Тері аурулары

Сабақтың тақырыбы:Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға құс шаруашылығы, үй құстарының арғы тектері, еліміздегі құс шаруашылығы жайында түсінік беру 2. Тәрбиелік: Оқушыларды құстарды күтіп – баптауға, ұқыпты, жинақы болуғатәрбиелеу.3.Дамытушылық:Оқушылардың құстар жайындағы түсініктерін молайта отырып, есте сақтау қабілеттерін дамытуСабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әді...
Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 10 04 14

Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары

Сабақтың мақсаты: дене гигиенасы,терінің әртүрлі аууларымен таныса отырып,олардың пайда болуы мен алдын алу туралы мағлұмат алу.

Білімділігі: Оқушыларды терінің негізгі қызметтерімен таныстыру.

Дамытушылығы: терінің қызметі туралы жалпы биологиялық түсініктерін дамыту,кітаппен жұмыс істеуге үйрету.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілгі: өз денсаулығына дұрыс қарауға және жеке-бас гигиенасы ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Топтық жұмыс,ізденіс сабақ

Сабақтың жаңа технологиялық әдісі: АКТ,Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, презентациялар

Пәнаралық байланыс: медицина,қазақ тілі.

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Білімді өзектеу.

- Қараңдаршы балалар! Мына мектеп формасымен қандай әдемісіңдер?

- Бірақ өте өкінішті, себебі осы үстеріңе киіп отырған киімдерің жыртылады, жаңбыр тисе су болады тозады, жылдан кейін қысқарып қалады.

- Шіркін,су болмайтын,жыртылмайтын,тар болып қалмайтын киім болса гой!

- Бірақ бізде ондай киім бар емес пе?Мен не жайында айтып тұрмын?

- Тері - біздің табиғи киіміміз және қорғанышымыз.Ағаш,жемістер - сыртқы қабығымен,ал жануарлар терісі мен жүні арқылы қорғанады.

- Олай болса оқушылар ,алдыңғы сабағымызда біз «Терінің құрылысы мен қызметі» тақырыбын оқыған болатынбыз.Енді алған білімімізді өзектейік.

1.Сиқырлы сандықша.

Бұл кезеңде оқушыларға сыр сандықтан сұрақтар қойылады. Жауап берген топтарға тәттілер беріледі.

1.Тері қандай мүше?

2.Терінің қызметін атаңдар?

3.Тері қандай қабаттардан тұрады?

4.Терінің сыртқы қабатының қызметі қандай?

5.Тері қандай ұлпадан түзілген?

6.Май және тер бездері қандай қызмет атқарады?

7.Тер дегеніміз не?

8.Терінің мүйізді түзілісіне не жатады?

Ой қозғау. Тері туындылары.

Ойлау қабілетін байқау үшін берілген сурет бойынша мағлұмат алу.

Дүние жүзіндегі ең ұзын тырнақты әйел. Ол Гиннестер рекорттар кітабына енген.Ол АҚШ-тың Солк Лайк Сити штатында тұрады.Есімі Ли Редмон.Ол тырнағын 30 жыл өсірген екен.Тырнағының ұзындығы 8.65 м.

III. Жаңа сабақ. Тері аурулары.

Суреттер көрсетіледі де, оқушылар осы суреттерге қарай отырып, бүгінгі өтетін тақырыптың атауын шығарады.

Тақырыпты тапқаннан кейін топтық жұмыс жасайды.

Тапсырмалар.

  1. Постер қорғау.

I Топ: Безеу туралы сипаттайды.

II Топ: Саңырауқұлақтар туғызатын аурулар.

IIIТоп: Қышыма қотыр

IVТоп: Дене гигиенасы.

IV.Сабақты бекіту.

Классификациялау.

Әртүрлі суреттер үлестіріледі. Сол суреттерді топтастырады.

2.Тапсырма. Тері сөзіне түбірлес сөздерді ,жазыңдар.

V.Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ жайында алған әсерлерімен бөліседі.

VI.Оқушышларды бағалау.

VII.Үйге тапсырма.Тақырыпты оқу. Интернет желісінен тері аурулары туралы мағлұматтар жинау.

Ұстаздар сайты

Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары.

Сабақтың мақсаты:
білімділігі - оқушыларды терінің қорғаныштық, рецепторлық, жылу реттеушілік және тер шығару қызметтерімен таныстыру.
тәрбиелілігі - өзінің денсаулығын күтуге және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
дамытушылығы - терінің қызметі туралы жалпы биологиялық түсініктерін дамыту, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұхбат, баяндау, өздік жұмыс, сұрақ - жауап.
Құрал - жабдықтар: Слайд. «Терінің құрылысы», «Тері аурулары»

Сабақтың барысы: 1. ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Менен сұрақ, сізден жауап.
1. Зат алмасудың соңғы өнімдерін организмнен шығаратын мүшелерді атаңдар. тері, бүйрек, өкпе, ішек.
2. Зәр жиналатын бұлшық етті мүше. Қуық.
3. Зәр шығару мүшелерін атаңдар. Бүйрек, несепаар, қуық, зәр шығару өзегі.
4. Бүйрек арқылы тәулігіне неше литр қан өтеді? 1500 - 1700 л
5. Бүйректе негізгі қызмет атқаратын құрылым. нефрон
6. Бүйректе түзілетін сұйық зат. Зәр
7. Түнде зәр тоқтамайтын ауру. Энурез
8. Зәр шығару мүшелерін және олардың ауруларын зерттейтін ғылым. Урология
9. Қуықтың сыйымдылығы неше мл? 500мл
10. Бүйректі қуықпен байланыстырып, қабырғасы қалың бұлшық еттен тұратын түтікшелер. несепағар
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сезім мүшелері:
Көру мүшесі - КӨЗ
Иіс сезу мүшесі - МҰРЫН
Есту мүшесі - ҚҰЛАҚ
Сипап сезу мүшесі - ТЕРІ
Дәм сезу мүшесі - ТІЛ

Тері:
● Көп қызмет атқаратын күрделі мүше.
● Адам денесінің сыртқы жабыны.
● Ол микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбейді.
● Ауру мен денсаулықтың айнасы.
● Сипап сезу мүшесі болып табылады.
● Жүйке жүйесімен байланысты.
● Мықты, серпімді.
● Жеңіл, еркін қозғалуға мүмкіндік береді.
● Судың мөлшерін белгілі көлемде сақтайды.
● Ағзадағы артық тұздар тері арқылы шығып отырады.
● Түсі меланин пигментіне байланысты әртүрлі болады.
● Оның туындысы - тырнақ пен шаш.

Терінің атқаратын қызметі:
1. Қорғаныш 2. Сезімталдық 3. Ыдырау өнімдерін шығару. 4. Жылу реттеуші. 5. Тыныс алу
Сыртқы қабат Эпителий ұлпасынан тұрады. Үстіңгі қабат өлі жасушалардан тұрады. Ол теріні қатты бөлшектердің газдардың, сұйықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген өлі жасушалар орнына жаңасы келіп отырады
Ортаңғы қабат
Дәнекер ұлпадан тұрады. Терінің бұл қабаты қан тамырлар мен жүйке талшықтардың таралған ұштарымен торланған.
Ішкі қабат
Май ұлпасынан түзіледі, ол ағза мүшелері үшін оқшаулағыш қабат, "төсеніш" қызметін атқарып, қоректік заттар мен энергияға қойма болып есептеледі.

Тері аурулары. Безеу.
Бұл - жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т. б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар. Ең бастысы - бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру.
Паразит саңырауқұлақтық тудыратын аурулар.
Терінің төменгі қабатын зақымдайды. Бұл қабыршақты қабатты, аяқтың, қолдың тырнақтарын толық зақымдайды. Оларға күбіртке, терінің астына тырнақтың өсуі.
Сүйел.
Терінің вирустық ауруы. Онымен көпшілік жағдайда балалар және жасөспірімдер ауырады.
Витилиго.
Терінің әр жерінде меланин пигментінің түзілуі бұзылғандықтан түрлі пішіндегі ақ дақтардың пайда болуы.
Қышыма қотыр.
Қотыр кене. Ол дененің жұмсақ бөліктерін, яғни саусақ аралықтарын, кеуде бөлігін, ішті оның төменгі жағын тесіп өзіне жол салады. Осы қышымамен ауырған адамның денесі қатты қышиды, әсіресе түнге қарай қышығаны қатты үдейді.
Ұшық.
Вирустық ауру. Ол теріде және сілемейлі қабықшада көптеген ұсақ көпіршіктерден түзіледі.
Теміреткі.
Бұл ауруды көбіне паразит саңырауқұлақтар таратады.
Тері ауруларын емдейтін дәрігерді - дерматолог деп атайды.

Дерматолог былай дейді:
Халқымыздың ежелден келе жатқан «тазалық - денсаулық кепілі»,- деген мақал бар. Олай болса терінің тазалығы адамның денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі. Күнделікті өмірде барлығымыз бірдей тері тазалығына көңіл бөлуіміз қажет.
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Адам терісінде 15000 суық және 16000 жылу рецепторлары бар
Адам шашы сабын көпіршігінен 500 есе қалың, қылтамырдан 5 есе, өрмектен 20 есе қалың
Бүкіл денеде саны 20 миллионға дейін жететін өзге де түктер болады.
Әрбір кірпік бір - екі ай ғана өмір сүреді де, түсіп қалады, содан кейін, жаңа кірпік өсіп шығады.
Әдетте тырнақ аптасына 2, 5 мм - ге өседі
Орта есеппен алғанда, адамның басында 100 000 - нан 120 000 - ға дейін шаш болады.

Түсініп, есте сақтаңдар!
Эпидермис. Дерма. Тер бездері. Шел қабаты. Қотыр(қышыма). Сүйел. Витилиго. Ұшық. Теміреткі. Безеу.
№12 зертханалық жұмыс.
Мақсаты: қол ұшының сыртын және алақанды зерттеу, саусақ ұшындағы тері өрнектері не мән беріп қарау
Керекті құралдар: лупа.
Жұмыс реті:
1. Лупа арқылы алақанның сырт жағын қарау.
2. Алақанды қарау, терінің сипап сезу және суықты сезіну рецепторларын анықтау. (әртүрлі заттар)
3. Лупа арқылы алақанды сырт жағымен салыстыру.

Қорытынды жазу.
Өзіндік жұмыс
Терінің қызметі:
Терінің құрылысы:
1. Эпидермис 2. Жылу реттеу 3. Нағыз тері 4. Тыныс алу 5. Шел қабаты 6. Сипап сезу 7. Тырнақ 8. Қорғаныш 9. Май бездері. 10. Ыдырау өнімдерін шығару 11. Шаш
Терінің құрылысы: 1, 3, 5, 7, 9, 11.
Терінің қызметі: 2, 4, 6, 8, 10.
Алмасып кеткен жүйелер.

1. Ас қорыту жүйесі
Ауыз, көмекей, жұтқыншақ, ұлтабар, өңеш, кеңірдек, аш ішек, тік ішек, тоқ ішек
Тыныс алу жүйесі
Мұрын, өңеш, асқазан, көмекей, аш ішек, өкпе, бронхылар, тоқ ішек.
Зәр шығару жүйесі
Бүйрек, қуық, нефрон, кеңірдекнесепағар, ауыз, зәр шығару өзегі., бүйрек астауы

Бекіту сұрақтары:
1. Дененің сыртқы жабыны.(тері)
2. Дәнекер ұлпасының тығыз қабаты (дерма)
3. Терінің ең негізгі қызметін ата.(қорғаныш)
4. Эпителий ұлпасынан түзілген сыртқы қабат. (эпидермис)
5. Саусақ басын қорғайтын терінің мүйізделген құрамы (тырнақ).
6. Терінің жылу бөлетін қабаты.(шел)
7. Жыныстық жетілудің әсерінен болатын ауру.(безеу)
8. Қотыр кене тудыратын ауру.(қышыма қотыр )
9. Паразит саңырауқұлақтар туғызатын тері ауруы.(теміреткі )
10. Қайратты түк.( сақал)

Бағалау.
Үйге тапсырма: § 54, 55
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары.

Тақырыбы: Тері. Жылу реттеу

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы, тері аурулары туралы алған білімдерін қорытындылау
ә) Дамытушылық: кесте толтыру, сәйкестікті анықтау, жаңа сөздерге анықтама беру дұрыс тұжырымдарды анықтау арқылы оқушылардың ой өрісін, дүниетанымын дамыту
б) Тәрбиелік: оқушыларды шешім қабылдағыштыққа, өз ағзаларын күте білуге салауаттылыққа, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу
Сабақ типі: Қорытынды сабақ
Сабақ түрі: Аралас
Сабаққа қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап, жеке, топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте, лупа, суреттер
І. Ұйымдастыру:
- Оқушыларды түгелдеу
- Тәртіп, тазалықты қадағалау
- Оқу - құралдарын тексеру
ІІ. Қорытынды сабақ

Жоспар:
1. Ассосациялық сұрақтар
2. Кесте "терінің құрылысы мен қызметі"
3. Біліміңді сына "Терінің рөлі қандай?"
4. Жұмбақтар
5. "Сынақтан сүрінбе?"
6. Зерттеу
7. "Суреттер сөйлейді" (слайд)
8. Анықтама сөздер

Оқушыларды («Биологтар»; «Дерматологтар»; «Косметологтар») 3 топқа бөліп білімдерін жарыс түрінде өткізу.
1. Ассосациялық сұрақтар:
1) Тері дегеніміз не?
2) Неге шыныққан адамдар аз ауырады?
3) Теріні не үшін күтеміз?

3. Кесте "терінің құрылысы мен қызметі" (құрлысы мен қызметі ауыстырылып беріледі, тиісті сөйлемді орынына қою)
Терінің қабаттары
1. Эпидермис
Құрылым ерекшелігі:
Көпқабатты эпителий, сыртқы қабаты - мүйізді қабат, өлі жасушалардан, ішкі - өсуші қабат - тірі жасушалардан тұрады.
Қызметі:
Теріні сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзалардан қорғайды.

2. Дерма (нағыз тері қабаты)
Құрылым ерекшелігі:
Дәнекер ұлпасынан тұрады, қалыңдығы 1 - 205 мм, қантамырлары, лимфа, жүйке талшықтары жиі орналасқан. Бұл қабатта түктің түбірі, тер, май бездері орналасқан.
Қызметі:
Тер мен зат алмасу өнімдері шоғырланған, су - тұз алмасу реттеледі, дене температурасы реттеледі.

3. Тері астындағы май клетчаткасы (гиподерма)
Құрылым ерекшелігі:
Май жасушаларына толы, қалың, жұмсақ ширатылған талшықтардан тұрады.
Қызметі:
Ішкі мүшелерді, ұлпа мен сүйекті соққыдан сақтайды, ішкі мүшелерді жылу мен суықтан қорғайды.

3. Біліміңді сына
"Терінің рөлі қандай?"
1) Тері - жабын мүшесі, неге?
2) Тері - қорғаныш мүшесі, неге?
3) Тері - сезім мүшесі, неге?
4) Тері - дене температурасының тұрақтылығын сақтаушы, неге?
5) Тері - зәр шығару мүшесі, неге?
6) Тері - тыныс алу мүшесі, неге?
7) Теріде дәрумені түзіледі, қандай?
8) Теріде қоңыр пигмент түзіледі, неге?
9) Теріде бездер бар, қандай?

4. Жұмбақтар
1) Тау басында бәйтерек, бәйтерекке су керек. (бас, шаш)
2) Өзінің жаны жоқ
Жандыға жабысып күн көреді. (тырнақ)
3) Газды да алмастырады, суды да бөледі.
Ыстық-суығыңды да сезеді,
Күте білсең аурудан да қорғайды. (тері)

5. "Сынақтан сүрінбе?"
1. Терінің сыртқы қабаты.
а) шел ә) эпидермис б) дерма

2. Терінің сыртқы қабатындағы ұлпа.
а) жүйке ұлпасы ә) бір қабатты эпителий б) көп қабатты эпителий

3. Нағыз тері қабаты.
а) дерма ә) шел б) эпидермис

4. Тері бездері терінің қайсы қабатында орналасқан?
а) эпидермис ә) дерма б) шел

5. Нағыз тері қабаты қандай ұлпадан тұрады?
а) майлы ұлпа ә) эпителий б) дәнекер

6. Терінің қызметтері.
а) қорғаныш ә) эпителий б) екеуі де

7. Қоңыр пигмент терінің қайсы қабатында түзіледі?
а) шел ә) эпителий б) дерма

8. Теріде түзілетін дәрумен.
а) Д ә) В б) С

9. Саусақ басын қорғайтын терінің мүйізделген құрамы
а) май ә) тырнақ б) шаш

10. Газдардың алмасуы терінің қандай қызметіне негізделген
а) зәр бөлу ә) қорғаныш б) тыныс алу

6. Зерттеу (биологтар, дерматологтар, косметологтар қол ұшының сыртың және алақанды зерттеп мамандығына сай жауап беру)

7. "Суреттер сөйлейді" (слайд)
1. Тері аурулары
2. Тері күйгенде
3. Үсік шалғанда
4. Тері ауруларының алдын алу. Шынығу
5. Бет күтімі
6. Тырнақ күтімі
7. Шаш күтімі
8. Киім гигиенасы
9. Аяқ киім гигиенасы
10. Киім таңдай білесіз бе?
11. Әдемілікті қалайсыз ба?

8. Анықтама сөздер
Эпидермис
Дерма
Май клечаткасы
Витилиго
Темретка
Дерматолог
Рецепторлар

Ақша жоғалтқаның ештеңе жоғалтпағаның
Уақыт жоғалтқаның аз жоғалтқаның
Денсаулық жоғалтқаның бәрін жоғалтқаның.
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл -
Үшеуімен бақытты болады өмір.

Өз денсаулығыңды күт!
Өз организміңді шынықтыр!
ІІІ. Бағалау
«3», «4», «5» бағаларын қою арқылы, қорытынды бағасын шығарамыз

© 2010-2022