Ғылыми жоба Қара сабын тақырыбында

Раздел Биология
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қара сабын

Мақсаты:

Қара сабынның жасалу әдісін , құрамын ,пайдасын ұрпаққа жеткізу . болашақта қолдану.

Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қара сабын туралы аңыз
2. Қара сабынның жасалу жолы
3. Қара сабынның керемет қасиеті
4. Қолдан жасалған табиғи сабын
ІІІ. Қорытынд


Бағзы халқымыздың көшіп - қонып, жаз - жайлау, қыс - қыстауда күнелтіп жүрсе де, өзінің кір - қоңын киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстауының сырын, немен тазартқанын, тазартқыш табиғи заттың құрамы туралы және сабын жасаудағы жаңа табиғи әдісті ұсынуы оқушының ізденімпаздығын көрсетеді. Өтеген Асылжан ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті мол екенін байқатты. Асылжанның ұмыт болған тарихи деректерді ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятты. Ізденушінің ой - оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Асылжанның ғылыми жобасы келешекте ізденулерімен толықтырылады деп сенемін.
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Міне, осы сұраққа жауап іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден - ақ қолдан әзірлеген.



Алабота (лат. Atriplex) - біржылдық шөп текті өсімдік.
Биіктігі 20 - 80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне (лат. Atriplex centralasiatica), және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады.
Қара сабынды жасардағы ырымдар:

1. Қайнап жатқан сабынды ешкімге көрсетпеген
2. Дайын сабынды қатқанша ешкімге бермеген
3."Бұзаушық" сабын жасап, жас аналарға берген
4. "Сопақша" сабынды қызмет көрсеткен қыз - келіншектерге берген.

Қара сабынның керемет қасиеті:
1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған.
2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөрітпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған)
3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған түспеген.
4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.
5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған)

Қазақтың қара сабынымен біріншіден кір жуамыз . Қара сабын кірдің өңін түсірмейді, өңін ашып , реңіне жарқындылық силайды бұл ертеден бері келе жатқан қазақ ауылындарындағы басты кір жуу құралы . жас балалар , жаңа туылған сәбйлердің қаны жүрмей , денесі көкшіл тартып , құсып ауырады , тіпті бұл ауыру кезінде шыдай алмай өліп кетуі мүмкін бұл ауыру «Шетпе» деп аталған шетпе екіге бөлінген :

1. Жел шетпе

2. Қан шетпе

Қан шетпені адамдар қойдың терісіне салып емдеп алған,бірақ жел шетпе емдеуге ырық бермеген. Міне, сол кезде осы қара сабынмен баланы шомылдырған. Сол кезде бала жел шетпеден құлан -таза айыққан. Ал үлкен адамнан жас балаға дейін «Ілме»ауруымен ауырған. Бұл ауру кезінде адамның еш нәрсеге тәбеті тартпай,басы айналып,құсып , іші өтеді. Ол ауруды адамдар инемен адамның терісінің астындағы жіпшелерін үзу арқылы қиын тәсілмен емдеген. Бірақ, оның тағыда бір шипасы бар болған. Ол осы қара сабынмен ілме болған адам шомылса ауруынан лезде айығып кетеді. Қазақ халқы мал баққан халық , малдарының ішінде әсіресе жылқы «қата» ауруына ұшыраған. Қата ауруы кезінде жалбыршақ қарын жұмысын тоқтатқан. Осы ауру кезінде қара сабынды көпіршітіп малдың аузына құйған. Сол күннен кейін малдың шөпке тәбеті ашылып, ауруынан айыққан. Оның медицинада ғана емес косметикалық пайдасы да орасан . Ертеде қыз-келіншектер бетін осы қара сабынмен жуған. Ол терінің түлеуін (қартаюын ) тежеуілдеткен және ол теріге өң беріп, ажарландыра түскен. Бәрімізге белгілі ертеде қыз-келіншектер бұрымды болып келген. Олар шаштарын жуу үшін арнайы терек күлінен қара сабын жасаған. Теректің күлінен жасалған қар сабын өте жұмсақ және құнарлы болған. Онымен жуған шаш өңін жоғалтпаған.


Қортынды:

• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі - табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.
Құрамында химиялық қоспалар жоқ.

Пайдаланған әдебиеттер:


1. «Шипагерлік баян» кітабі 1994 жылы
2. «Жас-ай журнал »№5 2011жылы

3. «Ақпарат материалдары»(интернет)





© 2010-2022