Зәр шығару жолдары сабақ жоспары

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8 сынып

Сабақ-53

Күні

Сабақтың тақырыбы

Зәр шығарудың маңызы. Зәр шығару мүшелері: бүйрек, несеп ағар, қуық, зәр шығару өзегі. Бүйректің құрылысы. Нефрондар. Зәр түзілу. Ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауда бүйректің рөлі. Бүйрек жұмысының реттелуі.


Жалпы мақсаттар

Білімділік:Бүйректің организмде орналасуын және сыртқы құрылысының

ерекшеліктерін атқаратын қызметіне сай бүйректің құрылымын анықтау. Зат

алмасу процесінің соңғы өнімдердің шығуының мәнін, олардың адам

организмінен шығу жолдарын түсіндіру

Тәрбиелік:Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, парасатты азамат болып

өсуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту,өздігінен

қорытынды жасай білуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Зәршығару мүшелерінің құрылысы қызметі туралы түсінік алады, топтық жұмыс істейді, пікірлерімен бөліседі, қызығушылығы артады, сөздік қоры дамиды,ауру тудыратын себебтермен қуресудің тиімді жолдарын үйреніп, өз денсаулықтарын күтуді үйренеді.. АКТ-ны пайдалануды біледі; Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгеру.

Әдіс тәсілдері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдай ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау,оқытуда АКТ пайдалану, қабілетті оқушыларды анықтау.

Дерек-көздері:

. Оқулық: 8- сынып, «Биология», Е.Очкур.,Л.Аманжолова.,Р.Жұмабаева,.Алматы «Мектеп», 2008 ж.)

Қажетті құралдар

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, зәр шығару жүйесі құрылысының суреті, электрондық оқулық, флипчарт

Түйінді идеялар

Зәр шығару мүшелері, бүйрек, несеп ағар, қуық, зәр шығару өзегі , бүйректің құрылысы, нефрондар.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.

Кезеңдері

І. а)Амандасу, түгендеу

б) ақ және қызыл гүлдер сын есімдерді беру арқылы оқушылар топқа бөлеміз.

в) Әр топ өзінің ережесін талдайды.,

г)әр топ өздерінің аутауларын айтады.

д)Әр топ мүшелері рөлге бөлінеді.

ІІ. «Кел, танысайық» тренингі

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

Әр топтың диалогтары тыңдалады да, тапсырмаларға коррекция жасалып, бағалау парақтары толтырылады.


3.Жаңа сабақ

«Оқы және біл»

«Зәр шығару» мәтіні әр топқа таратылып беріледі. (Мәтін оқулықтан)

Сонымен бірге мәтінмен жұмыс жүргізу мақсатында нұсқаулық беріледі. Оның параметрлері:

 Мәтінді іштей оқып шығыңдар.

 Түсінбеген сөздерді қарындашпен белгілеңдер.

 Мәтіннің мазмұны бойынша түсінікті болса, түсініксіз болса -.

 Мәтінді бір біріне түсіндіру орындарында отырып. Топтық жұмыс.

 Топ мүшелері аялдамада отырып қонақтарды қарсы алып соларға бүйрек туралы түсінік береді.

Мұғалімнің назарына:

 Уақытты қадағалап отыру.

 Әр параметрдің жүзеге асырылуын талдап отыру, яғни нұсқаулықтың бірден жүзеге аспайтынын ескеру.

 Зәршығарудың құрылысын,қызметін,маңызын түсініп айта білуге тырысу.

 Мағынасын түсіндіруде ым, мимиканы т.б. қолдану.

 Тақтада ілінген немесе оқулықтағы суретті пайдалануы.

4.Жатты

ғулар

«Аялдама»

Әр топты ынталандыру мақсатында «Аялдама» ойынын ойнату. Бұл ойын арқылы әр топтың қолданатын бүйректің құрылысын,зәрдің түзілуін,бүйрек қызметінің реттелуін туралы бүйрек туралы түсініктерін қолдана білуін қалыптастыру. (Бағалау парағындағы параметрлерді негізге алу).

Ойын барысында әр топқа «қонаққа барып отыру», яғни сұрақ беру арқылы түсінгендерін «жіпке тізген моншақтай» етіп талдап отыру және «Мен саған, сен маған» топқа сұрақтар қою.

5. Қоры

тынды

Тест тапсырмасы:

1. Бүйректің массасы.

А.80 г. В.90 г. С.100 г. Д. 150 г.

2. Бүйрек арқылы тəулігіне ағатын қан мөлшері.

А.1500-1700 л.В.1000-1400 л. С. 1800-1900 л. Д. 2000-2100 л.

3.Бүйректің негізгі қызмет атқаратын бірлігі.

А.қыртысты зат. В.нефрон С.ми заты. Д. бүйрек астауы.

4. Зəр шығару мүшелерін зерттейтін медицина саласы.

А. нефрология В.урология С. терапия Д.цитология

5. Зəр шығаратын түтік пен қуықтың қабынуы.

А.цистит. В.нефрит. С.отит. Д.гастрит.

6. Бүйрек шумағының қабынуы.

А.нефрит. В.цистит С.гастрит. Д. бронхит.

6.Бағалау

Оқушылар өз-өздеріне баға береді (спикерлер)

7.Рефлек

сия

  • Маған сабақ ұнаған жоқ,
    уақытым босқа өтті
    Сабақ маған ұнады,
    әлі де ізденуім керек
    Сабақ маған қатты ұнады,
    жақсы түсіндім деп ойлаймын

8.үйге

тап-а

§51 201 бетте кесте толтыру





© 2010-2022