Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырып: Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі


№1 практикалық жұмыс: Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемгі жұмыстары.

Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).
«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1. Азық - түлікке жататын өсімдіктерді ата? Ж: картоп, алма, жидек т. б.
2. Өсімдіктердің өнуіне қандай жағдайлар қажет? Ж: су, жылу, ауа
3. Біз бидайды неге қадірлейміз? Ж: оқушы өз ойын айтады
Ондай болса, балалар, біз енді алдағы сабақтарымызда мәдени өсімдіктермен танысамыз.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1 - қадам: теория бойынша «Білу»
Тест
1. Мәдени өсімдікке қайсысы жатады?
А) Терек Ә) Қайын *Б) Алма
2. Өзгерген өркен ол не?
*А) түйнек Ә) көзше Б) тамыр
3. Қай мәдени өсімдікті «екінші нан» деп атайды?
*А) картоп Ә) алма Б) рапс
4. Шырғанақтың неше түрі бар?
А) 2 *Ә) 3 Б) 4
5. Қай өсімдіктен бал алуға болады?
А) Қызылша Ә) Орамжапырақ *Б) рапс
2 - қадам: теорияны «Түсіну»

Сұрақтарға жауап бер.
1. Мәдени өсімдіктер деп неліктен аталған?
Себебі,---------------------------
2. Түйнек деген не?
-------------------------------

3 - қадам: теорияны «Талдау»
Венн диаграммасын толықтыр.
• Мәдени дақылдар
• Мәдени дақылдарға жататын өкілдер
• Мәдени өсімдіктердің маңызы

4 - қадам: теорияны «Жинақтау»
Берілген өсімдіктердің санын тамыр жүйесінің жанына жаз.
1. Картоп 2. Қамыс 3. Асқабақ 4. Қарағай 5. Күріш 6. Бамбук 7. Қурай 8. Соя 9. Балдыр 10. Күнбағыс
Мәдени өсімдіктер:_____________________________
Жабайы өсімдіктер:____________________________

5 - қадам: практика жүзінде «Қолдану»
Жеміс - жидектерді ата. (сурет көрсетіледі)
6 - қадам: практика жүзінде «Баға беру»
Сен қалай ойлайсың?
1. Егер жер бетінде мәдени дақылдар өспесе не болар еді?
2. Егер мәдени өсімдіктердін бір түрі ғана болса, мысалы: картоп делік, онда не болар еді еді?



© 2010-2022