8 сынып бойынша биология пәнінен тест жинағы

Раздел Биология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл орта мектебі



Биология оқулығының параграфтары бойынша қайталауға

арналған тест сұрақтары

8 сынып


Дайындаған: Бақтыкереева Нұргүл Рысқұлқызы

Биология және химия пәні мұғалімі





Анатомия § 1-15

1.Қалыпты анатомия, топографиялық және патологиялық анатомия кіреді

А)адам физиологиясына

В)адам анатомиясына

С)адам гигиенасына

Д)гистологияға

Е)цитологияға

2. Ұлпаны зерттейтін ғылым

А)эмбриология

В)цитология

С)гистология

Д)анатомия

Е)патология

3. Темперамент пен дене құрылысының төрт типі туралы ілімді тұжырымдады

А)Гиппократ

В)Клавдий Гален

С)Әбу Насыр әл-Фараби

Д)Әбу Әли ибн Смна

Е)Андрес Везалий

4. Қазіргі заманғы физиологияның негізін салушы

А)Андрес Везалий

В)Уильям Гарвей

С)Н.И.Пирогов

Д)И.М.Сеченов

Е)И.И.Мечников

5. «Топографиялық анатомия» атты еңбектің авторы

А)Уильям Гарвей

В)Леонардо до Винчи

С)Андрес Везалий

Д)И.И.Мечников

Е)Н.И.Пирогов

6. 1922 жылы «Адам анатомиясы мен физиологиясы» оқулығын қазақ тілінде жазды

А)И.П.Павлов

В)Х.Досмұхамедов

С)Ж.Күдерин

Д)С.Шаймерденов

Е)М.Әуезов

7. Адамның қан айналым жүйесі

А)ашық

В) тұйық

С)аралас

Д)бір шеңберлі

Е) шеңберлі емес

8. Қазіргі кезде сақталса да, өз мәнін жойған мүшелер

А)атавизм

В)рудимент

С)гомологиялық мүшелер

Д)аналогиялық мүшелер

Е)ұқсас мүшелер

9. Өте сирек қайталанатын, арғы тегімізге тән белгілер

А)рудимент

В)атавизм

С)регенерация

Д)дивергенция

Е)комменсализм

10. Рибосомаларды түзеді

А)ядро

В)ядро шырыны

С)ядрошық

Д)ядролық жарғақша

Е)ядродағы ДНҚ

11. Түйіршікті эндоплазмалық торда синтезделеді

А)нәруыздар

В)майлар

С)көмірсулар

Д)крахмал

Е)гликоген

12. Жай заттардан адам организміне тән органикалық заттардың түзілуі

А)энергетикалық алмасу

В)пластикалық алмасу

С)тітіркену

Д)даму

Е)өсу

13. Сыртқы секреция бездерінен түзіледі

А)секрет

В)гормон

С)тер

Д)су

Е)сілекей

14. Нейроглия

А)жүйке жасушасы

В)жүйке жүйесі

С)жүйке ұлпасы

Д)қосалқы жасуша

Е)нейрон

15. Гипофиздің массасы

А)15-30г

В)0,5-0,7 г

С)0,1-0,13 г

Д)0,15-0,20 мг

Е)1-2 г

16. Адамның бойы неше жасқа дейін өседі

А)15-16

В)16-20

С)18-23

Д)15-25

Е)20-27

17. Қандағы фосфор мен кальций тұздарының мөлшерін реттейді

А)қалқанша без

В)қалқаншамаңы бездері

С)бүйрек үсті безі

Д)тимус безі

Е)ұйқы безі

18. Гликогенді ыдыратып, қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарылатады

А)инсулин

В)адреналин

С)тимозин

Д)паратгормон

Е)глюкагон

19. Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталған ұшы

А)рефлекс

В)рецептор

С)аксон

Д)синапс

Е)ток

20. Жүйке импульсі өтетін жол

А)рецептор

В)жүйке жүйесі

С)рефлекс

Д)рефлекс доғасы

Е)сезгіш нейрон

21. Қимыл-қозғалыс талшықтары

А)жұлынның артқы тамыршалары

В)алдыңғы тамыршалары

С)сұр зат

Д)ақ зат

Е)жүйке түйіндері

22. Жүйке импульстері миға бағытталады

А)жұлынның ақ затымен

В)сұр затымен

С)атқарушы нейрондармен

Д)қозғаушы нейрондармен

Е)аралас жүйкелермен

23. Жүректің электр тоғын жазып алуды ұсынды

А)Э.Бетховен

В)В.Эйнтховен

С)Ч.Дарвин

Д)И.И.Мечников

Е)И.П.Павлов

24. Адамның еркіне бағынбайды

А)көлденең жолақты бұлшық ет

В)бірыңғай салалы бұлшық ет

С)жүйке ұлпасы

Д)сүйектердің жұмысы

Е)мимикалық бұлшық ет

25. Көкеттің маңызды қимыл орталығы жұлынның

А)сегізкөз бөлімінде

В)бел бөлігінде

С)кеуде бөлігінде

Д)мойын бөлігінде

Е)құйымшақ бөлігінде орналасқан.

Анатомия 2 (§16-28)

1.Ми діңіне кіреді

А)улкен ми сыңарлары

В)аралық,ортаңғы ми

С)сопақша,көпір,аралық,ортаңғы

Д)мишық, ортаңғы

Е)сопақша, мишық

2. Жөтелу, түшкіру,сору,жұту әрекеттерін басқарады

А)аралық ми

В)ортаңғы ми

С)сопақша ми

Д)үлкен ми сыңарлары

Е)мишық

3. Дененің тұрақты температурасын,зат алмасуды реттейді

А) сопақша ми

В)үлкен ми сыңарлары

С)мишық

Д)аралық ми

Е)ортаңғы ми

4. Әрбір ми сыңары жүлгелермен қандай бөліктерге бөлінген

А)самай.шүйде,жақ,бет

В)маңдай,шүйде,самай,төбе

С)төбе,маңдай, самай

Д)бет,ми

Е)қарақұс, самай

5. Симпатикалық жүйке жүйесінің нейрондары қайда орналасқан

А)мида

В)теріде

С)жұлында

Д)сопақша мида

Е)ортаңғы мида

6. Көз қарашығының жарыққа байланысты үлкейіп,кішіреюі аталады

А)амнезия

В)аллергия

С)адаптация

Д)аккомадация

Е)ассимиляция

7. Соқыр дақ

А)тор қабықтағы құтышалар

В)торлы қабықтағы таяқшалар

С)көзбұршақтың өзгерісі

Д)тор қабықтағы көру жүйкесі шығатын жер

Е)қарашыққа қарсы жиналған құтышалар

8. Көздің ішкі бөлігі толтырылған

А)сулы ылғалмен

В)шыны тәрізді денемен

С)сумен

Д)жаспен

Е)іркілдек сұйықтықпен

9. Жарық сәулесін фокустайды

А)қарашық

В)көзбұршақ

С)шыны тәрізді дене

Д)көзді қимылдататын бұлшық ет

Е)ақ қабық

10. Алыстан көрмеушілік

А)қырақтылық

В)сығырлық

С)көз жітілігі

Д)дальтонизм

Е)ақшам соқыр

11. Кітапты көзден қандай қашықтықта оқу керек

А)5 см

В)25-30 см

С)15-20 см

Д)40 см

Е)33-35 см

12. Кітапты көлікте оқудың әсері

А)қарашықтың жарықты шағылыстыру шамасы өзгереді

В)рецепторларды тітіркендіреді

С)коньюнктивит ауруы пайда болады

Д)көруге әсер етпейді

Е)жақыннан көргіштік пайда болады

13. Децибел

А)көруді өлшейтін құрал

В)көздің көргіштік дәрежесі

С)дыбыс қаттылығын өлшейтін шама

Д)дыбыс толқыны

Е)есту мүшесінің бөлігі

14. Ауруды сезетін рецептор

А)проприорецептор

В)статолит

С)ноцицептор

Д)хеморецептор

Е)бұлшық ет сезімі

15. Бүйрек үсті безінің салмағы

А)0,12-0,15 г

В)15-20 г

С)12 г

Д)15 г

Е)32 г

16. Сүйектің химиялық құрамы

А)60 % су,30% органикалық, 10%бейорганикалық зат

В) 60 % бейорганикалық,30% органикалық, 10% су

С) 30% бейорганикалық, 10% органикалық зат

Д)40% кальций, 60% фосфор

Е)60% фосфор, 40% кальций

17. Буын қалташығының қабынып, шеміршектің өзгеріп ауруы

А)құздама(ревматизм)

В)артроз

С)мешел

Д)цитиноз

Е)сколиоз

18. Сүйек,тері,бұлшық ет және қан тамырларының зақымданып сынуы

А)сыну

В)ашық сынық

С)жабық сынық

Д)буынның таюы

Е)қан кету

19. Адамда қанша бұлшық ет бар

А)550

В)600

С)670

Д)500

Е)450

20. Омыртқа жотасының астыңғы терең қабатында

А)ұзын және жіңішке бұлшық еттер

В)жалпақ бұлшық еттер

С)қысқа және жуан бұлшық еттер

Д)бірыңғай салалы бұлшық еттер

Е)ұзын бқлшық еттер

21. Ата-анасы туыс адамдар болса, баласы мына ауруға ұшырайды

А) мешел

В)цитиноз

С)сколиоз

Д)бүкірлік

Е)алыптық

22. Сүйек құрамында минералды заттың жетіспеуі

А)сүйекті сынғыш етеді

В)майысқақ етеді

С)ұзарып өсуін тежейді

Д)жуандап өсуін тежейді

Е)әсері жоқ

23. Қол,иық,аяқ белдеулерінің сүйектері

А)жартылай қозғалмалы

В)қозғалмайтын

С)буын арқылы байланысқан

Д)тікелей байланысқан

Е)шеміршек арқылы қозғалмайтын болып байланысқан

24. Адам қаңқасында неше буын бар

А)600

В)200

С)230

Д)250

Е)360

25. Тірек-қимыл жүйесінің ауруларын зерттейтін және емдейтін медицина саласы

А)хирургия

В)травмотология

С)стомотология

Д)неврология

Е)ортопедия

Анатомия 3 ( §29-43)

1.Қан неше секундта организмді бір рет айналып шығады

А)25

В)24

С)23

Д)26

Е)27

2. Қан плазмасының құрамындағы нәруыз мөлшері

А)90-92%

В)8-10%

С)10-15%

Д)7-8%

Е)2-3%

3. Қанның қызыл түсті пигменті

А)фибрин

В)фибриноген

С)гемоглобин

Д)эритроцит

е)лейкоцит

4. Организмді бактериялардан қорғауға қатысады

А)альбуминдер

В)глобулиндер

С)фибриноген

Д)тромбоцит

Е)ядро

5. Адам организміндегі барлық эритроцит саны

А)4,5-5 млн

В)6-8 мың

С)250-400 мың

Д)175 мың

Е)25 трлн

6. Ағзаның қорғану реакциясы

А)фагоцитоз

В)митоз

С)амитоз

Д)тромб

Е)лейкоз

7. Адамда қанша лимфа түйіні бар

А)200

В)360

С)400

Д)500

Е)600

8.Кеуде қуысының жоғары сол жақ бөлігіндегі сыңар мүше

А)бауыр

В)көкбауыр

С)жүрек

Д)қарын

Е)ұйқы безі

9. Шешекке қарсы егуді алғаш қолданған ғалым

А)И.И.Мечников

В)Роберт Галло

С)Люк Монтанье

Д)Луи Пастер

Е)Эдуард Дженнер

10. Реципиент

А)қан беретін адам

В)қан өлшейтін адам

С)қанды қабылдаушы адам

Д)қан құрамын өлшейтін құрал

Е)қан құрамындағы зат

11. Аглютинация

А)лейкоциттердің микробты өлтіруі

В)эритроциттердің жабысып қалуы

С)аглютининдер

Д)лимфоциттердің әрекеті

Е)резус-фактор

12. Адам жүрегінің жүрекшелері мен қарыншалары қалай байланысқан

А)қақпақшалармен

В)екі жақтаулы қақпақшамен

С)үш жақтаулы қақпақшамен

Д)айшықты қақпақшамен

Е)қалта тәрізді қақпақшамен

13. Жүрек сыртын қаптаған жұқа қабық

А)эпикард

В)миокард

С)эндокард

Д)перикард

Е)аорта

14. Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады

А)1

В)2

С)3

Д)4

Е)5

15. Жүрек жұмысы реттеледі

А)жүйкелік жолмен

В)гуморалды жолмен

С)нейрогуморалды жолмен

Д)өздігінен

Е)тек қана ми арқылы

16. Қанның ең төменгі қысымы

А)қолқада

В)артерияда

С)венада

Д)капиллярда

Е)жүректе

17. Оттекті көп мөлшерде қажет ететін мүше

А)өкпе

В)тамырлар

С)бүйрек

Д)жүрек

Е)бауыр

18. Жарты ай тәрізді қақпақшалар бар

А)артерияда

В)венада

С)капиллярда

Д)аортада

Е)жүректе

19. Қан қысымының төмендеуі

А)гипертония

В)гипотония

С)тахикардия

Д)инфаркт

Е)инсульт

20. Ауа кеңсіріктен қайда өтеді

А)кеңірдекке

В)көмекейге

С)мұрын қуысына

Дөкпеге

Е)бронхыларға

21. Дем шығарғандағы ауаның құрамы

А)16% оттек, 4,0% көмірқышқыл газы,79% азот

В)21%оттек, 0,03% көмірқышқыл газы,78%азот

С)19% оттек, 1,0% көмірқышқыл газы,79% азот

Д) 20% оттек, 2,0% көмірқышқыл газы,79% азот

Е) 15% оттек, 3,0% көмірқышқыл газы,82% азот

22. Өкпенің тіршілік сиымдылығы

А)1500мл

В)500мл

С)2000мл

Д)3500мл

Е)2500мл

23. Қалдық ауа сыйымдылығы

А)қалыпты дем алғаннан кейіегі ауа

В)терең дем алғаннан кейінгі өкпедегі қалдық ауа

С)1500мл

Д)3500 мл

Е)500мл

24. Тыныс алу орталығы қай мида орналасқан

А)алдыңғы мида

В)мишықта

С)ортаңғы мида

Д)аралық мида

Е)сопақша мида

25. Қазақстанның климаттық жағдайындағы тұмау түрі

А)тропикалық тұмау

В)атрофиялық тұмау

С)құрғақ тұмау

д)туберкулез

е)грипп

Анатомия 4(§ 44-56)

1. Өзгеріссіз қанға сіңеді

А)майлар

В)көмірсулар

С)нәруыз

Д)минералды тұздар мен су

Е)су мен май

2. Нәруыздың тәуліктік қажеттілігі

А)70-110 г

В)100г

С)400-500г

Д)1-1,25 г

Е)1 кг

3. Тәулігіне қажетті тұз мөлшері

А)2-3г

В)3-4 г

С)4-5г

Д)5-6 г

Е)6-7 г

4. Өңештің ұзындығы

А)15 см

В)20 см

С)25 см

Д30см

Е)35см

5. Сілекей бөлу орталығы қай мида орналасқан

А)ортаңғы ми

В)аралық ми

С)сопақша ми

Д)үлкен ми сыңарлары

Е)мишық

6. Сілекей құрамындағы зарарсыздандыратын зат

А)муцин

В)лизоцим

С)птиалин

Д)мальтаза

Е)липаза

7. Ас қорыту мүшелерінің ішкі кілегейлі қабығындағы өзгерісті зерттеуде қолданылатын әдіс

А)эндокринология

В)электрография

С)эндоскопия

Д)эмбриология

Е)электрокардиография

8. Тамақ ішуден бұрын бөлінетін сөл

А)тәбет ашатын сөл

В)күрделі рефлекстік сөл

С)шартты рефлекс

Д)шартсыз рефлекс

Е)ас қорытатын сөл

9. Жақасты сілекей безінің салмағы

А)20-30г

В)14-15г

С)5 г

Д)7-8 г

Е)40г

10. Шықшыт сілекей бездерінің ісініп,жақпен тұтасып кетуі

А)гангрена

В)аппендикс

С)ангина

Д)паротит

Е)скарлатина

11. Ересек адамда күніне қарын сөлі бөлінеді

А)1 литр

В)2 Л

С)0,5Л

Д)0,7Л

Е)2,5 Л

12. Майларды ыдыратады

А)пепсин

В)лизоцим

С)муцин

Д)липаза

Е)сахараза

13. Көмірсулар қарқынды сініріледі

А)тоқ ішекте

В)тік ішекте

С)аш ішектің ортаңғы бөлігінде

Д)ішектің жоғарғы бөлігінде

Е)ұлтабарда

14. Ересек адамда тәулігіне бөлінетін өт мөлшері

А)0,1-0,5л

В)0,5-1 л

С)1-1,5л

Д)200 мл

Е)340 мл

15. Ұйқы безінен бөлінетін сөл

А)адреналин

В)инсулин

С)паратгормон

Д)тимозин

Е)панкреатин

16. Энергетикалық алмасу басым болады

А)жас кезде

В)қартайған кезде

С)балалық шақта

Д)ұрықта

Е)аналық организмдерде

17. Адамда қорға жиналмайды

А)нәруыздар

В)майлар

С)көмірсулар

Д)нуклейн қышқылдары

Е)қоректік заттар

18. Қоректік заттардың сіңірілуі

А)диссимиляция

В)ассимиляция

С)энергетикалық алмасу

Д)анаболизм

Е)метаболизм

19. Жүрек жұмысы өзгеріп, ауру пайда болады

А)натрий

В)йод

С)калий

Д)кальций

Е)магний

20. Жүрек-қан тамырларының жұмысына әсер етеді

А)В1 витамині

В)В6 витамині

С)В12 витамині

Д)В15витамині

Е)В витамині

21. Бүйректе түзілетін екінші реттік зәрдің мөлшері

А)150-170 л

В)1,5-2 л

С)1,5л

Д)2,5-3л

0,5-1л

22. Бүйрек орналасады

А)4-5 бел омыртқа тұсында

В)1-2 бел омыртқаның екі жағында

С)3-4 бел омыртқада

Д)сегізкөз бөлімінде

Е)12 арқа омыртқа тұсында

23. Зәрдің сарғыш түсті болуы байланысты

А)меланин пигментінен

В)каротин пигментінен

С)миозин нәруызына

Д)урохром пигментіне

Е)хромопластқа

24. Дерманың қалыңдығы

А)4 мм

В)1-2,5 мм

С)5-6 мм

Д)10 мм

Е)0,1-0,2 мм

25. Үсіген кезде көрсетілетін жәрдем

А)қармен ысқылайды

В)жылы сумен жуады

С)салқын сусын береді

Д)қатты матамен ысқылайды

Е) спирт, вазелин,май жағады


Анатомия 5 ( § 57-66)

1.Түрдің жалғасуын қамтамасыз ететін биологиялық құбылыс

А)бөліну

В)көбею

С)даму

Д)өсу

Е)қозғалу

2. Гипоталамус

А)эпифиз

В)гипофиз

С)аралық ми

Д)ортаңғы ми

Е)сопақша ми

3. Алғашқы жыныстық белгілер

А)даусының өзгеруі

В)ху,хх хромосомалардың пайда болуы

С) мұрттың шығуы

Д)бойдың өсуі

Е)дене мүшелерінің өсуі

4. Аталық жыныс безінің ішкі секрециялық қызметі

А)сперматозоид бөлуі

В)глюкокортикоид бөлуі

С)тестестерон бөлуі

Д)экстрогендер бөлуі

Е)тимозин бөлуі

5. Ұрықтану жүреді

А)қынапта

В)жатырда

С)жатыр түтігінде

Д)жыныс бездерінде

Е)ұрықжолдаста

6. Аналық бездің салмағы

А)5-8 г

В)15-30г

С)13-15г

Д)7-9г

Е)2-3г

7.Ұрықтың 4 айдан кейінгі дамуы

А)ұрықтық

В)нәрестелік

С)шараналық

Д)ұрықтану

Е)гамета

8. Жаңа туған нәрестені қабылдайтын дәрігер

А)гинеколог

В)гематолог

С)эндокринолог

Д)ихтиолог

Е)акушер

9. Адамның омыртқа жотасында иілімдер пайда болады

А)ұрықта

В)туған кезде

С)4-5 айлығында

Д)6-7 айлығында

Е)1 жаста

10. Организмнің жыныстық жетілуі

А)физиологиялық жетілу

В)психикалық жетілу

С)әлеуметтік жетілу

Д)онтогенез

Е)геронтология

11. Адамның ішкі дүниесі,оның түйсігі мен қабылдауы,ойлауы мен қиялдауы,сезімі мен еркі

А)сана

В)ерік-жігер

С)психика

Д)зейін

Е)жад

12. Өз қажетін қанағаттандыру мақсатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық процестердің жиынтығы

А)рефлекс

В)әдет

С)мінез-құлық

Д)ес

Е)сана

13. Түйсік(инстинкт)-

А)шартты рефлекс

В)рефлекс

С)шартсыз рефлекстер жиынтығы

Д)мінез

Е)ақыл

14. Шартты немесе шартсыз рефлекстер тежеледі

А)сабақ оқығанда

В)белгісіз тітіркендіргішпен әсер еткенде

С)ұйықтағанда

Д)демалғанда

Е)ойлағанда

15. Орталық жүйке жүйесінде тежелу болатынын алғаш ашты

А)И.П.Павлов

В)Р.Декарт

С)И.М.Сеченов

Д)А.А.Ухтомский

Е)Ч.Дарвин

16. Доминант ілімінің негізін салушы

А)И.П.Павлов

В)Р.Декарт

С)И.М.Сеченов

Д)А.А.Ухтомский

Е)Ч.Дарвин

17. Тірі ағзаларда ырғақты зерттейтін ғылым

А)индукция

В)периодизм

С)хронобиология

Д)гигиена

Е)доминанттылық

18. Адам түс көреді

А)тез ұйқы кезінде

В)баяу ұйқы кезінде

С)терең ұйқы кезінде

Д)ұйқысыздық кезінде

Е)кез келген уақытта

19. Ұзақ уақыт ұйықтамағанда адам ұшырайды

А)психоз

В)невроз

С)шизофрения

Д)летаргия

Е)фенилкетонурия

20. Адамның өз тәжірибесін еске түсіруі, сақтауы және кейін елестетіп айтуы

А)зейін

В)ес(жад)

С)дағды

Д)сана

Е)ойлау

21. Темпераменттің төрт типін анықтаған

А)Гиппократ

В)И.М Сеченов

С)Аристотель

Д)Х.Досмұхамедов

Е)Ч.Дарвин

22. Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы

А)60 жас

В)71

С)64

Д)75

Е)80

23. Қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары туралы ғылым

А)материализм

В)диалектика

С)идеализм

Д)социология

Е)адамгершілік

24. «Әмбебап шартты рефлекс»-

А)ой

В)ми

с)сана

Д)сөз

Е)болмыс

25. Адамның дүниені және сыртқы орта құбылыстарын танып-білудегі

Іс-әрекетінің құбылысы

А)сөйлеу

В)ойлау

С)жазу

Д)көру

Е)есту


  1. в 12- 23-

  2. с 13- 24-

  3. в 14- 25-

  4. с 15-

  5. 16-

  6. 17-

  7. 18-

  8. 19-

  9. 20-

  10. 21-

  11. 22-


© 2010-2022