мен пышақ жеті қазынаға қосылады.Сондықтан араларына пышақ пен балта секілді өткір сөздер жүреді.

ІІІ сатысы-«өсімдік тамыры-жанға шипа,дертке дауа.»

Шарты:берілген өсімдіктердің тамыры туралы түсінік беру.

1.Ақжелкен-шыршагүлдер тұқымдас көп жылдық өсімдік,тамыры арқылы көбейеді,тамыры жемтамыр.

Қолданылуы: Емдік мақсатта ақжелкеннің тамыры пайдаланылады.Тәбет ашатын, асқазанмен ішектің қызметін,ас қорытуды жақсартып қан айналымды реттейтін,қақырық кезіндегі зат алмасуды жақсартады.

Химиялық құрамы: Ақжелкен құрамында синигрин гликозиді,мирозин ферменті,көміртек азотты заттар,майлар,дәрумендер кездеседі.

2.Бақбақ - көп жылдық шөптектес өсімдік. Тамыры -кіндік тамыр. Бақбақтың емдік қасиеті ерте кезден -ақ белгілі болған. Халық медицинада кеңінен қолданылған. Тамырынан жасалған тұнба тәбет ашып, тері аурулар кезінде зат алмасуын реттейді.

Химиялық құрамы: қант,тамырында 25% дейін инумен болады.

3.Бәйшешек -көп жылдық шөптектес өсімдік.

Қолданылуы: Бәйшешек тамыры бронхитке,қан жөтелге қарсы қолданылады. Өйткені ішкі секреция мен бронх бездерінің қызметін күшейтеді. Тамырын сүтке салып пісіріп өкпе ауруымен балалардың құрыспа ауруларын емдейді.

Химиялық құрамы: Тамырында 10%дейін сипониндер, эфир майы,гликозидтер,С дәрумені,аскорбин қышқылы кездеседі.

4.Қызылмия-көп жылдық, кіндік тамырлы өсімдік.

Қолданылуы: Емдік мақсатқа күздің соңғы айларында жиналған тамыры пайдалы.Қан қысымын түсіретін,тағамнан уланғанда,аллергияға қарсы және қан тамырларының кеңеюіне қарсы әсер ететіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Химиялық құрамы: Калий мен кальций қант,глюкозалар,минералды тұздар.

ІҮсатысы-№5,6 зертханалық жұмыс.

Оқушыларға бидай,пияз,сарымсақ,сәбіз өсімдіктерін таратып беріп,тамыр жүйелерімен тамыр түрлерін,бөлімдерін жай көзбен қарап қорытынды жасаулары сұралады.

Үсатысы -тамыр бөлімдерін анықтау. Тамыр бөлімдеріне 5 оқушы алып әр қайсысына

1 оқушы-тамыр аймақшасы

2 оқушы-бөліну аймағы

3 оқушы- өсу аймағы

4 оқушы-сору аймағы

5 оқушы-өткізу аймағы деп,ат беріп атқаратын қызметтерін айқызамыз.

1-оқушы. Мен тамыр аймақшасының өсімдіктің қоректенетін мүшесі де мен боламын. Мен болмасам ешқандай өсімдіктер де өспейді, өнбейді. Менің жасушаларым тірі,сыртқы қабатындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп, терлеп түседі.

2- оқушы. Мен бөліну аймағымын. Менің 3 қабатым бар. Сыртқы қабатымдағы жасушалар тамырдың мөлдір өңін түзеді. Ортаңғы қабатым- алғашқы қабық, ал ішкі қабатымнан ортаңғы цилиндр түземін.

3-оқушы. Мен өсу аймағымын. Менің жас жасушаларым бөлінбейді. Олар тек қана ұзынша болып ұзарады. Бұл әрекеттерім тамыр ұшының терең енуіне әсер етеді.

4-оқушы. Мен сору аймағымын. Мен тамыр түктері, тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда боламын. Ол алғаш жай өсінді түрінде.

5-оқушы. Мен өткізу аймағымын. Менің атқаратын қызметім жетерлік. Егер білгілеріңіз келсе, су мен онда еріген заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізу қызметін атқарамын.

Өсімдік тамыр және басқа өсімдіктер туралы жұмбақтар шешіледі.

1.Қыр басында әр қилы,

Сары теңіз толқиды. (егін)

2.Қара дерге енгелі

Батырады шеңгелін. (тамыр)

3.Қабығы күнге күйеді,

Табаны суды суйеді. (күріш)

4.Жезге ұқсас сабағы,

Дәні- халық тағамы. (бидай)

5.Тасқа шығады,бірақ тамыры жоқ. (қына)

ҮІ сатысы. Оқушылардың білімін тексеру мақсатында семантикалық карта толтырылады.


© 2010-2022