Пәні: Биология 6 Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік формалары

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Биология 6

Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік формалары.

Оқу - тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Өсімдіктердің тіршілік формалары туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: Өсімдіктердің табиғатта таралуы мен қолдан өсіретін өсімдіктер, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер туралы мағлұмат беру. Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және олар шыққан орталықтар туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру.

Құрал - жабдықтар:

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ - жауап әдісімен үйге берілген тақырып сұралады:

1.Тірі ағзалардың табиғаттағы маңызы қандай.

2. Өсімдіктердің тірі ағзалар арасында алатын орны.

3. Биология ғылым салалары бойынша терминдерді жатқа сұрау.

3. Жаңа білімдерді қалыптастыру. Тіршілік форма (экобиоморфа) дегеніміз - формалар түзетін процестің (эволюциялық морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант). Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз - өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының морфофизиологиялық оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен жүреді. Тек осы генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына байланысты, сонымен бірге химиялық әсердің немесе сөулелердің өсерінің шамадан тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, рекомбинацияның (қайта түзілудің), полиподияның негізіңде өсім-діктерде серпінді өзгерістер (скачкообразные изменение) жүреді. Тіршілік формалар туралы білім морфологияның үлкен бөлімін қүрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде «Өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін салған Е.Вармингтің (1894 ж.) жұмыстарыңда кездеседі. 1903 ж. Дания ғалымы К.Раункиер, сол кездегі белгілі ғылыми мөліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған. К.Раункиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген. Бұл кітапта ол қысқартылып беріліп отыр фанерофиттер (Рһ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады; хамефиттер (Сһ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады); гемикриптофиттер (Н) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап түрады; криптофиттер (К) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астыңда орналасады; терофиттер (Т) - біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді. Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті - өсімдіктің жылдың тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері. К.Раункиердің классификациясы жан-жақты (универсальды), ол жер шарының барлық экологиялық-географиялық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды. Сонымен бірге бұл система нақтылы, жақсы жүйеге келтірілген систематикалық топтардың: туыстың, туыстардың топтарының, немесе тұқымдастардың деңгейінде негізге алынады. К.Раункиердің системасы жабық тұқымдылардың тіршілік формаларын классификациялап қана қоймайды, сонымен бірге олардың ағаштан бастап, шөптесін өсімдіктерге дейінгі экологиясын көрсетеді. И.Джеффридің, А.Н.Красновтың, сонымен бірге Э.Сината Ертедегі тіршілік еткен адамдар өсімдіктерді жабайы түрінде пайдаланған. Адамдар өсімдіктерді кездемкен жерінен жинап алып, дереу тамаққа жұмсағаннан гөрі жабайы өсімдіктердің түсімін жинап, сақтаудың тиімдігін аңғара бастады.

Кейінен адамдар енді өсімдікті орман - тоғай мен даладан іздемей - ақ, үй айналасына, оның маңына жақындатып өсіруге болмас па екен деген ойға келді. Сөйтіп мәдени өсімдіктердің алғашқы түрлері жабайы өсімдіктердің дәндерін егу мен топырақты өңдеу нәтижесінде шыққан болса керек.

Өсімдіктердің жер бетінде таралуына байланысты олардың мүшелерінің қалыптасуы әркелкі Соған байланысты өсімдіктерді жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер деп бөлген.

4. Жаңа білімді бекіту. Венн диаграммасын толтыру. Кері байланыс парағын толтыру.

Қорытынды: Өсімдіктер жоғар - және төменгі сатыдағы деп бөлінеді. Мәдени өсімдіктердің шыққан орталығын ғалым Н.И. Вавилов дәлелдеп берді.

Үй тапсырмасын беру. Хабарлама: «Мәдени және жабайы өсімдіктер».




© 2010-2022