6 сынып тест сұрақтары

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып тест жұмыстары


1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа)

2. Затты 300 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.

3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі

4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:

а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа

5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:

а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив

6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше

7.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:

а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль

8. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:

а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма

9. Жасушаға белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:

а)цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль

10.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:

а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль

11. Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:

а)вакуоль ә)цитоплазма б)ядро в)пластидтер

12. Фотосинтез процесіне қатысатын пластидтер:

а)хлоропластар ә)хромопластар б)лейкопластар

13. Жемтамырларға, піскен жемістерге түс беретін пластидтер:

а) хлоропластар ә)лейкопластар б)хромопластар

14.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:

а)түзуші ә)негізгі б)жабын

15.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

16. Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) өткізгіш ә)негізгі б)түзуші

17. Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын ұлпа:

а)негізгі ә)түзуші б)өткізгіш

18. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайтын ұлпа:
а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы

19. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш

20. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:

а)түзуші ә)бөліп шығарушы б)негізгі

21. Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:

а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш

22. Сабақ пен тамыр ұшында орналасатын ұлпа:

а)түзуші ә)жабын б)өткізгіш

23. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:

а)жанама тамырлар ә)қосалқы тамырлар

24. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:

а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар

25. Негізгі тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:

а)шашақ тамыр ә)кіндік тамыр б)жем тамыр








© 2010-2022