Сабақ жоспары Оганизмдердің көбею жолдары (10 сынып)

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Организімдердің көбею жолдары. Жыныссыз және жынысты көбею.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға организімдердің көбею жолдары, жыныссыз және жынысты көбеюдің маңызы туралы түсіндіру, білімдерін жетілдіру.

2.Дамыту: Тіршілік ортасына белгілі көзқарастар және оқушылардың дүниетанымын дамыту.Еркін сөйлеу , салыстыра білу қабілеттерін дамыту. Оқыту кезінде оқушыларға әр түрлі тапсырмалар орындата отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;

3.Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, хаттар стратегиясы, көп білгім келеді, кесте толтыру, сәйкестік тесті.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, слайд, таратпа материалдар, плакат, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: ( Сұрақ -жауап)

  1. Жасушаның тіршілік циклі дегеніміз не? Жасушаның бөліну аралықтары

  2. Дайындық кезеңі не деп аталады?- Интерфаза. Интерфазада 3 кезеңі бар.1)синтез алдындағы кезең 2) синтез кезеңі 3) синтезден кейінгі кезең

  3. Хромосомалардың диплойдты және гаплоидты жиынтығы дегеніміз не? - Хромосомалардың толық жиынтығын диплоидті, ал оның жартысын гиплоидті деп атайды.

  4. Митоздың фазаларын ата? - Профаза , метофаза , анафаза, телофаза

  5. Профазаға қысқаша сипаттама бер - Профаза ядро қабықшасы, ядроның еріп, хромосомалар оралымдарын тығыздалып қыстырып,центроильдер полюстерге қарай тартыла бастайды және бөліну ұршық жіпшелері пайда болады.

  6. Метофазаға қысқаша сипаттама бер - Метофаза хромосомалар экваторға жинақталып әр хромосома екі жақтан жіпшелерге жалғасады

  7. Анафазаға қысқаша сипаттама бер - Анафаза хромосомалар екі полюске ажырап,хроматидалар хромосомаға айналады,хромосомалар оралмалы күйден жіпшелерге айналады.

  8. Телофазаға қысқаша сипаттама бер.- Телофаза бөліну ұршығы жойылады,ядро қабықшасы пайда болады.ДНҚ жіпшелеріне айналады,ядрошық пайда болады. Жеке екі жасуша пайда болады.

  9. Интерфаза дегеніміз не?- Бөлінуге дайындық кезеңі

  10. Митозды бөлінуде қандай жасуша түзіледі?- . Сома (дене жасушалары) түзіледі.

ІІІ. «Мағынаны тану» бөлімі. Жаңа сабақ.

АКТ ( анимациялық слайд)

ІV. Топтық жұмыс « Ақпарат алу» Постер қорғау

1 топ: Жыныссыз көбею.

2 топ: Вегетативті жолмен көбейту.

3-топ: Жынысты көбею.

Топтардың өзара бағалауы (критерий арқылы)

Бағалау критерийлері

І топтың жұмысын ІІ топтың бағалау жүргізуі

1.Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы

2.Ақпараттардың нақтылығы

3.Тапсырманың орындалу ерекшелігі

Дарынды оқушымен жұмыс «Көп білгім келеді»

Назарбаева Б «Ашытқы саңырауқұлағының көбею жолы», Мырзабаева А «Телу», Исенова К «Бөлме өсімдігін қалемшелеу».

V. Бекіту: «Хаттар стратегиясы»

Конвертте сурет беріледі көбею түрін анықтайды және өсімдікті атайды.

1-топ. Кесте толтыру

Көбею жолдары

Өсімдік және жануарлар дүниесінен мысалдар келтіру

Көбею түрлері

Жынысты көбею

2-топ. Сәйкестік тесті

Көбею түрлері

Сипаттамасы

1.Спора түзу

А. Аналық ағзадан бұлтиып өсінді түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.

2.Бүршіктену

Б. Организм бірнеше бөлшекке бөлініп, оның әр бөлшегінен жаңа организм дамып жетіледі.

3. Бөліну

В. Қалың қабықшамен қапталған ерекше бейімделген жасушалар - саңырауқұлақтар және өсімдіктердің көпшілігі көбейеді.

4. Фрагментация

Д. Бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып екінші өсімдікденесіне ұластыру.

5. Телу

Е.Жасуша екіге бөлінеді. Біржасушалы организмдерде кең таралған.

3 -топ кесте толтыру

Көбею жолдары

Өсімдік түрлерінен мысалдар келтіру

Көбею түрлері

Вегетативті көбею

Қорытынды:

Семантикалық карта

Ұғымдар, терминдер

Жыныссыз

Жынысты

1

Аталық не аналық дара қатысады

2

Телу

3

Ата -аналық даралар қатысады

4

Спора түзу

5

Зигота түзіледі

VI. Бағалау: топтық бағалау « Екі жұлдыз бір тілек».

Маған бәрі де түсінікті, сұрақтар пайда болды, мен есте сақтадым, түсінбедім.

VII. Үйге тапсырма: & 33 оқу, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау









© 2010-2022