Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе қаласы № 47 жалпы білім беретін орта мектебінің

Биология пәнінің мұғалімі: Құлжабаева Сандуғаш Нұрмұқанбетқызы

Сынып:6а;6ә

ТАҚЫРЫП

Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау.

МАҚСАТЫ

1. Ашық тұқымдылар бөлімін қорытындылау, жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Өз бетімен жұмыс істеуге, жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғауға тәрбиелеу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгере отырып, топта жұмыс жасай біледі, белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады. Тапсырмалар орындау нәтижесінде білім, білік дағдылары қалыптасады

КЕЗЕҢДЕРІ

РЕСУРСТАР

САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ

БАҒАЛАУ

Ұйымдастыру кезеңі(2 минут)

Биология оқулығы

Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады.

Үш шапалақ

Қызығушылық

ты ояту

(3 минут)

Биология анықтамалығы журналы


Үй тапсырмасын «сұрақ-жауап» арқылы тексеру.

1. Не себептен бөлім ашықтұқымдылар деп аталады? Ашық тұқымдылардың

тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасқандықтан, ашық тұқымды

өсімдіктер деп аталады.

2. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы қандай өсімдіктер?

Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің арлығы - сүректі өсімдіктер, яғни

ағаштар, бұталар.

3. Сүрек дегенді қалай түсінесіз? Сүрек деген ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі.

4. Ашық тұқымды өсімдіктерді сипаттап беріңіз. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі

жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Ағаш қыста қылқан жапырақтарынан айырылып, сидиып

тұрады.

5. Қылқан жапырақтылар класы деп неліктен аталады? Себебі, жапырақтары ине

тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады.

Мадақтау

Мағынаны тану

(15 минут



(5 минут)

Интернет желісі материалдары

Биология оқулығы

Жаңа тақырыпты суреттер арқылы ашу.

Қарағайлы орманды қорғау.

Шыршалы орманды қорғау. Жаңа жыл қарсаңында шыршалы орманда адамдар

шыршаны кесіп алып, сатады.

Аршалы орманды қорғау.

Балқарағайлы орманды қорғау.

Орманда адам баласы демалуға барып, өзінен кейін отырған орындарын жинамай,

шашып кетеді. Қоқыстарыс арнайы орындарға апармай, оларды отырған жерлерінде

немесе өзендерге лақытырып тастайды. Шылым шегіп, шылымдарын сөндірмеу

салдарынан орман өртке оралады. БАҚ көрсетіліп жүргендей адам баласының салдарынан

орман алқаптары қысқарып келеді. Жыл сайын орман алқаптарын қорғау шаралары

күшейтілгенмен, адам баласының жауапкершілігі артпай келеді.

Жатаған шыршасы,Шренк шыршасы екіүйлі өсімдікке жатады.

Бұл - теріскей, Күнгей және Іле Алатауында

сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта.

Жатаған шырша Қазақстанның Қызыл кітабына

тіркелген. Өте баяу өсетін тау өсімдігі.

Бұтақтары көлбей, жертағандап өсетіндіктен,

жатаған шыршасы деп аталады. Негізгі діңнің

жуандығы 15 см-ге дейін, кейде биіктігі 10м-ге

дейін жетеді. Қылқаны 4 қырлы. Тұқымы пісіп

жетіле алмайды. Сондықтан қалемше арқылы

өсімді жолмен көбейтіледі. Табиғатта 300

жылға дейін тіршілік етеді.

Кері байланыс

Рефлексия

(10 минут)

Оқушылар тақтаға шығып постер қорғайды.Жекпе-жекке шығып бір біріне сұрақтар қояды. Әр топқа берілген тапсырмаларды орндайды.

2-жұлдыз,

1-тілек.

Мұғалімнің бағалауы.

Қорытындылау

Үйге тапсырма: §41 оқу. «Егерде мен табиғат қорғау министрі болсам ...» деген тақырыпта эссе жазу.10 сұрақтан құралған тарау бойынша жабық тест құрастыру.









© 2010-2022