• Преподавателю
  • Биология
  • Жасуша – өсімдік ағзасының негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вауоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі. 6 СЫНЫП

Жасуша – өсімдік ағзасының негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вауоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі. 6 СЫНЫП

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Жасуша - өсімдік ағзасының негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вауоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі.

Сабақтың мақсаты: жасуша жайлы оқушыларға тереңірек мағлұмат беру. Жасуша - тірі ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшемі екндігіне көз жеткізу.

Білімділігі: Жасушаның құрылысы мен жасушаның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы: Жасуша туралы дербес алынған ақпаратты қысқаша, түсінікті жеткізуге дамыту.

Тәрбиелілігі: Жасуша - өсімдік ағзасының негізгі құылым бірлігі туралы алған білімдерін ықыласпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын сұрау, сабақтығ мақсатымен таныстырып, түсіндіру. Сабақты қорытындылау.

  2. Жаңа сабақты түсіндіру:

Препараттан пішіні төрт бұрышты, ұзынша, бір - бірімен тығыз орналасқан көпжасушалар көрінеді. Жеке бір жасушаның құрылыс - жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер және вакуоль.

Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосындыларда ерімейтін мықты болады. Қабықша - целлюлозадан тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін - саңылау деп атайды.

Цитоплазма - жұмыртқанаң аузына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60 - 90% су, 10 - 20% нәруыз, 3 - 4% көмірсулар, 2 - 3%май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер цитоплазмада орналасады.

Ядро - цитоплазмаға қарағанда тығыз, әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні анық көрінеді.

Пластидтер - тек өсімдік жасушасына ғана тін денешіктер. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер - хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.

Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді, хромопластар гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, тамыр жемістерге қызыл, сары түс береді, ал лейкопластар өсімдіктің тамырында, тұқымында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер.

Вакуоль цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі.

Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі. Барлық тірі ағзаларға тән қасиет: белгілі бір пішіні мен мөлшерінің болуы. Атқаратын қызметіне, орналасуына байланысты жасушаның пішіндері әр түрлі болады.

  1. Бекіту: Жасуша құрылысының бөліктерін көрсет:

1 - .......................................................

2 - .......................................................

3 - .......................................................

4 - .......................................................

5 - .......................................................

6 - ......................................................

7 - ......................................................

8 - ......................................................

9 - ......................................................

10 - ....................................................

11 - ....................................................Жасуша – өсімдік ағзасының негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вауоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі. 6 СЫНЫП

2. Тест орында.

1. Мөлдір, созылмалы қоймалжың зат......

А) вакуоль

Б) ядро

В) цитоплазма.

2. Жасуша мен қоршаған ортаның арасындағы шекара:

А) цитоплазма

Б) жасуша арасындағы зат

В) қабықша.

3. Барлық тірі ағзалардың жасушаларына ортақ.

А) кез келген тірі ағзаларға тән - зат алмасу жүреді.

Б) барлық жасушалардың көлемі бірдей.

В) барлық жасушаларда пластид болады.

4. жасушадағы цитоплазма

А) қозғалмайды;

Б) өте ақырын қозғалады;

В) өте жылдам қозғалады.

5. Крахмал түзуге қатысатын пластид....

А) хлоропластар;

Б)лейкопластар

В) хромопластар.

IV.Үйге тапсырма беру. §6. Өсімдік жасушасының құрылыс және химиялық құрамы.


© 2010-2022