• Преподавателю
  • Биология
  • Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек. Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек

Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек. Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек

1) Білімділік: әр түрлі жарақат түрлері, олардың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек беру шаралары туралы білім беру 2) Дамытушылық: әр түрлі әдістер, өмірмен байланыстыру арқылы өз денсаулығын сақтауға көңіл бөлуі мен жауапкершілігін дамытуЖеке тұлғаны дамыту,жарақаттанудың алдын алу,алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге, танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу,сөз байлығын дамыту және күрделендіру.. 3) Тәрбиелік: жеке басының ғана емес, өзгенің де денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуы, адамгершілік ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді:____________Оқу ісінің орынбасары
Күні:
Сыныбы:8
Пәні: Биология
Сабақтың такырыбы: Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.

Сабақтың мақсаттары:

1) Білімділік: әр түрлі жарақат түрлері, олардың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек беру шаралары туралы білім беру
2) Дамытушылық: әр түрлі әдістер, өмірмен байланыстыру арқылы өз денсаулығын сақтауға көңіл бөлуі мен жауапкершілігін дамыту
3) Тәрбиелік: жеке басының ғана емес, өзгенің де денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуы, адамгершілік сапасын қалыптастыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, пікір - талас
Сабақтың көрнектілігісүйектердің түрлері, сызбанұсқа, дәке, қатты қағаз, жұқа тақташалар
I.Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу,окушыларды түгелдеу,сабак мақсатымен танысу.
II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Гуморальдық реттелу.

  2. Шамадан тыс бұлшық ет əрекетінің жүрек пен қантамырларына əсері.

  3. Жүректі жаттықтырудың маңызы

III.Жаңа сабақ

Мұрын қанағанда не істеу керек?

Әдетте мұрынна қан кету бірер минуттардан кейін өздігінен қояды. Ал егер қан кету тоқтамаса, кейбір оңай шараларды қолдану оны тоқтатады. Мұрыннан қан кеткенде мынандай шараларды қолдану керек:

1. Көмек көрсетілетін бала отыруы керек.

2. Қан кетіп жатқан мұрынның тесігіне таза мақта тығу керек. Егер қолда таза мақта болмаса, майлықтың немесе дәретхана қағазының кішкене тілімін қолдануға болады.

3. Мұрынның тесігіне таза мақтамен немесе майлықпен бітегеннен кейін, мұрынды саусақтармен қысу қажет. Мұрынды қысқан күйде он минуттар шамасында ұстаған дұрыс.

4. Қан тамаққа кетіп қалмасы үшін бала сәл алға еңкеюі керек.

5. Қанды тоқтатқаннан кейін мақтаны мұрында әлі бірнеше сағатқа шейін қалдыру қажет.

6. Егер қан кету тоқтамаса, баланы міндетті түрде емханаға апару керек. Ол жерде қан кетуді тоқтатады: мұрынға қажетті дәрі тамызып, қанап жатқан мұрын тесігіне мықтылап мақта тампонын тығады.


IVБекіту:

Бекіту. Тестік жұмыс.
1. Алғашқы көмек қай кезде жасалады?
а) ауруханада
б) дәрігер келгенде
в) дәрігер келгенше немесе ауруханаға жеткізгенше

2. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданғанда не пайдаланылады?
а) жгут, киімдер
б) мақта
в) дәрі

3. Сынықтың түрі
а) жабық
б) ашық
в) ашық және жабық

4. Қолдан тыныс алу әдісі қай кезде қолданылады?
а) қан кеткенде
б) естен танғанда
в) сынғанда

5. Қолдан тыныс алу әдісін қалай орындайды?
а) 3 рет терең тыныс жіберіледі
б) кеуде тұсынан басады
в) 3 терең тыныс жіберіліп, 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе тұсынан басады.
V.Бағалау (оқушылардың білімдерін бағалау)
VI.Үйге тапсрыма беру.§38. 166 бет



© 2010-2022