Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі

Бейімделушілік-адаптация- тірі организмдердің тіршілік ету ортасына түрліше бейімделуінің пайда болуына негізгі себебі-табиғи сұрыпталу.Бейімделушілік дайын күйінде бірден пайда болмайды,ұзақ жылдар бойы қалыптасады. Бүркеніш рең-жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін ағзалардың жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік. Сақтандырушы рең-әсіресе улы,шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән.Реңдері бірден көзге түсетін,есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология пәнінен сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі.

Сабақ мақсаты: Бейімделушілік және оның түрлері мен пайда болуын түсіндіру.

Білімділілік : Эволюция, оның бағыттары, ерекшеліктері, бейімделушілік және оның нәтижелері туралы түсінік қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Дамытушылық: Негізгілерін бөліп көрсетіп, оқулық мәтінімен жұмыс істеу іскерлігін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелілік: Бейімделушілік туралы түсіндіре отырып, тірі ағзаларға тән ерекшеліктерді сипаттай білуге үйрету .

Құрал-жабдықтар:тақта(маркерлік,интерактивті),үлестірмелер,кестелер-сызбалар,презентация,видео.

Сабақ түрі:аралас сабақ

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І.Үйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Сабақа назарын аудару.

Сабақтың тақырыбын айту

Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

ІІ.Өтілген тақырыпқа шолу:тапсырманың орындалуын түсіндіру және дұрыс орындалуын қадағалау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

Бейімделушілік дегеніміз не?

Бейімделушіліктің түрлерін айтып шығу.

Бүркеңіш реңнің түрлер сипаиын оқушылырды топтарға бөлу және тапсырмаларды тарату.Тапсырмаларда бүркеніш реңнің түрін бейнелеп беру керек.

Тақырыптың қорытындысын шығару

ІҮ.Бекіту кезеңі.

Тапсырмалардың орындалуын және олардың дұрыстығын қадағалау.

Сабаққа дайындалу

Сәлемдесу

Сабақтың тақырыбын жазып алу


Тақтаның алдыңда тапсырманы орындап шығу.

Бүркеңіш реңнің түрлерін бейнелеп беру.


Тақырыптың қорытындысын шығару

Тақырып барысында кездескен терминдерді және олардың анықтамасын жазу.

Тапсырмаларды орындау.

ІІ.Өтілген тақырыпқа шолу:

Берілген сұрақтарды түсініп оқып,сұрыптаудың қай түріне жатанының әрқайсысының тұсындағы төркөздің ішіне бас әрпін қою арқылы жауап қайырыңдар. «Т»-табиғи сұрыпталу, «Қ»-қолдан сұрыптау.

  1. Сұрыптау кезінде организмдегі белгілердің төзімділігі арттырады. 

  2. Жаңадан пайда болған белгілер организм үшін пайдалы. 

  3. Адам егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастаған соң қолға алынды. 

  4. Нәтижесінде жаңа түр түзіледі. 

  5. Нәтижесінде қолтұқымдар мен іріктемелер алынады. 

  6. Жүруі білінбейді,көзге көрінбейді. 

  7. Қажетті деп тапқан белгініөзгерту үшін жоспар құрады. 

  8. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз,үзіліссіз жүріп отырады. 

  9. Пайда болған белгілер организмге пайдалы. 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

Бейімделушілік-адаптация- тірі организмдердің тіршілік ету ортасына түрліше бейімделуінің пайда болуына негізгі себебі-табиғи сұрыпталу.Бейімделушілік дайын күйінде бірден пайда болмайды,ұзақ жылдар бойы қалыптасады.

Бүркеніш рең-жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін ағзалардың жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік.

Сақтандырушы рең-әсіресе улы,шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән.Реңдері бірден көзге түсетін,есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы.Сақтандырушы рең жыртқыштардың қорқыту үшін жасалған мінез-қылығымен үйлесімді әрекет жасайды.

Қызықтырушы рең-бұл рең әсіресе көбейер кезде пайдалы.Жайшылықта реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып, жауына байқалмайды.

Қауіп төндіруші рең-кейбір жануарлар қауіп төнген кезде айбар шегіп, денесін әр түрлі пішінге келтіре алады.

Еліктеуші рең-(мимикрия;грекше «mimikos» -еліктегіш) - өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттың белгілі бір өлі затына және тірі организмдерге еліктеуі.

Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі.

Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі.

Қорытынды:

  1. Организмдердің тіршілік ортасына түрліше бейімделуіне негізгі себепші - сұрыпталу.

  2. Бүркеніш рең - ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажетті бейімделушілік.

  3. Сақтандырғыш рең - улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән бүркеніш реңнің түрі.

  4. Қызықтырушы рең - организмдердің көбею кезіндегі бүркеніш реңнің түрі.

  5. Қауіп төндіруші рең - жауынан қорғану үшін айбар шегіп құтылу тәсілі.

  6. Табиғаттың өлі заттарына және тірі организмдеріне еліктеу - өздігінен қорғана алмайтын, баяу қозғалатын дәрменсіз организмдердің бейімделушілігі.

ІҮ.Бекіту кезеңі.А)Әңгімелеу

В)Негізгі мағлұматтарды талдау,анализдеу,анықтаманы жазу

С)Тақырып соңындағы сұрақ пен тапсырмаларды орындау

Келтірілген мысалдар бүркеніш реңнің қай түріне жататынын әрқайсысының тұсындағы торкөзге бас әріппен белгілеңдер.

«СҚ» - сақтандырғыш; «ҚЗ» - қызықтырғыш; «ҚТ» - қауіп төндіруші; «ЕК» - еліктеуші.

  1. Ханқыз қоңызы 

  2. Орденді көбелек 

  3. Қарақоңыз (жағымсыз иісті) 

  4. Атбас балық

  5. Непентес (жәндікқоректі өсімдік) 

  6. Оқпан

  7. Қырғауылдың қоразы

  8. Дәуіт

Ү.Үйге тапсырма беру.




«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Биология пәнінің мұғалімі: Рысбаева Г.







Биология пәнінен сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:Түйсік-сезімдік бейімделу

Сабақ мақсаты: Түйсік-сезімдік бейімделуінің пайда болу,қалыптасуы туралы түсінік беру.

Сабақ міндеттері:

Білімділілік : Түйсік-сезімдік бейімделу туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Өзінің және жолдастарының білімін өздігінен бағалау дағдысын дамытуды қамтамасыз ету.

Тәрбиелілік: Ғылыми мағлұматтарды өздігінен ізденіп, меңгеруге талпынуға баулу.

Құрал-жабдықтар:тақта(маркерлік,интерактивті),үлестірмелер,кестелер-сызбалар,презентация,видео.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І.Үйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Сабақа назарын аудару.

Сабақтың тақырыбын айту

Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

ІІ.Өтілген тақырыпқа шолу:тапсырманың орындалуын түсіндіру және дұрыс орындалуын қадағалау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

Тақырыпты түсіндіру

Тақырыптың қорытындысын шығару

ІҮ.Бекіту кезеңі.

Тапсырмалардың орындалуын және олардың дұрыстығын қадағалау.

Сабаққа дайындалу

Сәлемдесу

Сабақтың тақырыбын жазып алу


тапсырманы орындап шығу.

Тақырыптағы терминдерді жазып шығу

Тақырыптың қорытындысын шығару

Тапсырмаларды орындау.

ІІ.Өтілген тақырыпқа шолу:

  1. Организнің қандай белгілері арқылы бейімделушілікке ыңғайланады?

  2. Бейімделушіліктер қалай пайда болады?

  3. Бүркеніш реңнің түрлерін атаңдар.

  4. Сақтаңдырғыш реңді мысалдармен дәлелдеңдер.

  5. Еліктеуші рең қандай организмдерге тән?

  6. Қызықтырушы рең мысалдары,бұл рең қай кезде пайдалы?

  7. Өсімдіктердегі еліктеуші реңнің мысалдары қандай?

Қорытынды:

  1. Организмдердің тіршілік ортасына түрліше бейімделуіне негізгі себепші - сұрыпталу.

  2. Бүркеніш рең - ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажетті бейімделушілік.

  3. Сақтандырғыш рең - улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән бүркеніш реңнің түрі.

  4. Қызықтырушы рең - организмдердің көбею кезіндегі бүркеніш реңнің түрі.

  5. Қауіп төндіруші рең - жауынан қорғану үшін айбар шегіп құтылу тәсілі.

  6. Табиғаттың өлі заттарына және тірі организмдеріне еліктеу - өздігінен қорғана алмайтын, баяу қозғалатын дәрменсіз организмдердің бейімделушілігі

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

Ұрпағына қамқорлық-жануарлардың ортасында ұрпақтарын жауынан қорғау үшін әр-түрлі бейімделушілік белгілер қалыптасады.

Физиологиялық бейімделу-бейімделушіліктердің барлығы тек физиологиялық бейімделішілікпен үйлескенде ғана тіршілік үшін күресте жеңске жетеді.

Бейімделушіліктің салыстырмалы сипаты-организмдердің орта жағдайына бейімделушілігі ұзақ жылдар бойы тарихи даму процесінде қалыптасты.Бірақ табиғатта тіршілік жағдайларына мүлдем бейімделген түрлер жоқ , бейімделушіліктің барлығы тек салыстырмалы.Егер тіршілік еткен орта жағдайы өзгере қалса бейімделушілік организмді құтқара алмайды.

ІҮ.Бекіту кезеңі А)Әңгімелеу

В)Негізгі мағлұматтарды талдау,анализдеу,анықтаманы жазу

С)Тақырып соңындағы сұрақ пен тапсырмаларды орындау,кесте толтыру.

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Биология пәнінің мұғалімі: Рысбаева Г.



© 2010-2022