Тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың түрі

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі

Мақсаты: 1. Оқушыларға өсімдік тіршілігіндегі судың рөлін ұғындыру .Судың қадір - қасиетін үйрету, су туралы білімдерін тереңдету.

2. Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Өздерінің образға ену, іздеп зерттеулер жүргізуімен пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыра отырып ,сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Типі:жаңа материалды меңгерту

Түрі: шығармашылық сабақ,

Әдісі:образға ену, зерттеу, салыстыру, талдау, сұрақ - жауап,

Пәнаралық байланысы: халық педагогикасы, экология, география, әдебиет,физика,математика

Көрнекілігі:бұлттар, кеспе қағаздар, персонаждарға арналған сахналық киімдер, слайд материалдары.

«Ертегілер еліне» саяхат жасайық, деп хабарлайды - мұғалім. Өзі сол ертегіні дауыстап ауызша оқи отырып, оқушылар су патшасын, мыстан кемпірдің шахмат ойнап отырған сәтін көрініспен көрсетеді. (киімін киіп, образға енеді). «Бір күні мыстан кемпір әлемдегі су патшасымен шахмат ойнайды. Мыстан кемпір патшаның барлық дүние мүлкін ұтып алады. Ең ақырында, патша шахматқа не тігерін білмей аңырап отырып қалады. Сонда мыстан кемпір патшаға әлемдегі өзен -көлді мұхиттағы суды тігуін сұрайды. Ақылсыз патша келісті. Мыстан кемпір әлемдегі суды да ұтып алады.патша мен мыстан тағы да ойнап, патша ұтылады.Мыстан аузымен ішіне суды сорып тартады.

... Сонда не болды дейсіз ғой сұмдық, өзен , көл, мұхит түгел тартылады, өсімдік қурап, жан -жануар, адамзат су іздеп сандалады, қаңғып қырылу күйіне жетті.

Осы кезде патша сарайына су сұраған барлық тіршілік иелері ағылады.

«Жол жүріп шаршап шалдығып аузымыз құрғап әзер дегенде жеттік -ау әйтеуір»

-Тақсыр патша ием не істедіңіз, әлем апат болатын болды ғой. Су керек біздерге, су керек деп зар қағып жылады.

-Қап не істедім? - деп патша қатты қапаланады.

Гүл патшаға қарап : -тақсыр, маған қараңызшы , күлтелерім , жапырақтарым солып, түссізденіп барады.Өліп барамын. Су беріңізші, тақсыр.

-Әттеген -ай, мен де ойланбаппын -ау. Кешіріңдір. Қазір қайтарып көрейін,-деп аузымен үрлейді. Еш нәтиже шықпайды.

Мәди:

-Өсімдіктердің барлығы бірдей қурап барады. Жан - жануар, адам бәрі де қиналып жатыр.

Сонда патша тұрып:

-Су жоқ, не істе дейсіңдер маған, ұтқызып қойдым!

Бақа жұлып алғандай:

-Е, тақсыр ием, бұлтты да ұтқыздыңыз ба?-деп сұрады.

Патша: (образға еніп)

-Жоқ, дұрыс есіме салдың ғой деп, бұлттарды жинап, нөсер жауын жауғызды да жер көкте тіршілік қайтадан қалпына келеді.

-Кәне, мен де сіздермен бірге бар өнерімді, сіздер секілді білімімді ортаға салып, бұлттарды жиып алайық.

Тақтада ілінген бұлттардағы тапсырмаларды орындау.

1-тапсырма:

Кеспе қағаздардағы сұрақтарға жауап беру.

1.Өсімдіктердің өбею жолдарын айтыңыз.

2.Картоп қандай мүшелері арқылы көбейеді?

3.Пияз, сарымсақ, т.б. қандай мүшелері арқылы көбейеді?

4.Тамырсабаққа тән белгілерді ата.

5.Тамырға тән белгілерді ата.

2-тапсырма:Сәйкесік тест

1.Картоп

2.Қызғалдақ

3.Сарымсақ

4.Қазжуа,

5.Бидайық

6.Бүлдірген

7.Картоп

8.Жералмұрты

түйнек

пиязшық

тамырсабақ

3-тапсырма Актуальдау бөлімі:

Сусыз өмір болған емес, Сондықтан да бар әлемде

Сусыз әлем көркем емес, Су қымбат деу жалған емес.

Патша уәзірі /мұғалім/: кәне, барлығымыз « Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі »тақырыбында жаңа білім алайық. Бар білгенімізді ортаға салайық.

4-тапсырма: Оқулықпен жұмыс.

Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі./Оқушылар тақырыпты оқып, түсінгендерін ортаға салады.

5-тапсырма:ВЕНН диограммасын құру.

Тұңғиық пен сексеуіл өсімдіктерін салыстыру./Мәтін беру/.

6-тапсырма: Су әлі де зерттеуді қажет етуде. Су туралы зерттелген еңбектер.

Әділет:

  1. География ғылымына сүйенейік:

Жер планетасының бетіндегі су , барлық жер қыртысының 360,1млн км2 немесе 70,8℅-ың алып жатыр. Жер бетіндегі судың қоры: теңіз бен мұхиттарда - 1,4млрд км3 , мұздықтарда тұщы су - 30млн км3, өзендер мен көлдерде - 3 млн км3. су жердің геологиялық тарихында тіршіліктің пайда болуында, жер шарының климаттық қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Су - тіршілік тірегі.

Ақгүл:

2. Биология ғылымына сүйенейік:

Тіршіліктің негізін құрайтын зат алмасу үрдісі сулы ортада өтеді.

Кактус ағзасы -28 жылда, тасбақа ағзасы -1 жылда, түйе ағзасы -3 айда, адам ағзасы 1 айда жаңарады, Адам сусыз 3 күн, тамақсыз 1 ай тіршілік ете алады. Күнбағс 1 жазда 40 метр су сіңіреді, қияр мен қарбызда -90% болады, алма, қызылша, картоптың -75% судан тұрады.

Мәди:3. Физика ғылымына сүйенейік:

Таза су түссіз сұйықтық, иісі және дәмі жоқ 1000С кезінде қайнайды 00С кезінде қатады.

Жандос:

4 Экология ғылымына сүйенейік:

Сусыз өмір жоқ дейміз де, сол судың қадір -қасиетін білмейміз. Судың қадіріне жетейік ағайындар!

Оразгүл:

6. Әдебиет ғылымына сүйенейік:

Су -өмір көзі; су -жер нәрі; су тіршілік көзі; су -табиғаттың айнасы; су ішетін арығы жоқ елдің, сүзіп алатын балығы жоқ; сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас; жер -қазына, су алтын; сулы жер-нулы жер; қар мол болса, дән көп, су көп болса, ну көп; судың да сұрауы бар.

Уәзір:

-Су дүниенің басы» деген мақал неліктен айтылады? (Бүкіл жан - жануар, өсімдік өмірінде судың рөлі ерекше) Бұдан жүздеген жыл бұрын өмір сүрген адамдар суды жаратылыстағы балық заттардың бастамасы деп таныған.

Мыстан: осы су кімге керек? Айтыңдаршы

(Оқушылар хормен )- бәрімізге керек!

Уәзір:

Ал бүгінгі күні қонақта болған

Су патшасынан «бата» сұрайық онда.

Су патшасы :

- Мен берейін бата

Батаменен ел көгерер

Жауынменен жер көгерер

Сусыз жер болмасын

Білімсіз ел болмасын

Ассын - тассын

Судай боп мөлдіреп, ақсын

Жорытқанда жолдарың болсын! (Аумин)

Осы кезде патша сарайының терезесінен тамшылардың дыбысы шығады.

/қол шапалақтау/

Бағалау.Кейіпкерлердің білімін бағалау.

Үйге тапсырма: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі

Хабарлама «Жер - қазына, Су - алтын»

«Судың ластануы мен азаюы »



© 2010-2022