Балықтар сүйекті және шеміршекті

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Новый орта мектебі

Биология 7 класс

Ашық сабақтың тақырыбы:Балықтарға жалпы сипаттама.

Пән мұғалімі:Болатбекқызы П

2015-2016 оқу жылы

№39

Бекітемін:

Пәні: Биология 7-класс Күні: 10.02.2016 ж.

Пән мұғалімі: Болатбекқызы П

Сабақтың тақырыбы: Балықтарға жалпы сипаттама.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға балықтардың өзіне тән - ерекшеліктері туралы білім беру.
2. Оқушыларға балықтың түрлері, отрядтары жөнінде ұғым бере отырып, ой - өрісін, іздену қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға жан - жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

-Өз бетінше тақырыппен жұмыс дағдысын жетілдіру; -Тақырыпты түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан қорытынды жасай алады; -Ұсынылған тақырып туралы өзгелердің пікірін біледі; -Өз жұмыстарын кластастарымен талқылайды, жұмысқа анализ жасайды, өз білімін, түсінігін кеңейтеді; -топтық жұмыстар орындай алады;

Сабақ типі:

Ашық сабақ

Сабақтың түрі: Деңгейлеп оқыту

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, білімді меңгеру, сұрақ-жауап

Сабақ кезеңдері:

Ресурстар

Мұғалім -оқушы әрекеттері

Тех/я, әдіс-тәсілдер

Жеке жұмыс

Бағалау

Ұйымдастыру


Оқушылармен және ашық сабаққа келген қонақтармен амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Тренинг: Жаңбыр

топтасу

Балықтардың суреттерін таңдап мозайка құру арқылы үш топқа бөлінеді.

Топ ережесін ұстану.

Үй тапсырмасы

Интерактивті тақта



Ойландыратын сұрақтар

Балық аулау стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Әр топтан бір оқушыдан шығып, қолына қармақ алып балық аулайды. Ауланған балықта сұрақтар жасырынады. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында, оқушының сұраққа дұрыс жауап беруі арқылы қорытындыланады.

«Миға шабуыл» әдісі

Үш шапалақ арқылы бағалау

Өзін-өзі бағалау

Жаңа сабақ

Оқулық,

постер,

стикер- лер,

маркер


Топтық жұмыс. Оқушыларға ББҮ кестесі бойынша беріледі.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



Оқып, өз білімін түйіндеп постерге түсіреді.

Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология деп аталады.

мадақтау

Есіңде болсын!

Интерактивті тақта,

кеспе қағаздар

Балықтарға байланысты айтылған халықтық ұғымдарды, мақал - мәтелдерді талдап түсіндіру.
1. «Бекіренің бал татыған еті»
2. «Бекіренің бес кеспесі»
3. «Бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды»
4. «Балдырлы көлде балық көп»
5. «Балық басынан шіриді»


Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра
Қабшмаай
Батан
Тахбах
Азанс
Іебрек
Нартош


өздігінен білім алу



сұрақ - жауап.

Топтық тапсырмалар:

Ітоп. Сазан

ІІтоп. Шортан

ІІІ топ. Ақмарқа

/Постерлерді қорғау/.

/Топтардың презентациясы/

Өзін-өзі бағалау

Топ басшысының бағалауы

Мұғалімнің бағалауы

Қызығушылық-ты ояту

Қызықты

биология

1. Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді/Балық/

2. Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі. /Балық/

3. Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған. /Сазан/

4. Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды./Шортан/

Жұмбақ шешу



Балықтар класы суда тіршілік ететін омыртқалылар. Бас сүйектілер тип тармағына жатады. Бас сүйектілердің негізгі ерекшеліктерінің бірі-миы бассүйектерінің ішінде орналасқан. Денесі үш бөліктен: бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Екі жұп көкірек, екі жұп құрсақ қанаттарымен бірге құйрық қанаттары бар. Денесі бұрылғанда, тоқтағанда, баяу ғана ілгері жылжығанда және дене тепе-теңдігін сақтауда қанаттарының маңызы зор. Денесінің сырты қабыршақпен қапталған.



Бекіту

Сабақты бекіту Фишбаун әдісі бойынша өтеді. Балықтың қаңқасы бойынша сұрақтарға жауап беру.

Балықтар сүйекті және шеміршекті

Рефлексия

Стикер

Оқушылар сабаққа және мұғалімге тілек жазып, алтын балыққа жапсырады.

Сабақты бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма:

§52 Балықтарға жалпы сипаттама




© 2010-2022