Витаминдер қазақша сабақ жоспары 8 - сынып

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Витаминдер»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, яғни теорияны өз түсінігі бойынша мысалдармен дәлелдеп жеткізуге үйрету. Оқыған материалдың өмірдегі құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық бастама мен белсенділіктерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту

Сабақтың түрі: Семинар сабақ

Ресурстар Интерактивті тақта, плакат, көкөністер, жемістер, цитрус дақылдары, сүт, айран, ет, балық, жұмыртқа, өсімдік майы

Пән аралық байланыс: Химия, медицина

Күтілетін нәтиже Оқушылардың алған білімдерін, яғни теорияны өз түсінігі бойынша мысалдармен дәлелдеп жеткізуге алады. Оқыған материалдың өмірдегі құндылығын бағалай біледі.Оқушылардың шығармашылық бастама мен белсенділіктерін қалыптастырады.

Негізгі идеялар «Витаминдер - денсаулық қайнары». Витаминдерді тамақпен қабылдау физиологиялық тұрғыдан неғұрлым дұрыс, өйткені олармен бірге өздерінің басқа түрге айналуын катализациялайтын тамақтық заттар болады.

Тапсырмалар Топтық жұмыс «Шығармашылық шарт» ойыны Жұптық жұмыс

«Логикалық тапсырма» Жеке жұмыс «Шешендер жарысы»

Тапсырмалар Топтық жұмыс «Диетологтар» ойыны Жеке жұмыс «Өз асқабағыңды таңда» Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)

Оқушылар алма мен алмұрттың суреттерінің қимасын құрастыра отырып, топқа бөлінеді.Алманың суреті «Суда еритін витаминдер», алмұрттың суреті «Майда еритін витаминдер» деп аталады. Топ 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыны анықтайды.

ІІ.Суреттердің артына талқылау сұрақтары беріледі. (2-3 минут)

«Суда еритін витаминдер» Витаминдер дегеніміз не?

Витаминдер жетіспеуден қандай аурулар пайда болады?

«Майда еритін витаминдер» Витаминдерді ең алғаш анықтаған ғалым кім?

Витаминдер неше топқа бөлінеді ?

ІІІ. Топтық жұмыс «Шығармашылық шарт» ойыны ( 5 минут)

Витаминдік қасиеті бар ұлттық тағамдар туралы деректер жинап, оны баяндап береді.

ІV. Жұптық жұмыс «Логикалық тапсырма» (5 минут)

«Ат - адам қанаты, ас - адамның қуаты»

Аттар мен адамдардың қималары таратылып, құрастыру қажет.

V. Жеке жұмыс «Шешендер жарысы» (10 минут)

Оқушылар топ аттарына сайкес витаминдерге хабарлама жасайды.

VІ. Топтық жұмыс «Диетологтар» ойыны (7 минут)

Бір топтан диетолог екінші топтан науқас адам шығады. Диетолог науқаспен әңгімелесіп, жетіспейтін микро - элементті айта отырып, ауру түрін анықтап, аурудың алдын алуға қажетті азық - түліктердің аттарын айтып тиімді тамақтануға кеңес береді.

VІІ. Жеке жұмыс «Өз асқабағыңды таңда» (5 минут)

Оқушылар жемістер мен көкөністерді таңдап алып, интерактивті тақтадан қай витаминге сәйкес келетінін көрсетеді. Дұрыс көрсетпесе асқабақ жоғалып кетеді.

ҮІІІ. Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді» (10 минут)

Витаминдерге байланысты суреттерді өмірмен байланыстыра отырып салу және баяндап беру.

Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағала

Сабақты қорыту: Ағзаға қажетті барлық заттары бар 10 тағамның қатарына мыналар кіреді: қызанақ, сүт, айран, картоп, шпинат, балық, банан, қара нан, бұршақ, өсімдік майы. Зерттеушілер «Егер осы он тағамды дастарханыңызға үнемі қоятын болсаңыз, жас әрі ақыл-ойыңыз сергек бола отырып, 90 жасқа дейін өмір сүре аласыз» деген екен. « Ас тұрған жерде ауру тұрмайды» деп бүгінгі семинар сабағымызды аяқтағым келеді.

Сабақтың соңында оқушылардан бүгінгі семинар сабағымызға екі жұлдыз бір ұсынысты стиктерге жаздыру арқылы рефлексия аламын.

Бекіту\сабақпен байланыс

Критериалдық жолмен бағалауға арналған тақырып, сондықтан да оқушылардың қолдарындағы дискрипторларына сәйкес өздерін бағалау. Объективті бағалау - нақты тақырыптың бөлімдерін білу.

Кейінгі тапсырмалар Е витаминіне кесте құру

Кейінгі оқу «Витаминдер» тарауына түрлі сөзжұмбақтар құрастыру

© 2010-2022