Сабақтың тақырыбы: Витаминдер дегеніміз не? (8сынып)

Витаминдердің ашылу тарихы,құрылысы,түрлері, қызметі.  Сабақтың түрі: Рөлдік ойындар Сабақтың әдәсі:  сот сабағы(дәстүрлі емес  сабақ) Қазіргі таңда, дүние жүзінде және Қазақстанда дұрыс емес тамақтанудың нәтижесінде адамдардың арасында «семіздік ауруы»  көбейіп жатыр. «Салауатты өмір салты» бағдарламасынның негізгі мақсаты «халықты сауықтыру және орташа өмір жасын ұзақтыру». Салауатты өмір  салтына денені шынықтыру ғана емес, сонымен қатар дұрыс тамақтану жатады. Адам дұрыс тамақтану үшін, таға...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Витаминдер дегеніміз не? (8сынып)Күні:

Сабақтың №

Сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі

Құрал- жабдықтар:

Сабақтың жоспары:







































































Бекіту:





Үй тапсырмасы:

55

8А, 8Ә

Витаминдер

Оқушыларға дәстүрлі емес сабақтарды қолдану арқылы витаминдердің маңызы, топтарына, жетіспегенде пайда болатын ауруларына тоқталу арқылы білім беру.

Сот сабағы (дәстүрлі емес сабақ)

Рөлдік ойындар

интерактивті тақта, көрнекті суреттер, көкөністер мен жидектер, сүтті тағамдар, ба


І. Ұйымдастыру кезеңі(1-2 мин)

ІІ. «Сот сабағы» атты шағын көрініс(35мин)

ІІІ. Сабақты бекіту(7мин).

ІV. Үй тапсырмасын беру(1мин).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

3. Сабаққа кіріктіру

Қазіргі таңда, дүние жүзінде және Қазақстанда дұрыс емес тамақтанудың нәтижесінде адамдардың арасында «семіздік ауруы» көбейіп жатыр. «Салауатты өмір салты» бағдарламасынның негізгі мақсаты «халықты сауықтыру және орташа өмір жасын ұзақтыру». Салауатты өмір салтына денені шынықтыру ғана емес, сонымен қатар дұрыс тамақтану жатады. Адам дұрыс тамақтану үшін, тағамның құрамына әр түрлі витаминдер мен пайдалы биологиялық қосалқы заттар болу қажет. Сабағымыздың тақырыбына сәйкес витаминдердің маңызы мен қай азық-түліктерде кездесетінін анықтау? Қандай тағамдар зиян екенін анықтау? және т.с.с.

Сот төрағасы: Ескендиова Анар Зиятқызы

Хатшы:Бейсембин Диас

Прокурор: Әміржан Ерсін

Қорғаушы: Нарпулатов Ислам

Жәбірленуші: Өндіріс Дархан

Айыпталушы:Илюкина Диана

Тарихшы: Амантаева Арайлым

Дәрігер:Абдрахманова Арайлым

Куәгерлер:Жақсыбаева Гүлім-сіңілісі, Маубиев Диас-досы, Тендыкова Ляззат-мамасы

Күзетші: Базаров Тұрар

Соттың жүруі:

Хатшы: - Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот төрағасы: - Айыпкерді әкеліңдер!

Хатшы: - Айыпкер әкелінсін! (Екі күзетші айыпкерді әкеледі).

Сот төрағасы: - СҚО, Тимирязев ауданының сот отырысын бастаймыз. Сот процесіне айыптаушы __________, қорғаушы _______, жәбірленуші - Ахметов Дархан, айыпталушы Ахметова Диана қатысып отыр. Осы сот процесі СҚО, Тимирязев ауданының тұрғыны Ахметов Дарханның арызы бойынша жүргізіледі. Хатшы арызды оқыңыз.

Хатшы: - СҚО, Тимирязев ауданының сотына осы ауданның тұрғыны Ахметов Дарханнан.

Арыз

Менің арыз беру себебім, - кішкентай жасымнан бастап, мен үлкен апаммен бір отбасында тәрбиеленіп, тату отбасы сияқты болып өмір сүріп жүрміз. Алайда менің апам- Диана, өз денсаулығына дұрыс қарамайды: спортпен шұғылданбайды, дұрыс тамақ ішпейді, мектептен кейін сабаққа қарамай, күні бойы компьютер ойнап, үйде отырады. Менің апам қазір 9 сыныпта оқиды, ал мен болсам, 8 сыныпта оқып жүрмін. Өткен айда біз биология сабағында «Витаминдер» деген тақырыпты өттік. Үй жұмысымды істеп отырғанда, витаминнің пайдасы көп екенін аңғардым, сол кезде маған бір ой келді, апамды сотқа беру арқылы оның салауатты өмір салтын өзгерту. Соттан апама әділ жазасын берілуін сұраймын.

Сот төрағасы: - Сөз арыз берушіге Ахметов Дарханға беріледі.

Хатшы: - арыз беруші Ахметов Дархан шақырылады.

Жәбірленуші: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымды растаймын. Мені осындай қадамға баруын Диананы тиісті жазасын алуын сұраймын.

Қорғаушы: құрметті дархан мырза туған әпкеңізге неге арыз бердіңіз? Себебі неде?

Жәбірленуші:апамды сотқа беру себебі оның салауатты өмір салтын өзгертуін жөн көрдім.Диана, өз денсаулығына дұрыс қарамайды: спортпен шұғылданбайды, дұрыс тамақ ішпейді, мектептен кейін сабаққа қарамай, күні бойы компьютер ойнап, үйде отырады.

Сот төрағасы: - Айыпкер Диана! Сіз өзіңіздің істелген іс-әрекеттеріңізді мойындайсыз ба?

Айыпкер Диана: - Жоқ мойындамаймын.

Сот төрағасы: - Олай болса куәгерлер шақырылсын!

Хатшы: - Куәгер Ахметова Гүлім шақырылады.

Куәгер Гүлім: Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін.

Сот төрағасы: егер сұрақтарың бар болса қойыңдар

Прокурор: Куәгер Гүлім, сіз неше жастасыз? Айыпталушыға кім боласыз?

Куәгер Гүлім: Мен 12 жастамын, мен Ахметова Дианаға туған сіңілі боламын.

Қорғаушы: Сіз Диананың бойындағы жақсы қасиеттері туралы айтып беріңізші?

Куәгер Гүлім: Диана өте мейірімді, тамақты күшті пісіреді, достарымен жақсы араласады. Әке-шешеміз бірге жұмыс істейді,сондықтан олар жұмыстың іс-сапарымен 2-3күнге кетеді. Біздің Диана отбасында ең тұңғышы болғандықтан, ол бізге қарайды. Сол уақытта үйдің бүкіл жұмыстары соған ілігеді.

Қорғаушы: Онда Дархан мырза неге Диана туралы «спортпен шұғылданбайды, дұрыс тамақ ішпейді, мектептен кейін сабаққа қарамай, күні бойы компьютер ойнап, үйде отырады», деп айтады. Ол шындық па?

Куәгер Гүлім: иә, шын. Мысалы ол тамақты жақсы пісіргенімен, тәттіні және майлы тағамдарды көп пісіреді. Және фастфудтарды жеуге жақсы көреді. Жоғары да айтқандары бәрі дұрыс. Неге десеңіз, анам әрқашан да оған витаминдерді, жеміс -жидектерді көп же және де спортпен дұрыс айналыс деп әрқашан да айтып жүреді. Ол болса анамның сөзін алмайды.

Прокурор:Куәгер Гүлім, Диана мен оның анасымен 2 ай бұрын болған жағдайын видеоға түсірді. Сот төрағасынан рұқсатымен көрсек?!

Сот төрағасы: Хатшы, бейнежазбаны қойыңыз

Сот төрағасы: Куәгерге тағы қоятын сұрақтарыңыз бар ма?

Қорғаушы: жоқ

Прокурор: Жоқ, Менде айыпталушы Диана ханымға сұрағым бар.

Прокурор: Сіз бейнежазба туралы білдіңіз бе?

Айыпкер Диана: Жоқ, білген жоқпын.

Прокурор: Сіз не үшін анасымен ұрсысып қалдыңыз?

Айыпкер Диана: Мен сол күні сабаққа барған жоқпын, анам түскі ас кезінде маған жаным жек көретін тамақты күшімен жегізді. Мен сол кезде анама өкпелеп қалдым. Сосын қырсығып тамақ жемедім.

Қорғаушы: Бәріне мәлім, қазіргі 13 жасынан бастап 18 жасқа дейін жас жеткіншектерде өтпелі кезеңі басталды. Диананың салауатсыз өмірге түскені, анасына мінез көрсеткені жайлы осы себеппен байланыстыруға болады. Бейнежазба соның дәлелі болып жатыр. Құрметті сот төрағасы, ортаға куәгер Ахметова Ляззатты шақырайық.

Хатшы: - Куәгер Ахметова Ляззат шақырылады.

Куәгер - ана: Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін.

Қорғаушы: Ляззат ханым, сіз Диана Ахметоваға кім боласыз? Және де қарым-қатынасыңыз қандай?

Куәгер - ана: Диана - менің туған қызым болады. Жалпы айтқанда қарым-қатынасымыз өте жақсы. Соңғы кездерде ол мінезімен өзгере бастады. Биылғы жылынан бастап ол салауатсыз өмірге түсті. Бұған дейн ол сабақтарды жақсы оқыды, спортпен айналысты, тек қана дұрыс тамақтанбады. Мен туған қызыма қарсы шыға алмаймын. Мен Диананың анасы болғандықтан, отбасымдағы балаларымды түгелін жақсы көремін, оларды ана ретінде біреуін жақтап, екіншіге қарсы шыға алмаймын.

Сот төрағасы: прокурор мырза сізде сұрақ бар ма?

Прокурор: жоқ, сұрақ жоқ.

Қорғаушы: құрметті сот төрағасы, қорғаушы тарапынан бізде тағы бір куәгер бар.Маубиев Диасты шақыруға рұқсат етіңіз!!!

Сот төрағасы:Маубиев Диас шақырылсын!

Хатшы: - Куәгер Маубиев Диас шақырылады.

Куәгер Диас: Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін.

Қорғаушы: Сіз Ахметова Дианаға кім боласыз? Және де жәбірленушінің берген арызымен келісесіз бе?

Куәгер Диас: Ахметова Дианамен бір сыныпта оқимын, жәбірленушінің берген арызымен мүлдем келіспеймін. Неге десеңіз, мен Дианамен 5 сыныптан бастап бірге оқып, дос болып жүрміз. Диана - өте ұқыпты, әрі ақылды қыз. Өз көмегін ешқашан аямайды. Тек қана соңғы уақытта ғана көңіл-күйі тез бұзылып, бүкіл сыныптастарына, мұғалімдеріне мінез көрсетіп жүр.

Прокурор: Құрметті сот төрағасы, мінеки көріп отырғандай, екінші куәгердің сөзіне сенсек, ол тек үйде ғана емес, мектепте де мінезін көрсетеді.

Прокурор: куәгер мырза, Диана ханым мектепте қалай тамақтанады? Нақтырақ айтсаңыз!

Куәгер Диас: Біздің мектептегі асханасында, аспазшылар бар. Сонымен қатар буфет жұмыс істейді. Ол көбінесе буфеттен тамақты сатып алады.

Сот төрағасы: Тағы сұрақтарың бар ма?

Қорғаушы: жоқ

Прокурор: жоқ.

Сот төрағасы: құрметті, куәгер сот залыңыздағы орынға жайғасыңыз.

Прокурор: Құрметті сот төрағасы, сендердің алдарыңызға витаминдердің ашылу тарихы жөнінде білетін тарихшыны шақыруға рұқсат беріңіз!!!

Сот төрағасы: Тарихшы шақырылсын!!!!

Хатшы: - тарихшы шақырылады.

Прокурор: Витаминдерді кім ашты? Және қашан ашты?

Тарихшы:

1881жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады.

1911жылы поляк ғалымы К.Функ тазартылмаған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал(паралич) ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды. Ол бұл затты витамин(лат.vita-тіршілік)деп атады

Мен айыпталушыға витаминдер табиғатта бар екенін түсіндіргім келеді. Витаминдердің пайдасы көп екенін - айтқым келеді.

Сот төрағасы: сұрақтарың бар ма?

Қорғаушы: жоқ

Прокурор: жоқ. Ортаға дәрігерді шақырайық.

Сот төрағасы: Дәрігер шақырылсын!!!!

Хатшы: -Дәрігер шақырылады.

Прокурор: Витаминдер адам ағзасына қалай әсер етеді?

Дәрігер: Витаминдер дегеніміз- ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы.

Витаминдердің маңызы:

  1. Аминқышқылдар,майлар, нуклеин қышқылдар,гормондар синтезі мен ыдырауына қатысады

  2. Ферменттердің құрамында болып, биохимиялық, физиологиялық процестерге қатысады

  3. Тәулігіне әртүрлі витаминдердің бірнеше милиграмы ғана қажет

  4. Ағзаның суық тиюден сақтауына әсер етеді

  5. Жұқпалы ауруларға қарсы тұруына ықпал етеді

  6. Денсаулықтың нығаюын жүзеге асырады

  7. Жұмысқа қабілеттілікті арттырады

Қорғаушы: Сіз жаңа ғана витаминдердің бірнеше милиграмы ғана қажет деп айттыңыз, сонда олардың зияны да бар ма?

Дәрігер: иә, егер де адам тәуліктің мөлшерінен көп витаминдерді жесе, онда гипервитаминоз деген ауруына шалдығады.

Сот төрағасы: Тағы сұрақтарың бар ма?

Қорғаушы: жоқ

Прокурор: жоқ.

Сот төрағасы: - Сөз прокурорға беріледі.

Прокурор: Мен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау департаментінің қорытындысы бойынша халықтың 60 пайызы өлім-жетімге дұрыс тамақтанбағандықтан шалдығып отыр.

Ал, Қазақ тағамтану академиясы соңғы деректерге сүйенсек, жалпы сауалнамаға 7500 оқушы қатысқан. Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, бүгінгі таңда оқушылардың 21,7 пайызы артық салмақтан арыла алмай отыр.
Әсіресе, бұл жоғары сынып оқушыларына тән жағдай, семіздік мәселесі оларда алаңдатарлықтай. Бұл көрсеткіш жоғары сыныпта 31,8 пайызды көрсетуде. Сонда қазақстандық оқушылар не жеп, не ішеді? Мамандардың қорытындысына сенсек, білім ордасындағы оқушылар газдалған сусындар мен әртүрлі дәмдеуіш қосылған (фаст-фуд) тәттілерді жеуге әуес. Олардың 53 пайызы шоколадты батондарды, 43 пайызы фаст-фудты, 51 пайызы минералды-газды тәтті сусындарды ішуді тәуір көреді. Сондықтан менің Айыпкер Дианаға келесі ұсынысымды бергім келеді, қоғамдық жұмыстарға белсене араластыру: мысалы, мектептегі аптасына 2 рет сыныптағы бүкіл парталарды және еден жуу.

Сот төрағасы: - Сөз қорғаушыға беріледі.

Қорғаушы: - Мен, Диананың қорғаушы ретінде айтарым, Диананың ешбір кінәсі жоқ деп айта алмаймын. Өйткені істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым. Мысалы, Диананың дұрыс тамақтанбауы жөнінде айтсам, ол майлы және тәтті тамағын көп жейді. Бірақ та оның спортпен айналыспайтыны және де компьютермен көп ойнайтыны жөнінде тоқталсам, бұның Диананың өтпелі кезеңі болып жүр деп түсіндіргім келеді. Сонымен қатар, Гүлім ханымның сөзіне сенсек, Диана отбасында үлкен апа ретінде анасына үй шаруасында көп көмектеседі. Құрметті сот төрағасы, Ахметова Диананы сот залынан босатуға сұраймын, өйткені ол ешқандай ауыр қылмыс жасамағаны туралы айтқым келеді. Тыңдағандарыңызға рахмет.

Сот төрағасы: - Барлық куәгерлерді тыңдадық,енді соңғы сөзді айыпталушыға береміз!!!

Айыпкер Диана: Мен бүгінгі сот отрысындағы бүкілін тыңдап, мынандай қорытындыға келдім. Витаминдердің пайдасы көп екенін, және дұрыс тамақтануға спортпен айналысу керектігін жөн көрдім. Мен сіздердіің алдарыңызда, дұрысталамын деп ант беремін.

Сот төрағасы: қазір мен саған тапсырма беремін, егер де сен оны дұрыс орындасаң онда біз сенсот залынан босатамыз. Қазір алдарыңда азық-түліктер жатады. Осы азық-түліктерге тиісті витаминдер тобын қойып шығасың.












Тимирязев мектеп - интернаты







Ашық сабақтың тақырыбы:


Өткізген: биология пәнінің мұғалімі

Ескендирова А.З.












2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022