«Брейн – ринг» ойыны. Тақырыбы: «Табиғат және біз»

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Брейн - ринг» ойыны.

Тақырыбы: « Табиғат және біз».

Мақсаты:

  • Ойын оқушылардың қалыптасқан білімді көпшілік алдында жүйелі, ойлы түрде еске түсіріп жауап беруге үйретеді. Оқушыларды шапшаң, алғыр, ұтымды, жауап беруге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, ортақ пікірге келуге, қортынды шығара білуге тәрбиелейді.

Көрнекілігі:

Мультимедиа, ватмандар, маркерлар, қайшы, сигнал карталары.


  1. кезең:

  • Ойынға 4 команда қатысады (6 адамнан тұратын).

  • Әр команда қарсыласын табу үшін жеребе тасталады.

  • Әр командадан 1 оқушы шығып командалардың аты жазылған 4 қиындының бірін суырып, өздері сайысқа түсетін команданы анықтайды. Одан кейін сұрақ толығымен оқылмайынша сигнал картаны көтеруге болмайды. Егер оңдай әрекет байқалса ұпай есептелмейді.

  • Әділқазылар алқасы, жауаптың дұрыс- дұрыс еместігіне ұпай береді. Жауаптың нақты, толық емес, дұрыс еместігін қосымша мұғалім өзі де ескертіп отырады. Мұндағы мақсат: оқушыларды жауапкершілікке тарту, өзін- өзі бағалай білуге үйрету, әділдік, талап қою, шешім шығара білуге тәрбиелеу.

  • Әр команда көпшілік алдына шығып, өз мақсатарын айтып танысады.

  1. кезең:

«Жұмбақ жәшіктер»


  • 4 командаға арналып жабық жәшіктерге өзендердің аттары салынады. Алдымен әр команда өзіне жәшік тандап алады, сосын әр жәшіктің өз нөмірі бойынша оларға сұрақ қойылады.

№ 1- ші жәшіктің сұрағы:

  • Шөлді аймайқта орналасқан. Қазақстан аумағынан ағып өтетін Сырдарья өзені. Тянь- Шань тауынан басталады. Ұзындығы 2212 км. 1400 км. аңғармен ағады. Бұл қай теніз алабы? ( Арал теңіз алабы).

№2- ші жәшіктің сұрағы:

  • Орал тауынан басталып Каспий теңізіне құяды. Ұзыңдығы 2428 км. 1107 км. қазақ жерінен өтеді.Каспий маңынан ағысы баяулап, арнасы кеңіп жазық жермен ағады. Сәуірде тасиды, арнасынан шығып жайылып кетеді. Бекіре балығы бар. Бұл қай өзен? ( Жайық өзені).

№ 3- ші жәшіктің сұрағы:

  • Жоңғар алатауынан басталады, Балқашқа құяды. Бұл өзен қар ерігенде, тау мұздықтарының ерігенінең көбейіп, көктемде тасиды. Бұл қай өзен? ( Қаратал өзені).

№ 4- ші жәшіктің сұрағы:

  • Жоңғар Алаутауынан басталып Сасықкөлге құйылады.Бұл қай өзен?

( Теңтек өзені).

Берілетін ұпай саны жауаптың толық, толық еместігіне байланысты 5- өте дұрыс, 3- жартылай жауапқа.

  1. кезең:

« Блиц турнир»


  • 2 жұп команда берілген 20 сұраққа тез жауап беру.

  • 1 дұрыс жауап 2 ұпайдан есептеледі. Толық емес - 1 ұпай. Жауап жоқ немесе дұрыс емес- 0. Ойын осы ережемен 2 рет ойналып, ұпайы артық 2 команда және 2 ұпайы аз команда анықталады.

  • 2 ұпайы аз командалар арасында дәл осындай ережемен ойын өтеді де ұпай саны артық команда анықталады.

  • 2 ұпай саны артық командалар арасында да ойын қайталанады да ұпайы артық 3 команда анықталады. Одан әрі ойынын 4 кезеңі басталады.

Жеребе бойынша алғашқы командалардың сұрақтары:

  1. Аспан денелерін зертейтің құрал ( Телескоп).

  2. Ауа қабатын қалай атайды? ( Атмосфера ).

  3. Ең үлкен материк? ( Евразия).

  4. Күн мен жердін арақашықтығы? ( 150 млн км ).

  5. Кібісе жыл деп қандай жылды айтамыз? ( 29 ақпан ).

  6. Продуцентерге не жатады? ( Өсімдіктер ).

  7. Гигрометрмен нені өлшейміз? ( Ылғалдық).

  8. Күнге ең жақын плонета. ( Меркурий).

  9. Экологиялық факторларды ата. ( Абиотикалық, биотикалық, антропогендік).

  10. Антропогендік фактор деп нені айтамыз? ( Анықтамасы).

  11. Мантиядан кейінгі ішкі қабат? ( Ядро).

  12. Көкжиектің бағыттарың ата? ( Солт. Оңт. Бат. Шығ.).

  13. Ең терең шұңғыма ( Марианн 11022м).

  14. Ең бірінші глобусты кім жасады? ( Мартин Бехайм).

  15. Жауын- шашын түрлерін ата. ( жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау).

  16. Абиотикалық ф.д. не? ( анықтамасы).

  17. Жер өсінен қай бағытқа қарай айналады? ( Батыстан Шығысқа қарай).

  18. Ең үлкен мұхит ( Тынық).

  19. Ең биік шыңда ата. ( Джомолунгма, Эверест).

  20. Бір жыл деген не? ( Жердің орбита бойымен күнді айналуға кететін уақыты 365 тәулік 6 сағат)

Жеребе бойынша 2 команда сұрағы:


  1. Қысымды өлшейтін құрал.( Барометр).

  2. Су қабатың қалай деп атайды? ( Гидросфера).

  3. Ең кіші материк ( Австралия).

  4. Семей полигоны қай жылы ашылды және қай жылы жабылды? ( 1949-1989жж).

  5. Биотикалық ф.д. не? ( анықтамасы).

  6. Табиғат аппаттар түрлерін ата. ( Цунами, вулкан, жер сілкінісі т.б.).

  7. Табиғат аппаттарынан қорғану жолдарың айт. ( анықтамасы).

  8. Күннен ең алыс планета. ( Плутон).

  9. Компас не үшін қажет? ( бағытты анықтау үшін).

  10. Глобус деген не?( Жердің нақ үлгісі).

  11. Атмосфераның 6 қабатын ата. ( стратосфера, азон, мезосфера, тратосфера, экзосфера, термосфера).

  12. Экология ғылымның негізгі мақсаты. ( анықтамасы).

  13. Консументтерге не жатады? ( өсімдік қоректілер, жыртқыштар).

  14. Топырақ эррозиясы қандай зардапқа әкеледі? (анықтамасы).

  15. Техногенді апат түрлері. ( анықтамасы).

  16. Бұлтардың қандай түрлері болады? ( Шарбы, қабат, будақ).

  17. Ең кіші мұхит ( солтүстік мұзды мұхит).

  18. Ең ұзын тауды ата. ( Анд).

  19. Орта дегеніміз не? ( анықтамасы).

  20. Флора д.н.а.? ( өсімдік әлемі).

Ұпайы аз команда үшін сұрақтар:


  1. Жер шарын тұңғыш рет айналып шыққан саяхатшы. ( Магеллан).

  2. Жанбыр қандай бұлттардан жауады? ( Қабат бұлттардан).

  3. Солтүстікке қарама - қарсы. ( Оңт.).

  4. Ш. Уәлиханов деген кім?( Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғалым- саяхатшы).

  5. Экология ұғымын алғаш рет қай ғалым еңгізген? ( Геккель).

  6. Ауанын газдық құрамы. ( анықтамасы).

  7. Биотикалық ф.д.не?

  8. Редуценттерге не жатады? ( бактериялар, саңырауқұллақтар).

  9. Экоклимат д.не? ( организмдердің бірегей топтары тіршілік ететін жерлердің климаты да ерекшеленіп айрықша ауа райын туғызады).

  10. Күн жүйесінде қанша плонета бар?( 9 ).

  11. Геофильдер д.не? ( тіршілігінің біраз бөлігі топырақпен байланысты организмдер шегірткелер, қоныздар, масалар жатады).

  12. Фауна д.н.а.? ( анықтамасы).

  13. Сейсмограф құралы не үшін қажет? ( Жер сілкінуін тіркеу үшін).

  14. « Экология» термині грек тілінен аударғанда, қандай мағына береді? ( анықтамасы).

  15. Адам - биосоциалды түр.(анықтамасы).

2 ұпайы көп командаға берілген сұрақтар:

1.Елдегі экологиялық проблемалар адам денсаулығына қалай әсер етеді? (анықтамасы).

2. Табиғи өсімнің төмендеуі неге байланысты? (анық.).

3. Литосфера д.не?

4. Семей полигоны неше жыл бойы атылды? ( 40 жыл).

5. Қазақстан қандай материкте? (Евразияда).

6. Ядро неше қабаттан тұрады? ( Сыртқы және ішкі).

7. Биота д.не? ( анық.).

8. Қазақстан қорықтарын ата. ( Ақсу-Жабагылы, Наурызым, Барса-келмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары бар)

9. Тұман қалай пайда болады?(Жер бетіне жақын су буларының су тамшыларына айналуы)

10. Тау жыныстары нешге бөлінеді?(3)

11. Тіршілік ортасы дегеніміз?(анықтама)

12. ҒТР-қалай айтылады?(Ғылыми-тхникалық революция)

4 кезең

"Ең ұзақ сөз"

Берілген 12 әріптерден ең ұзақ сөз құрастыру тапсырылады. Сөз тек табиғатпен байланысты болуы керек: А.Т.К.Ж.У.Е.М.Р.И.З.Н.Л.

Мысалы: жер, карта, ауа, Алатау,шар, Атлант, зерттеу, үлкен, т.б.

Әр сөзге 1 ұпай саны беріледі.

5 кезең

Капитандар сайысы

Жәшіктердің ішінен сұрақтар алып, сол сұрақтарға жауап береді.

1 сұрақ: Атмосфера ластану жолдары және одан қорғану жолдарын ата?

2 сұрақ: Егер мен эколог болсам, -мен не істеуші едім?

3 сұрақ: Елдегі экологиялық проблемалар адам денсаулығына қалай әср етеді?

4 сұрақ-тапсырма: Табиғат туралы өлең айту.

Ойлау уақыты 2 минут. Ұпай саны дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

6 кезең

Қорытындылау

Ұпайлар саны қорытындылап есептеу кезеңі.





Р/С

1 кезең

2 кезең

3 кезең

Команданың аты






1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20




Қорыт.







Брейн - ринг»

ойының ережесі


  1. Жалпы ереже

    1. Өту орны - Семей құқық және бизнес колледжі.

    2. Күні -30.10.2008ж.

    3. Уақыты - сағат 12.40,№ - аудитория.

    4. Ойының мақсаты:

Ойын оқушылардың қалыптасқан білімді көпшілік алдында жүйелі, ойлы түрде еске түсіріп жауап беруге үйретеді. Оқушыларды шапшаң, алғыр, ұтымды, жауап беруге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, ортақ пікірге келуге, қортынды шығара білуге тәрбиелейді.


  1. Ойынға қатысушылар:

  • Әр топтан 6 оқушы қатысады


  1. Ойының мазмұны:

    1. «Танысайық кәне біз!» (5-10 ұпай)

    2. «Жұмбақ- жәшіктер» (2-5ұпай)

    3. «Блиц - турнир» (2-5 ұпай)

    4. «Ең ұзақ сөз» (2-5 ұпай)

    5. «Капитандар сайысы» (5-6 ұпай)


  1. Ұпай критериилері

2-20 ұпайға дейін


  1. Қорытынды.

  • Жеңімпаз топты сайыс соңында жюри мүшелері анықтайды.

  • Жеңімпаз топ грамотамен марапатталады.


.

.


© 2010-2022