Сыныптан тыс сабақ Табиғат асыраушың, қамқоршың

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Табиғат-асыраушың, қамқоршың.

Мақсаты: Табиғаттың тылсым сырын сырын түсіне білуге, оны қорғауға, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу. Жүргізуші:Сыныптан тыс сабаққа қатысатын 9 сынып оқушылары III топқа бөлінеді . I -прогресс ; II -регресс ; III -эволюция; " Табиғат-адам үшін жаратылыпты, бар қызық табиғаттан таралыпты "

С.М. Торайғыров: Әділқазылар алқасымен таныстыру. I кезең: Үй тапсырмасы ( Әр топ өздерін таныстырып , эмблемаларын қорғау ) 10 ұпай. II кезең: " Миға шабуыл "Лездемелік сұрақтар. Егер топ жауап бере алмаса,қарсы топ жауап бере алады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай. "Прогресс "тобына :

1)'' Биологиялық алға басу '' деген не? (даралар санының , яғни ұсақ топтардың артуы,аймақтың кеңеуі. ) 2)''Табиғат жүйесі ''авторы ? (К.Линней. ) 3)Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы қалай аталады ? ( дарвинизм,''табиғи сұрыпталу теориясы '' ) 4) Тіршілік үшін күрестің түрлерін атаңыз. ( Түрішілік, түраралық, абиотикалық факторлармен күрес.) 5) Қолдаң сұрыптау деген не ? ( Адам басқаратын эволюция.) ''Регресс '' тобына : 1)Биологиялық кері кету деген не ?(Даралар саны мен жүйелік топтарының кемуі,таралу аумағының тарылуы. ) 2) ''Ботаника философиясы '' еңбегінің авторы .(К.Линней. ) 3) Құдай қарапайым формаларды жаратушы деген деген пікірде болған ғалым ?(Ж.Б.Ламарк ) 4)Түрішілік күрес деген не ? Мысал келтір. 5)Тұқым қуалайтын өзгергіштік немесе мутациялық өзгергіштік деген не ? ( дара өз туыстарынан ғана ерекшеленіп қоймай пайда болған өзгерістер тұқым қуалайды. ) ''Эволюция '' тобына : 1)Тұңғыш эволюциятеория авторы кім ? (Ж.Б.Ламарк. ) 2) Осы күнге дейін қолданылып жүрген латынша қосатауды енгізген ғалым? ( К.Линней.) 3)Ағзалардың өз ата-тектеріне ұқсауы және кейбір кейбір белгілерін өз ұрпақтарына беру қасиеттері ( тұқымқуалаушылық) 4)Барлық тірі ағзалардың өз ата-тектерінен ерекшелінетін ортақ қасиет ? (өзгергіштік) 5)Модификациялық өзгергіштік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік деген не ? ( ДНҚ молекуласындағы гендер мен хромосомадағы өзгерістің қатысы болмайды.) Жүргізуші: Білімді мыңды жығады. Білекті бірді жығады. Алдағы білім шыныңа, Ең білімді топ шығады. III кезең. Проблемалық жағдайларды шешу.10ұпай. 1)Құралайдың салқыны. Мамыр айының екінші он күндігінде болатын суық жел. Осы желге қарсы ақбөкен өз құралайларын аяқтандырып өргізеді.Ақбөкен қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп болады. Ақбөкеннің бір ерекшелігі -оның аналығы кез-келген құралайды емізіп бауырына ала береді. Ақбөкен құралайының далада , жалғыз қалмауы осыдан. Сұрақ : Бұл халық болжамы тіршілік үшін күрестің қандай формасына жатады ? 2)Қазақ халқында аңшылық-саятшылық өнері ертеден бар,ал аңшы аңға тек астындағы жүйрік атын.Қолындағы қыран құсын ғана емес , сонымен қатар тазы итін де алып шығатын еді.

Сұрақ: Біздің ата-бабаларымыз жүйрік тазыны қандай эволюциялық жолмен алды ? 3) 1г ақбөкен мүиізінің халықаралық құны 600 доллар. Ақбөкен мүиізі өкпенің қабынуы, жүрек , сусамыр ауруларына таптырмайтын ем. Ақбөкен 300 түрлі дәрілік қасиеті бар шөппен қоректенеді.Ақбөкен даламыздың көркі, табиғатымыздың байлығы.Еуразия материгінің жазық аймақтарында тіршілік еткен. Олардың біздің республикамызда ғана сақталуы, еліміздің ұлттық мақтанышы. Десек те қазіргі таңда олардың саны жойылу алдында тұр. Сол себепті мемлекет тарабынан қорғауға алынған жануар болып саналады. Қазақтың бетпақ даласын мекен еткен ақбөкеннің жүйріктігі арқасында жауынан қашып құтылады, алыс суаттарға әлділері жетіп, әлсіздері жыртқыштарға қорек болады. Сұрақ:Ақбөкендердің тек біздің жерімізде сақталуы эволюция ілімі бойынша қалай аталады? Ойлануға 5минут. Музыкалық үзіліс. Жүргізушізуші: Алғандықтан терең білім, қайраттың

Болашаққа нық сезіммен барамыз

Айдынында білім атты мұхиттың

Шаршамаймыз, тереніне самғаймыз. IV кезең. ''Ой толғаныс ''.Суретпен жұмыс деп аталады. 1)Құтырған қиярдың тұқым шашу бейнесюжеті. 2)Түлкінің жемтігін аулауы. 3)Коала бейнесюжеті. V кезең.Терминдер . 5 ұпай. ''Прогресс'' тобына: 1)Жасушаны зерттейтін ғылым саласы. (Цитология ) 2)Мүктерді зерттейтің ғылым саласы (Бриология)

3) Қыналарды зерттейтін ғылым саласы.( Лихенология)

4)Балдырларды зерттейтін ғылым саласы (Альгология)

5) Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым саласы (Микология)

6)Адамның шығу тегін зерттейтін ғылым ( Антропология )

7) Өрмекшілерді зерттейтін ғылым (Арохнология)

''Регресс '' тобына:

1) Паразит құрттарды зерттейтін ғылым саласы( Гельминтология)

2) Cүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы (Маммология)

3)Жануарлардың мінез - құлқын зерттейтін ғылым (Этология )

4)Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым саласы (Герпетология )

5) Құстарды зерттейтін ғылым саласы ( Орнитология)

6)Былқылдақ денелерді зерттейтін ғылым саласы ( Малокология )

7) Балықтарды зерттейтін ғылым саласы ( Ихтиология)

''Эволюция ''тобына : 1 ) Қосмекенділерді зерттейтін ғылым саласы.( Батрохология )

2) Өзгергіштік пен тұқымқуалаушылықты зерттейтін ғылым саласы( Генетика)

3)Теріні зерттейтін ғылым саласы( Дермотология )

4) Жүректің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым саласы( Кордиология )

5) Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым саласы ( Эмбриология )

6)Қан туралы ғылым саласы.( Гемотология)

7) Шаян тектестердерттейтін ғылым саласы (Карцинология)

VI кезең. " Қара сандық құпиясы " 10 ұпайдан есептеледі.

1)''Қара сандыққа '' жеуге жарамсыз өсімдіктің бұтағы салынған. Бұл өсімдік ғылым мен өнер құдайы-Апполонның құрметіне арналған Бұл өсімдікпен суретші, ғалым, әртістерді марапаттайды. Лауреат сөзі қандай өсімдіктің атын білдіреді ? (Лавр )

2 ) ''Қара сандықтағы '' өсімдіктің 20 мың түрі бар. 50-100 жылға дейін өмір сүреді. Өсімдіктердің ішіндегі ең ерте пайда болған түрі, ''көмір '' түзіледі. Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдік .(қырықжапырақ ) 3) ''Қара сандықта ''сабақтары мен жапырақтары жоқ паразит гүлдің суреті бар. Суматра, Ява аралдарында өседі. (Арнольда рафлезия ) Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп жатқанда, музыкалық үзіліс.

Жүргізуші Табиғаттан бабамыз ала берген секілді

Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді.

Мөлдірлікті көлден алған секілді.-деген Қадір Мырзаәлі сөзімен аяқтаймыз.



© 2010-2022