Қан кеткендегі көрсетілетін алғашқы көмек

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

05.02.2016 8 ә,б,в

Сабақтың тақырыбы:Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек. Аяқ-қол қан тамырлары зақымданған кезде жгутты пайдаланып көмек көрсету. Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.

Сабақтың мақсаты:

БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек туралы түсіндіре отырып, балаларға төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсетудің тәсілдерін уйрету.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізуге қабілеттерін арттыру.

ТӘРБИЕЛІК: Жан-жақтылыққа,ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың әдісі: Топқа бөлу..Топтастыру.Сәйкестендіру тесті.

Сабақтың түрі: Өзгерген сабақ.

Уақыты:

Сабақты ұйымдастыру.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс әрекеті

3-4мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,оқушыларды түгендеу.Оқушыларды топқа бөлу.

Сұрақтар арқылы топ басшысын анықтау.

  1. Жүректің салмағы

  2. Жүрек жұмысының 3 кезеңі

  3. Вена қан тамыры деп....

  4. Артериялық қан тамыр деп...

Оқушылар суреттер бойынша топқа бөлініп,орындарына барып отырады.

5мин

Үй тапсырмасын сұрау.

«Эссе» немесе «Еркін жазу» әдісі.

Оқушылар «Эссе» немесе «Еркін жазу» әдісі бойынша жауап береді.

7 мин

Жаңа тақырыпты ашу.

Қанеки оқушылар алғашқы көмек деп нені айтамыз? Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек. Аяқ-қол қан тамырлары зақымданған кезде жгутты пайдаланып көмек көрсету. Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек. Интербелсенді тақтадан бейне жазба көрсете отырып,жаңа тақырыпты ашу.

Оқушылар тақтадан алғашкы көмек көрсеу туралы жазбаны көре отырып,түсініктерін айтады.

6 мин

Ой толғау

Оқушыларға сұрақ беру.

1.Қан кетудің қандай түрлері бар және мұрыннан қан кеткендегі алғашқы көмек?2.Капилярлық қан кету және алғашқы көмек көрсету?

3.Веналық қан кету және алғашқы көмек көрсету?

4.Артериялық қан кету және алғашқы көмек көрсету?

Оқушылар постер арқылы тақырыпты қорғайды.

3 мин

Сергіту сәті.

Тақтадан сергіту сәтіне музыка жіберіледі.

Оқушылар бойларын сергітеді.Қимыл қозғалысқа келеді.

4 мин

Топтастыру

Бұл қандай жарақат түрі?

Оқушылар интер белсенді тақтадағы суреттерге қарай отыра жауап береді.

5 мин

Сәйкестендіру.

Сәйкестендіру кестесі

Веналық қан кету кезінде

Салынған уақытты жазып, қағазды қыстырып

Артериялық қан кету кезінде

Қою, қошқыл түсті болады

Капилярлық қан кету кезінде

Басты сәл көтеріп, отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек басады

Мұрыннан қан кету кезінде

Қан фонтан тәрізді атқылап ағуымен ерекшеленеді.

Жгутты артериялық кан кету кезінде пайдалану

Инфекция түспеуін қадағалау керек.

Оқушылар парақшадағы сұрақтарға сәйкестігінше жауаптарын тауып,жазады да түсіндіріп айтады.

4 мин

Тәжірибе

Тәжірибе түрінде көрсету

1 топ Капилярлық қан кетудегі алғашқы көмек

2 топ Веналық қан кету кезіндегі алғашқы көмек

3 топ Артериялық қан кету кезіндегі алғашқы көмек

4 топ Мұрыннан кан кету кезіндегі алғашқы көмек

Оқушылар берілген сетуациялар бойынша тәжірибе көрсетеді.

2 мин

Бағалау

Таратылып берілген бағалау бетшелері жиналып алынады.

Әрбір топ өздерінің бір-бірін қалай бағалағандарын айтып түсіндіреді.

4 мин

Бекіту.

Инсерт әдісі бойынша жүргізіледі.

Ақылдың алты қалпағы әдісі.

нді осы тақырыпты толық ашу үшін Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісін қолданамыз.
"Ойлаудың алты қалпағы" әдісі мынадай болады:
• Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
• Қызыл (от) - ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
• Қара (тұман) - негативті ойлау, мысалы: "бұл орындалмайды, себебі...."
• Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
• Жасыл (дала) - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды
Әр топ өзіне берілген тапсырмаға орай өзара ақылдасып, топтық жұмыс жасайды.
Топтық қорғау.
Топтар дайындалып болғасын, топтар өз жұмыстарын қорғауға көшті.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бетшеге жазып береді.

«ББҮ» сызба әдісі

1мин

Үй жұмысы.

Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек. Аяқ-қол қан тамырлары зақымданған кезде жгутты пайдаланып көмек көрсету. Мүрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.

Оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізеді.



© 2010-2022