Разработка урока: Жорғалаушылар класы

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алина Бақыткүл Қалиқызы биология-химия пәнінің мұғалімі

Қостанай облысы,Таран ауданы,»Евгенов негізгі мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушыларкласы,түрлері,

ерекшеліктері,маңызы

Мақсаттары:1.білімділік:жорғалаушылардың түрлері,маңызымен таныстыру,тіршілік ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту,ой-өрісі,қызығушылықтарын арттыру,қосмекенділермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра сипаттау әдісін жалғастыру

2.дамытушылық:оқушылырдың белсенділіктерін арттыру,ойлау қабілеттерін,шапшаңдықтарын дамыту,өз бетімен білім алуға баулу

3.тәрбиелік:қоршаған ортаны қорғауға,өз білгенін ортаға

салып бөлісуге,ізденушілікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивты тақта,слаидтар

Сабақтың әдісі:оқулықпен жұмыс,пармен жұмыс

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Жаңа сабақ.

Слаид 1

Белгілері

Отряд

Қабыршақтылар (кесірткелер)

Түр саны

3000/ 30

Дене жабыны

Майда жұқа,ұсақ

қабыршақтар

Аяқтары

5 саусақты 2 жұп аяқтары жақсы жетілген

Тістері

жақ сүйегімен бірігіп кеткен ұсақ тістер

Ішкі құрылысының

ерекшеліктері

кеуде қуысы,жамбас белдеуі,аяқтары

жақсы дамыған,2 өкпе

Слаид2

Белгілері

Отряд

Қабыршақтылар (жыландар)

Түр саны

3000/18

Дене жабыны

Ұсақ

қабыршақтар

Аяқтары

белдеулерімен

аяқтары жоқ

Тістері

Ірі тістер

Ішкі құрылысының

ерекшеліктері

кеуде қуысы жоқ,қабырғалары еркін аяқталады,1 өкпе

Слаид 3

Белгілері

Отряд

тасбақалар (тасбақалар)

Түр саны

250/2

Дене жабыны

сүйекті-мүйізді,

сүйекті терілі сауытпен қапталған

Аяқтары

2 жұп аяқтары жақсы дамыған,

теңізде тіршілік

ететіндерінде

жарғақ болады

Тістері

тісі жоқ,жағы мүізді қабықпен

қапталған,оның шеттері өткір

Ішкі құрылысының

ерекшеліктері

қаңқасы сауытпен бірге бірігіп кеткен,2өкпелі

Слаид 4

Белгілері

отряд

крокодилдер

Түр саны

30

Дене жабыны

сүйекті тақташалармен

төселген ірі мүйізді қалқаншалар

Аяқтары

2 жұп аяқтары

жақсы жетілген,артқы аяқтарында

жүзбе жарғақтары бар

Тістері

Ірі,әрбір тісі жеке жақ ұяларында орналасқан

Ішкі құрылысының

ерекшеліктері

кеуде қуысы,жамбас белдеулері дамыған,өкпесі күрделі,жүрегі

4 қуысты

Слаид 5

Жорғалаушылардың маңызы,оларды қорғау

1.Бауырымен жорғалаушылар ұлулар,жәндіктер,әртүрлі тышқан тәрізділермен қоректену арқылы олардың санына әсер етеді

2.Әртүрлі елдер ертеден бері крокодил,үлкен жылан және кесірткелердің терісін сумкалар,чемодан,аяқ-киім,белдіктер жасауда қолданады

3.Кейбір тасбақа түрінің сауытының мүйізді тақташаларын арнайы өңдеу арқылы көзілдіріктерге оправа,тарақтар жасалынады

4.Медицинада жылан уынан қымбат дәрілер өндіреді,сол себепті арнайы жылан тәлімбақтары құрылған

5.Кәсіби және улы бауырымен жорғалаушыларды жоюмен байланысты олардың саны азайып,жоғалу қаупі туды,сол себепті оларды қорғау қажет

Слаид 6

Қызықты мәліметтер

-Гаттерияның екі көзінің ортасында ерекше «төбе көз»болғандықтан үш көзді гаттерия деп те атайды

-Ең ірі тасбақа-піл тасбақа салмағы-298 кг ол Сейшель және Маврикий аралдарында өмір сүреді

-Жылан тамақ ішпей 3 жыл қатарынан ұйықтай алады

-Қытайда жыланды ең бастысы -аспаздық қажеттілікке,Үндістанда-терісі үшін,Бирмада-у ға қарсы зат ретінде пайдаланады

III.

1.«Қандай пікір дұрыс?» Иә,жоқ. Слаид 6

Жорғалаушылар-алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар -жоқ

Тік ішектің кеңейіп келген соңғы бөлігі клоака деп аталады -иә

Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі өкпе -иә

Жылан мүшелдік жыл санауда 6 жыл -иә

Тасбақаның денесі ұсақ қабыршықтармен қапталған -жоқ

Жыландардың өкпесі күрделі, жүрегі 4 қуысты -жоқ

Алғаш кеуде қуысы қосмекенділерде пайда болды -жоқ

Қазақстанда кесірткелердің 30 түрі тіршілік етеді -иә

Герпетология қосмекенділерді зерттейтін ғылым -иә

Жыландардың қабырғалары еркін аяқталады -иә

2.Сұрақ менен,жауап сізден. Слаид 7

1.Неліктен жорғалаушылар деп аталған?

2.Жорғалаушылардың қаңқасының құрылысының ерекшелігі қандай?

3.Кесіртке регенарациясы дегеніміз не?

4.Жыланның уы қандай?

5.Жорғалаушылардың қандай бұлшықеттері жақсы дамыған?

6.Гаттерияның төбе көзінде қандай жасушалар бар?

7.Қазақстанда улы жыландардың қандай түрі кездеседі?

8.Қазақстандағы ең үлкен кесіртке қалай аталады?

9.Жорғалаушылардың есту мүшесі қандай ?

10.Қазақстанда кездесетін тасбақалар?

Жауаптары:

1.Бауыры жерге тиіп жорғалайтындықтан аталған

2.Жорғалаушылардың қаңқасының құрылысындағы ерекшелік алғашқы кеуде

қуысы пайда болған

3.Кесіртке құйрығын үзіп тастау құбылысы

4.Жыланның уы мөлдір,сарғыш түсті ,иісі болмайды

5.Жорғалаушылардың аяқтарында,жақсүйектерінде,мойнында,кеуде

қуысында бұлшықеттері жақсы дамыған

6.Гаттерияның төбе көзінде жарық сезгіш жасушалар бар?

7.Қазақстанда улы жыландардың кәдімгі сұржылан,

дала сұржыланы,қалқантұмсық,оқжылан

8.Қазақстандағы ең үлкен кесіртке сұр келес

9.Жорғалаушылардың есту мүшесі ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады

10.Қазақстанда кездесетін тасбақалар дала және батпақ тасбақасы

3.Сәйкестік тесті Слаид 7

1. Қазақстанның Қызыл кітабына жыланның тіркелген

түр саны а)Терісі құрғақ,бездер аз

2. Жорғалаушылардың... ә)Денесі мүйізді сауытпен қапталған

3. Қосмекенділер саны б)денесіне аралас қан тарайды

4. Тасбақалар в)Кесірткеге ұқсас

5. Крокодилдерде г)алғаш кеуде қуысы пайда

6. Гаттерия д)4000

7.жорғалаушыларда е)жорғалаушылардың жоғары сатыдағы тобы

8. Қосмекенділердің ж)4

Жауаптары:

1.ж) 2.а) 3.д) 4.ә)

5.е). 6.в) 7.г) 8.б)

4.Ойлан,аяқта! Слаид 8

Кесірткелер- 4,6

Жыландар- 1,5

Тасбақалар- 2,7

Крокодилдер- 3,8

1.Дене жабыны ұсақ қабыршақтармен қапталған

2.Тісі жоқ,жағы мүйізді қабықпен қапталған,оның шеттері өткір

3.Кеуде қуысы ,жамбас белдеулері дамыған,өкпесі күрделі 4 қуысты

4.Бес саусақты екі жұп аяқтары жақсы жетілген

5.Қабырғалары бұлшықеттердің арасында бос жатады

6.Ұсақ тістері жақ сүйегімен бірігіп кеткен

7.Қаңқасы сауытпен бірге бірігіп кеткен

8.Артқы аяқтарында жүзбе жарғақтары бар

5.Сандарды сөйлетіңіз! Слаид9

Сандар: жауаптары:

1. 4000 Қосмекенділердің түрі

2. 18 Қазақстандағы жыландар түрі

3. 4 Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелегн жыландар саны

4. 2 Қазақстандағы тасбақалар саны

5. 30 Қазақстандағы кесірткелер саны

6. 8000 Жорғалаушылардың жалпы саны

7. 3 Жорғалаушылардың жүрек бөліктері

8. 5 Ми бөліктерінің саны немесе саусақ саны

9. 20 Гаттерияның жыныстық жағынан жетілуі

10.50 Гаттерияның өмір сүру ұзақтығы

11. 6 Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген кесірткелер саны

12. 4 Крокодилдердің жүрегі

6.Ой толғаныс. Егер де мен табиғат қорғаушысы болсам? (аз көлемдегі эссе) Слаид 10

Бағалау парағы толтырылады.

1

Қандай пікір дұрыс?«иә», «жоқ»

2

Сұрақ менен,жауап сізден

3

Сәйкестік тесті

4

Ойлан,аяқта!

5

Сандарды сөйлетіңіз!

6

Ой толғаныс.Егерде мен...

7

Қортынды баға

IV.Қортындылау:

1.-Жорғалаушылар негізгі отрядтары: қабыршақтылар,тасбақалар,қолтырауындар

2.-Қабыршақтылардың денесі майда жұқа ұсақ қабыршақтармен қапталған,жақсүйегімен бірігіп кеткен ұсақ тістері бар,аяқтарында бес саусақтары бар,әртүрлі орта жағдайларына бейімделген жыландар,кесірткелер,құбылғылар

3.-Тасбақалардың денесі мүйізді сауытпен қапталған, қаңқасы сауытпен бірге бірігіп кеткен,тісі жоқ,жағы үйізді қабықпен қапталған жануарлар

4.-Қолтырауындар жорғалаушылардың жоғары сатыда дамыған,дене жабыны ірі мүйізді қалқаншалармен қапталған,жүрегі 4 бөліктен тұратын,өкпесі күрделі,терісі қымбат бағаланатын жануарлар

5.-Құстұмсықбастылар өкілі гаттерия сыртқы түрі кесірткеге ұқсас, жыныстық жағынан баяу жетілетін , Жаңа Зеландия аралында ғана сақталған ертеден келе жатқан тірі қазынды

V.Рефлексия

Білемін

Мен үшін жаңалық

таңқалдырды


VI.Бағалау

VII.Үй тапсырмасы: Жорғалаушылар туралы қосымша мәліметтер дайындау.

© 2010-2022