Поурочный план по биологии 8 класс

Сабақтың тақырыбы: Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена, осы салалардың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі , салауатты өмір салты туралы білім беру. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау, түсініп оқу, ойлау, есте сақтау қаблеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларға анатомия, физиология, гигиена ғылымдары туралы білім бере отырып,өз денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсау...
Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҮІІІ сынып

Сабақтың тақырыбы: Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена, осы салалардың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі , салауатты өмір салты туралы

білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау, түсініп оқу, ойлау, есте сақтау қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға анатомия, физиология, гигиена ғылымдары туралы білім бере отырып,өз денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін адам организмінің қызметін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар туралы білуге, саналылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сұрақ-жауап, баяндау, іздену, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар , суреттер, сызбалар

Сабақтың барысы. I- Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Шаттық шеңбері: Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.

ІІІ. Өткенді қайталау А) "Ғажайып ондық"

  1. Жануарларды зерттейтін ғылым: Зоология

  2. Жалғанаяқтылар класының өкілі. Қарапайым амеба

  3. Терең суда еркін жүзіп тіршілік ететін ішекқуысты жәндік. Медуза.

  4. Кене қай кластың өкілі. Өрмекшітәрізділер.

  5. Жорғалаушылардың зәр шығару мүшесі-Бүйрек

  6. Денесі буылтықтарға бөлінбеген құрттар:Жұмыр құрттар

  7. Өзен шаянның қорғаныш және қорегін аулайтын мүшесі:қысқыштары

  8. Жүрегі екі бөлімді, қанайналымы бір шеңберлі -Балық

  9. Жыныссыз жолмен көбейетін көпжасушалы -Гидра

  10. Иттің бел омыртқаларының саны -6

В) Зоология ғылымдарын тап.

  • Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы:Ихтиология

  • Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы-Орнитология

  • Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы:Гельминтология.

  • Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласы -Маммалогия

  • Зоология ғылымының жорғалаушыларды зерттейтін саласы- Герпетология

  • Зоология ғылымының бунақденелерді зерттейтін саласы- Энтомология

ІҮ. Жаңа тақырып. Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена.

Денсулық дегеніміз .......................

Адам биологиясы...........................

Адам анатомиясы...........................

Адам физиологиясы.......................

Гигиена...........................................

Гиппократ (ж.с.д. (жыл санауға дейінгі) шамамен 460-370) - көне Грецияда медицина саласын жан-жакты зерттеген ғалым Гиппократ - анатомия ғылымының дамуына кезінде үлкен үлес қосқан ғалым.

Клавдий Гален - Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген.

Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсакты 150-ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға қатысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.

Тәжік дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бұл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта басылып шыққан.

Андреас (Андрас) Везалий - ғылыми анатомияның негізін салған ғалым,

Уильям Гарвей - ағылшын дәрігері, анатом. Қанайналымның тұйык екенін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын ашқан ғалым. Ол физиология ғылымының негізін салушы ғалым.

Иван Михайлович Сеченовты физиологияның атасы деп санайды. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін ашқан. 1863 жылы «Ми рефлекстері» еңбегін жарыққа шығарды.

Атақты ғалым-биолог, Нобель сыйлығының лауреаты Илья Ильич Мечников лейкоциттердің (қан жасушасы) бөгде заттарды сіңіріп қорытуын фагоцитоз деп атады..

Иван Петрович Павлов физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығы берілген.

Халел Досмұхамедов - ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар ұлы. Аз жасаса да, артына біршама еңбек жазып қалдырып үлгерген ғалым. 1920 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағын алған. X. Досмұхамедовтың әсіресе әр мүшенің тазалығын (гигиенасын) сақтау үшін айтқан өсиеттері өз алдына бір төбе. Соның кейбіреулерінен үзіндісін ғана келтіре кетейік.

  1. «Құлағың сау болсын десең... - құлағыңның құрылысы мен қызметін біл; құлағыңа ұрғызба, айқайлатпа, шыңғыртпа, өзің де орында; құлағыңа еш уақытта еш нәрсе тықпа; құлағыңның ішін, сыртын таза ұста...»

  2. «Мұрның сау болсын десең... - мұрныңды әрдайым таза ұста; аузыңның тамақ жеп, сөйлеу үшін, мұрныңның тыныс алу, иіскеу үшін жаралғанын ұмытпа!»

  3. «Тынысың сау болсын десең... - дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын; үйдің ішінде еденге, қабырғаға, мұрын орамалға қақырма, түкірме; киім, төсегіңді үйде қақпа; гулеген желден сақтан!»

  4. «Көзің сау болсын десең... - ымыртта, ала көлеңкеде, жарық нашар түскенде жазба, оқыма, үй жұмысын жасама; жазғанда қою сиямен анық көрінетін сызықтың үстінен жаз; бөгде адамның сүлгісімен, бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе».

Бұл ережелер осыдан 78 жыл бұрын жазылса да осы күнге дейін құндылығын жоймай қолданылып келеді.

ІІІ. Бекіту тапсырмалары: Сұрақтарға жауап: 7 бет. 1-7 сұрақтар.

А) Семантикалық карта

Әбу әли ибн Сина

Н.И. Пирогов

К. Гален

И.М.Сеченов

Гиппократ

И.И.Мечников

Мидың қызметін дұрыс анықтады.

\

«Дәрігерлік ғылымның ережелері» еңб жазды

\


Медицина атасы


\

«Типогрфиялық анатомия» еңб жазды

\


«Ми рефлекстері»

\

Фагоцитоз құбылысын ашты


\

В) Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар.

Ғылым атауы

Нені зерттейді?

Анатомия

Физиология

Гигиена

870-950

1883

800

1922

160С) Сандар сөйлейді.

Жауабы:

  1. Әл Фарабидың ғылыми еңбегінің саны

  2. Х. Досмұхамедов «Адам анатомиясы мен физиологиясы» оқулығын жарыққа шығарды.

  3. Леонардо да Винчи сүйек, бұлшық ет, жүрек , басқа да мұшелердің суретін салды.

  4. Х. Досмұхамедовтың туған жылы

  5. Әбу насыр әл Фарабидың өмір сүрген жылдары.

ІҮ. Үйге тапсырма. : Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена.

Мен салауатты өмір салтын қолдаймын. Эссе

Ү. Бағалау.


© 2010-2022