Тапқыр достар зияткерлік сайысы

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Қарашатау орта мектебі



















«Сүйіне білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр»

Жаратыстану ӘБ апталығы









«Тапқыр достар»

(биологиялық сайысы 6-7-сыныптар)



















Дайындаған: Киякбаева Г.А.

биология пәні мұғалімі



























2014-2015 оқу жылы

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өсімдіктер мен жануарлардың құрылысы, маңызы, ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Жер бетіндегі флора мен жаунаны қорғауға, ұқыптылыққа, ұжымдылыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Танымдық ойындар арқылы ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: сайыс сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Оқыту әдістері: түсіндірмелі, баяндау, сұрақ-жауап, интерактивті

Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан көрсетілген слайдтар

Сайыс шарты:

Ойын 6-7-сыныптарға арналған, 2 топ қатысады. Ойын 6 турдан тұрады. Тапсырмаларды орындауға 1 минут беріледі. Топтардың жинаған ұпайларын әділқазылар жазып отырады.

Сайыс жоспары:

1.Таныстыру.

2. Менен - сұрақ, сізден - жылдам жауап (топ басшысы 1 минутта 10 сұраққа жауап беру керек.)

3. «Ең, ең, ең...»

4. «Биология әлемі»

5.«Ойлан тап!»

6."Қара сандық құпиясы".

7. «Биологиялық эстафета»

Сайыс барысы:

-Қош келіпсіздер!

Біліміміз жетеді ойланайық,

Оқушыға осы сөз болады лайық,

Көтерейік достарым сынып көркін,

Көпшілікке көрінсек болмас айып, - деп сіздерді ойынға қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1-топ - Өсімдіктану _____________________________

2-топ - Жануартану _______________________________

Білімділер болады әркез алда,

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма.

«Менен - сұрақ, сізден - жылдам жауап» бөліміне кезек келді. Әр топ басшысы ортаға шығып, 1 минутта сұраққа кез , әрі дұрыс жауап беруі керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

6-сынып оқушыларынын құралған «Өсімдіктану» тобы.

  1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым? (ботаника)

  2. Ең күрделі ұлғайтқыш құрал (микроскоп)

  3. Жасушаны ашқан ғалым (Р.Гук)

  4. Тек өсімдік жасушасына тән денешік (пластид)

  5. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар (әкелі-балалы Янсендер)

  6. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)

  7. Жай жапырақтың тақта саны (біреу)

  8. Өсімдіктің көбею мүшелері (гүл, жеміс, тұқым)

  9. Жіпше мен тозаңқаптан тұрады (аталық)

  10. Жай шатырлы өсімдік (пияз)

7-сынып оқушыларынан құралған «Жануартану» тобы.

  1. Денесі бір ғана жасушадан тұратын ағзалар (біржасушалылар)

  2. Өсімдік пен жануардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жануар (жасыл эвглена)

  3. Денесінде бақалшағы болатын амеба (арцелла)

  4. Қосжынысты (гермафродит)

  5. Жұмыртқадағы дернәсіл (планула)

  6. Паразит құрттарды зерттейді (гельминтология)

  7. Тыныс алу, қан тарату жүйесі жоқ (Жұмыр құрттарда)

  8. Буылттық құрт өкілі (Шұбалшаң, сүлік, нереида)

  9. Басаяқты ұлу (Каракатица)

  10. Жасуныққа ұқсас ағзалық зат (хитин)

3-кезең «Ең, ең, ең...». Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

І топ.

  1. Ең ұсақ гүл - Вольфия

  2. Ең биік ағаш - Эвкалипт

  3. Ең ұзын жапырақ - Цейлон пальмасы

  4. Ең ірі гүл - Арнольда Раффлезия

  5. Ең ауыр тұқым - Какао пальмасы

  6. Ең жуан ағаш - Баобаб

  7. Ең тез өсетін шөп - Бамбук

  8. Ең қысқа өсімдік - балық өт

ІІ топ.

  1. Ең алып жануар - Африка пілі, көк кит

  2. Ең кішкене құс - Колибри

  3. Ең улы жылан - Патша кобрасы

  4. Ең ұзын жануар - Керік

  5. Ең биік секіретін жәндік - Бүрге

  6. Ең жылдам ұшатын жәндік - Инелік

  7. Ең суыққа төзімді құс - Пингвин

  8. Ең ірі құс - Түйеқұс

4-кезең. «Биология әлемі». Берілген сандарда сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауап берген топқа сол ұпай қосылады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап бере алады.

Тапқыр достар зияткерлік сайысы

5-кезең.«Ойлан тап!» Бұл кезеңде әр топқа 3 тапсырмадан беріледі. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап бере алмаса, келесі топ жауап бере алады.

Тапқыр достар зияткерлік сайысы

6-кезең. "Қара сандық құпиясы". Дұрыс жауапқа 5 ұпай. Жауап бере алмаса қарсылас топ жауап бере алады.

(2 қара сандық әкелінеді. Бірінің ішіне қырықжапырақтың кеппешөбі, екіншісінің ішінде лавр жапырағы салынған.)

7-кезең.«Биологиялық эстафета»кезеңінде бірінші топ бір өсімдіктің атын атаса, екінші топ соңғы әріпке қарап сол әріптен басталатын жануар атын айту керек. Мысалы; алма - амеба - алмұрт - тышқан, т.б.

Сайыс соңында әр топтың жинаған ұпайлары саналып, жеңімпаз атанған топ марапатталады.



© 2010-2022