Жемістердің түзілуі, өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6

Пән: Биология

Тақырыбы: Жемістердің түзілуі, өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері: құрғақ және шырынды, қақырайтын және қақырамайтын, біртұқымды және көптұқымды жемістер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жемістердің түзілуі және оның түрлері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға жемістердің түрлерімен таныстырып, шырынды жемістер мен құрғақ жемістер туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жемістердің түрлерімен таныстырып түсініктерін ары қарай дамыту.

Тәрбиелік: Жемістердің адам өмірінде алатын маңызы туралы айтып тәрбиелеу.

Сабақ типі:жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап,қызықты тапсырмалар,суреттермен жұмыс.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру сәті(2 мин)

2.Пысықтау сұрақтары(8 мин )

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (25мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту (5мин)

5.Бағалау (3мин)

6.Үйге тапсырма беру(1мин)

1.Ұйымдастыру

- сәлемдесу

-оқушыларды түгендеу

- сабаққа назар аударту

2.Үй тапсырмасын сұрау:

1. Берілген сипаттамалардан тозаңдардың түрлерін анықтаңдар.

  1. Тозаңдары майда

  2. Бітеу гүлдердің тазаңдануы:

  3. Гүлі ашық реңді

  4. Аталық жіпшесі ұзын өздігінен

  5. Шіркеліктері бар бунақдене .

  6. Тозаңдануы бір гүлдің ішінде

  7. Тозаңдары ірі бунақдене

  8. Гүлдері хош иісті бунақдене

  9. Гүлдері реңсіз жел арқылы

2. Сұрақ - жауап

Жынысты көбею деген не?

Тозаңдану түрлері қандай?

Өздігінен тозаңдану дегеніміз не?

Айқас тозаңдану дегеніміз не?

Ұрықтану жолын түсіндіріңіз

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жемістер


Шырынды жемістер

Құрғақ жемістер


Жидек Сүйек Жидек тәрізді

1. Бұршаққап - асбұршақ, беде

2. Бұршаққап - орамжапырақ,

Қызанақ, өрік мандарин, шалқан

Қарлыған, шие, апельсин, 3. Қауашақ - меңдуана, сүттіген

Алқа, алқоры, лимон,

Жүзім, шабдалы,

Қарақат,

4. Қанатты жеміс- үйеңкі, шегіршек, қайың, шаған.

5. Дәнек - жүгері, бидай, арпа, тары, күріш,

6. Тұқымша - бақбақ, күнбағар, өгейшөп, кекіре, таусағыз.

7. Жаңғақ - емен жаңғағы, жаңғақ.

Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін, аналық жатыны сақталып, ұрпақтанып жеміске айналады. Қалған бөлімдері қурап түсіп қалады. Жеміс - көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы. Ол бір ғана гүлден дамиды. Жеміс ішінде тұқымы бар гүлді өсімдіктердің көбею мүшесі. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді.

Жеміс (лат. fructus) - жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды (жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала), қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік, шие, т.б.) қабаты түзіледі. жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады. Экзокарпий мен мезокарпий клеткаларында хлорофилл болғандықтан, пісіп-жетілу кезінде жемістің клетка шырынында антоциан пигментінің көбеюіне және хлоропластың хромопласқа айналуына байланысты түсі өзгереді. Бір гүлдегі бірнеше аналықтан (таңқурай, қара бүлдірген, т.б.) пайда болған жемісті күрделі жеміс деп атайды. Бұл жағдайда күрделі жеміс түзетін әр жеміс аналықтан дамиды. Гүл шоғырындағы жеке гүлден дамыған жемістерді шоқ жемістер (мысалы, жүзім) дейді. Өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымы жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория) және адам (антропохория) арқылы таралады. Құрамында белок, май, көмірсу витаминдері көп болғандықтан жеміс тағамға, мал азығына, т.б. пайдаланылады. Көптеген жемістен дәрі, бояу алынады. Улы және арам шөптердің жемістері зиянды болады.

Жемістердің түзілуі, өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері

Жұмбақ

Қабығы қатты, іші тәтті,

Алайық таңдап, ол не?

(жаңғақ)

Жер анадан нәр алған

Талай елге таралған

Ет -сүйектен жаралған

Жейді оны таба алған.

(өрік)

4.Жаңа тақырыпты бекіту

1.Жемістер нешеге бөлінеді?

2.Шырынды жемістерге қандай жемістер жатады?

3.Жеміс гүлдің қай бөлімінен пайда болады?

4.Неліктен құрғақ жемістер деп аталады?

5.Бұршаққынға қандай өсімдіктер жатады?

5. Оқушыларды бағалау

6.Үйге тапсырма беру §23, 84 бет кесте толтыру

7. Қорытынды сөз.



© 2010-2022