Открытый урок на тему Жапырақ

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

№27 С.Есқараев атындағы орта мектеп

Биология пәні мұғалімі Т.Көшербаева

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жапырақтың сыртқы құрылысы, атқаратын қызметі және

жүйкеленуі туралы түсінік беру

Дамытушылық: Өсімдіктің өсу мүшелері, жапырақтың түрлері туралы

түсініктерді есте сақтау қаблетін дамыту

Тәрбиелік: Жапырақ түрлерін ажырата білуге үйрету және

өсімдіктердің маңызын ұғындырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сәйкестік кестесі, сөзжұмбақ, биологиялық диктант, екі жақты

күнделік

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кеппешөптер, фишкалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу

2. Кітап - дәптерлерін тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


  1. «Ой қозғау» әдісі

«лездемелік сұрақтар)

  1. Өсімдік мүшелерін неше топқа бөлеміз?

  2. Өсу мүшелеріне нелер жатады?

  3. Көбею мүшелеріне нелер жатады?

  4. Тамырдың қандай түрлері бар?

  5. Тамыр жүйесінің қандай түрлері бар?

  6. Тамыр бөлімдерін ата

  7. Тамырдың қандай түрөзгерістерін білесің?

  8. Сабақтың қандай түрлері бар?

  9. Сабақтың ішкі құрылысы қандай қабаттардан тұрады?

  10. Сабақтың қандай түрөзгерістерін білесің?


  1. «Екі жақты күнделік» әдісі:

Өсімдік мүшелері

Тән белгілер

А. Тамыр


Б. Сабақ

1. жер үсті және жер асты мүшелерін байланыстырып тұрады

2. Топырақ арқылы қоректену жүреді

3. Жер асты мүше

4. Өсімдіктерді топыраққа бекітіп тұрады

5. Қоректік заттарды өз бойынан өткізіп тұрады.

6. Гүл және жапырақ бекініп тұрады.


Жауабы: А- Б-

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Сөзжұмбақ шешу

«Жапырақ»

  1. Сабақ өсімдіктің қандай мүшесі?

  2. Сабақтың жуандап өсуін қамтамасыз ететін қабаты

  3. Сабақтың жер астылық түрөзгерісі

  4. Сабақтың жер астылық тамырға ұқсайтын түрөзгерісі

  5. Сабақтың камбиден кейінгі қабаты

  6. Шырмалғыш және өрмелегіш сабақтарды қалай атаймыз?

  7. Сабақтың сыртқа қабаты

ІУ. Жаңа сабақ кезеңі

Жапырақ - өсімдіктің өсу мүшесі. Атқаратын қызметі:

  • жарықтың әсерінен бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді

  • жасушадағы артық суды буландырады

  • газ алмасады

  • органикалық заттарды қорға жинайды

  • көбеюге қатысады

Жапырақтың сыртқы құрылысы жапырақ тақтасынан және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген бөлімі тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішкерген жері сағақ деп аталады. Сағақ жапырақты қозғалтады, тірек және өткізгіштік қызмет атқарады. Жапырақтар сағақты және сағақсыз болып бөлінеді. Сағақсыз жапырақтардың негізі ұзарып өсіп, сабақты түтік тәрізді қусырып, ол қынап деп аталады. Қынапты жапырақтар астық тұқымдас өсімдіктерде болады.

Жапырақтар сыртқы пішінінен қарай әр түрлі болып келеді: - бүйрек тәрізді, жүрек тәрізді, ине тәрізді, таспа тәрізді, жебе тәрізді, ромб тәрізді.

Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы әртүрлі болады. Жапырақ алдымен ұшынан бастап өседі, өсу 30-40 күнге созылады. Тіршілік ету серзімі де әртүрлі - қарағайда 2-4 жыл, Кавказ самырсынында 9-13 жыл, шыршада 5-12 жыл, еменде 1-4 жыл т.б.

Жапырақтар тақта санына байланысты 2-ге бөлінеді:

Жай жапырақтар - сағақта бір ғана тақта болады.

Күрделі жапырақтар - сағақта 2 және одан да көп тақталар болады. Олардың өзі 3 -ке бөлінеді: - үш құлақты күрделі

  • саусақ салалы күрделі

  • қауырсын тәрізді күрделі

Жапырақтар жүйкеленуіне қарай 4 -ке бөлінеді: - қауырсын тәрізді торлы

  • Саусақ салалы

  • Қатарлас жүйкелі

  • Доғалы жүйкелену

Жапырақтардың сабақта орналасуы да әртүрлі болады. Сабаққа бекінудің де 3 түрі бар:

  • кезектесіп орналасу

  • қарама - қарсы орналасу

  • топтанып орналасу

У. Сабақты бекіту


  1. Биологиялық диктант жазу

1.Жапырақтың кеңейген жалпақ бөлімі ..................

2.Жапырақ сағағының орнына түтік тәрізді өсетін бөлім..............

3. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасу....................деп аталады

4. Жапырақ өсімдіктің ................... мүшесі.

5. Жапырақ ........................ және .......................тұрады.

6. Астық тұқымдастардың жапырақтары .................... тәрізді болады.

7. Бір сағақта жапырақ саны 2 және одан да көп болса.................................................. деп аталады.

8. Қынапты жапырақтар .......................................................................................................болады.

9. Бір ғана тақтасы бар жапырақ......................................................................деп аталады.


  1. Суретпен жұмыс

УІ. Сабақты қорытындылау

Сәйкестік кестесін толтыру

Белгілері

Сабақ

Жапырақ

1. Жер үстілік мүше

2. Қоректік заттар жылжиды

3. Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездеп, фотосинтез үдерісі жүреді

4. Жүйкелері бар.

5. Сүрек қабаты бар.

6. Сағақты және сағақсыз түрлері болады

7. Өсімдік денесін тік ұстап тұрады

8. Жапырақ пен гүл бекінеді.


УІІ. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу

«Жапырақ» сөзіне пирамида кестесін құрастыру

С тапсырманың №2 орындау

УІІІ. Оқушыларды бағалау

Жинаған фишка санына қарай бағалаймыз.



© 2010-2022