Ашық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы және көптүрлілігі

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:__________ Күні: Сабақ № 38

Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы және көптүрлілігі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға ашық тұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін сүректі яғни, ағаш, бұта, қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері және табиғатта атқаратын рөлі мен маңызы туралы білім беру;

ә) дамытушылық: оқушыларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер морфологиясы, түрлері және маңызы туралы білім бере отырып, түрлі әдістерді пайдаланып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

б) тәрбиелік: оқушылардың өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп - баптауға тәрбиелеу.

Сабаққа пайдаланылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, слайд, ашық тұқымды өсімдіктердің бүрі, бейнеролик.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың өтілу әдісі: тест алу, ауызша баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекші арқылы түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Тест

1.Қазіргі кезде плаундардың неше түрі белгілі?

А.200-500 В.300-450 С.450-600 Д.180-250 Е.100-400

2.Плаундарда қабықтың сыртқы қабатында қандай ұлпа бар?

А.Өткізгіш В.Бөліп шығарушы С.Тірек Д.Негізгі Е.Фотосинтездеуші

3.Плаундар қандай жолмен көбейеді?

А.Түрленіп көбейеді В.Бөліну, өсімді С.Жыныссыз Д.Өсімді жолмен Е.Өсімді, жыныссыз, жынысты

4.Шоқпарбас плаундар қайда өседі?

А.Шөлді жерлерде В.Тоқтау суларда С.Қарағайлы орманда Д.Тауларда Е.Ашық далалы аймақтарда

5.Споралар дамитын орын:

А.Спорангий В.Сорус С.Таллом Д.Ризоид Е.Микориза

6.Плаунтәріздестердің қазіргі кездегі өкілдері:

А.Қырықжапырақтар В.Қырықбуындар С.Көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер Д.Мүктер Е.Балдырлар

7.Төселіп өсетін өскіндерінің үзінділері арқылы жүзеге асатын көбею түрі:

А.Жынысты В.Өсімді көбею С.Жыныссыз Д.Бөліну Е.Тура даму

8.Плаун спораларының өнуінің типтерін ата?

А.Күздік, қыстық В.нағыз тамыр, нағыз жапырақ С.Шала, түрленіп Д.Көктемдік, жаздық Е.Жерүсті және жерасты

9.Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі:

А.Шоқпарбас плаун В.Шымтезек С.Көкек зығыры Д.Қырықбуын Е. Хлорелла

10.Плаундар өнеткәсіпте не үшін пайдаланылады?

А.Спирт алынады В.Йод алынады С.Лакмус алынады Д.Сары және жасыл бояу алынады Е.Сірке қышқылы алынады

Тест жауаптары:

1.А 6.С

2.С 7.В

3.Е 8.Е

4.С 9.А

5.А 10.Д

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ашық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Бұл ашық тұқымды өсімдіктердің споралы өсідіктерден негізгі ерекшеліктері. Бұлар ғаламшарымызда бұдан 220 миллион жыл бұрын тіршілік еткен ең ежелгі өсімдіктер. Қазіргі кезде ағаш және бұталы ашық тұқымдылардың 700-ге жуық түрі белгілі.Ашық тұқымды өсімдіктер ағаш және бұта түрінде кездеседі. Олардың діңі (сабағы), жапыраға, тамыры, жақсы дамыған өткізгіш жүйесі - сүрегі болады. Көпшілігінің көбею мүшесі бүр. Ашық тұқымдылар бірүйлі және екіүйлі болуы мүмкін. Қазіргі кезде қылқанды ашық тұқымды өсімдіктерден шырша, қарағай, самырсын, балқарағай, арша тағы басқалары белгілі. Бұлардың көпшілігінің жапырағы ине тәрізді (қылқанды), сондықтан қылқанжапырақтыларға топтастырылады. Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғатта алатын рөлі зор. Тұқымын көптеген құстар және сүтқоректілер қорек етеді. Адам өмірінде құрылыс материалына, қағаз дайнадауға пайдаланылады. Сібірлік ұарағай тұқымынан азықтық самырсын майы алынады.

«Сен білесің бе?»
- Шырша - 500 жыл бойы 30 - 35 м жетеді.
- Қарағай - 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.
- Қайың - 150 жылда 20 м.
- Емен - 2000 жылда 40м.
- Балқарағай - 850 жылда 45 м
- Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады.

ІV. Бекіту тапсырмалары.

1.Сөзжұмбақ шешу

2. «Құпия сан»
1. Жеміс түзбейді. 1. Ашық тұқымдылар
2. Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі. 2. Дің
3. Селбестамыр. 3. Арша
4. Ағаш сабағы. 4. Сүрек
5. Екі үйлі өсімдік. 5. Микориза
6. Топырақтың бүлінуі. 6. Эрозия
Жауабы: «Құпия сан - 145236»
V. Қорытынды.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат - жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол, анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың!VІ. Бағалау. Оқушыларды тәртібіне, сабаққа белсенді қатысуына қарай бағалаймын.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Ашық тұқымдардың өсімдіктердің сипаттамасы және көптүрлілігі тақырыбын оқып келу.



© 2010-2022