Поурочный план на тему Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. «Паразитизм» түсінігі

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі















Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. «Паразитизм» түсінігі.

(Ашық сабақ)



Биология пәнінің мұғалімі:

Қ.А.Едресова










Қызылжар- 2015ж

Сабақтың тақырыбы: Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. «Паразитизм» түсінігі.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға жұмыр құрттар және олардан сақтану жолдарын оқып үйрету. 2.Оқушының рухани өсуіне, белсене өз бетімен жұмыс істеуге баулу, дүниетанымын дамыту. 3.Жеке бас гигиенасын сақтауға, ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеуге үйрету.

Көрнекілік: «Жалпақ құрттар, жұмыр құрттар» кестелері, жұмыс дәптерлері.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, салыстыру, сәйкестігін тап. Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар, «Автор орындығында оқу»

Сабақтың барысы: І.Қызығушылықты ояту. «Тізбектен шығып қалма» ойыны. Біз қандай жәндіктермен танысып едік? Амеба- жасыл эвглена- хламидоманада- домалаңғы- кірпікшелі кебісше- лейшмания- тұщы су гидрасы - актиния- қызылмаржан- медуза- ақсұлама- бауырсорғыш- мысықсорғыш- таспаша сорғыш- қаншыл сорғыш- сиыр цепені.

Өткен тақырыптар бойынша лездік сұрақтар. «Сауал менен, жауап сенен» (оқушылар оң жақтағы көршісіне сұрақ қойып, жауап береді)

  1. Қарапайымдылар деп неге аталған? (бір жасушадан тұрады)

  2. Денесі үнемі өзгеріп тұратын жәндік (жасыл эвглена)

  3. Қарапайымдылар қолайсыз жағдайда не түзеді? (циста)

  4. Өсімдікке ұқсас жәндік (жасыл эвглена)

  5. Кірпікшелі кебісше қалай көбейеді (жыныссыз)

  6. Гидра неше қабаттан тұрады (2)

  7. Эктодерма қабатында болатын жасушалар (атпа, жүйке, тері-бұлшық ет, аралық, сезімтал, сперм, жұм.жас)

  8. Энтодерма қабатында (ас қорыту, бұлшық етті жасуша, безді)

  9. Сәулелі симметриялы жәндік (гидра)

  10. Екі жақты симметриялы жәндік (ақсұлама)

  11. Қауіпті жағдайда бірден 279 бөлікке бөлініп, қайта бір тұтас ағза бола алатын жәндік (ақсұлама)

  12. Теңіз гүлі (актиния)

  13. Пішіні қолшатыр тәрізді, «теңіз құлағы» (медуза)

  14. Шоғырланып риф, атол түзетін жәндік (қызыл маржан теңіз қауырсыны)

  15. Сорғыш құрттардың аралық иелері (ұлу, балық)

  16. Қандай сорғыш құрттарды білесің (бауырсорғыш, мысықсорғыш)

  17. Ересек сорғыш құрттардың мекен иесі (сиыр, жылқы, қой бауыры)

  18. Бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болса... (гермафродит)

  19. Финка деген не? (екінші дернәсіл)

  20. Сиыр цепенінің систематикасы (тип.Жалпақ құрттар, класс: Таспа құрт)

-Үй тапсырмасын тексеру «Сиыр цепені»

1.Сиыр цепенінің тіршілігі 4.Тіршілік айналымы

2.Сыртқы құрылысы 5.Адамға қалай жұғады?

3.Көбеюі 6.Сақтану шарасы

ІІ.Мағынаны тану бөлімі

1)Оқулықпен 191 беттегі кесте бойынша, мәтін бойынша сызба нұсқа құрастыру

2)Салыстыру. Венн диаграммасы

Бөлімдері

Ақсұлама

Ұқсастығы

Ішексорғы (аскарида)

Тіршілігі, сыртқы құрылысы

Ішкі құрылысы

Қоректенуі

Жүйке жүйесі. Сезім мүшесі

Көбеюі



  • Мәтінмен жұмыс

Қ.Қайым. Биология 7-8 сыныптан

Оқулықтан: Қ.Қайым, 7-сынып. Биология . 194 бет.1)Үшкірқұрт (острица) 2)Қызылша жіпшеқұрт 3)Суыртқы 4)Қылқұрт 5)Сабанқұрт туралы мәтіндік жұмыс

=Әңгімелеп беру=

Мұғалім түсіндірмесі: И.К.Скрябин: «Паразиттерді жұқтырудың алдын алу тәсілі»

3)Деңгейлік тапсырмалар: Жұмыс дәптермен жұмыс

1-деңгейлік тапсырма. Суретке қарап, сұрақтарға жауап бер

1.Қандай организмде жиі кездеседі? (жас балада)

2.Ішексорғымен салыстырғанда, бұл құрттың көбеюінің қандай өзгешелігі бар? (жұмыртқа салу үшін аналығы сыртқа шығады)

3.Үшкірқұрт қандай зиян келтіреді? (аш ішек, бүйенге, соқыр ішекке өтіп, соқырішек ауруын тудырады)

2-деңгейлік тапсырма. Паразит құрттар (жұмыс дәптерде)

  1. Паразит құрттар-

  2. Олардың басқаша атауы-

  3. Оларды неліктен «паразит» деп атайды-

  4. Паразиттердің аралық иесі-

  5. Паразиттердің негізгі иесі-

  6. Паразиттер қандай зиян келтіреді?

3-деңгейлік тапсырма. Биологиялық диктант. Қалып қойған сөз тіркестерін мағынасына қарай орнына қойып, сурет бойынша мәтін құрастыр.

Ішексорғылар иелерінің ішегіне екі сүйір ұшын қадап паразитті тіршілік етеді. Аналығы тәулігіне андаған мың жұмыртқа салады. Ұрықтанған жұмыртқалар адам нәтижесімен бірге топыраққа түседі. 2-3 аптадан соң жұмыртқадан дернәсіл дамиды. Адам ішексорғының жұмыртқасын кір қолдан, жуылмаған көкөністен жұқтыруы мүмкін. Қақырықпен қан арқылы қайтадан ішке екінші рет жұтылады. Түскен жерінде ересек құртқа айналып өсе бастайды. Ішексорғыны жұқтыру өте қауіпті, себебі, бөлген уынан ішектің қызметі бұзылады.

ІІІ.Ойтолғаныс

4) Ішексорғы жұқтырудан сақтандыратын ережелерді ойластырып жаз «Автор орындығында оқу»


  • Пысықтау сұрақтары: Ойланып, сұрақтарға жауап бер.

  1. Ішексорғы бір иеде (адамда, шошқада,жылқыда) дамиды, бірақ жұмыртқасы міндетті түрде сыртқа шығады. Мұны қалай түсінуге болады? (Нәжісімен бірге сыртқа шығады)

  2. Ішексорғы өте өсімтал. Бір аналығының өзінде 64 миллион жұмыртқа болады, мұның қандай маңызы бар? Жұмыртқалардың барлығы ересек құрттарға айнала ма? (негізгі иесін таппағандар өледі, сондықтан мал жайылымын ауыстыру керек)

  3. Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір аптадан кейін жөтел басталып, өкпеге суық тигендік белгілері байқалады. Екі жарым айдан кейін зертханалық сараптаманың нәтижесі балада паразит құрттардың жұмыртқасы бар екені анықталады. Бұл қандай құрт (бұл ішексорғы)

  4. Әбден пісірілмеген сиыр етін жегеннен адам қандай паразитті құртты жұқтырып алуы мүмкін? (сиыр цепиті, ішексорғы)

  5. Бақша иелері отырғызған көкөністерін жақын маңдағы шалшыққтағы судан алып суарады делік, Егер сол бақшадан алынған көкөністерді жақсылап жумай жесек, қандай паразит құрттарды жұқтырып алуымыз мүмкін? (ішексорғы, суыртқы)

  6. Асқорыту және басқа мүшелері тері- бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы қуыста орналасады. Сондықтан жұмыр құрттарды қалай атайды? (Ілкіқуыстылар)

  • Бағалау

  • Үйге тапсырма §43. Ауру тудыратын паразитті құрттар туралы материалдар жинау.

  • Кері парақ. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіздер? (оқушылар әңгімесі)


© 2010-2022