КТП по биологии для 9 казахского класса

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БИОЛОГИЯ

9-сынып

(барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)

Тақырыптың атауы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту


Биологияға кіріспе (1 сағат).

жоспар

нақты

1.

«Жалпы биология негіздері» пәнінің жаратылыстану-ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, мақсаты мен міндеттері. Жалпы биология - биологиялық заңдылықтарды, тіршілік әлемінің көптүрлілігін, тірі материяның құрылым деңгейлерін зерттейтін пән

Топсеруен.

Тіршілік әлемінің көптүрлілігімен танысу үшін табиғатқа топсеруен жасау.

1





I бөлім. Жасуша- тіршіліктің бірлігі (14 сағат ).



I тарау. Жасушаның химиялық құрамы (5 сағат).


2.

Цитология пәні және міндеттері. Зерттеу әдістері және олардың басқа биологиялық ғылым салалары мен медицина және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы.

1




3.

Жасушаның ашылу тарихы.

1




4.

Жасушалық теория - ХІХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Жасуша тірі организм құрылысының, дамуының және қызметінің негізгі бірлігі.

1




5.

Тірі материяның химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер, су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасуша тіршілік әрекеттеріндегі рөлі.

1




6.

Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі. Ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.

№1 зертханалық жұмыс.

Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі.

1





ІI тарау. Жасушаның құрылымы мен қызметі (3 сағат).





7.

Жасушалық құрылымдар: плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер, қозғалыс органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері; жасушалық қосындылар.

№2 зертханалық жұмыс.

Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз.

1




8.

Ядро, оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі.

1




9.

Прокариоттық және эукариоттық жасушалар, олардың құрылысындағы ерекшеліктер.

№3 зертханалық жұмыс.

Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы. Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу.

1





ІІI тарау. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі (2 сағат).


10.

Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуі. Фотосинтез - күн энергиясының органикалық заттың энергиясына өзгеруі. Биологиялық «аккумуляторларда» жарық энергиясының қорлануы. Фотосинтездің жарық және қараңғы сатылары, судың фотолизі.

1




11.

Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі. Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық және аэробтық гликолиз. Митохондриялар - жасушаның энергиялық стансасы.

1





ІV тарау. Тұқым қуалау ақпараты және оның жасушада жүзеге асырылуы (4 сағат).


12.

Генетикалық ақпарат. Н.К. Кольцов. ДНҚ - нәруыз синтезделу үшін матрица (қалып) болып табылады. ДНҚ-ның екі еселенуі (редупликациясы). ДНҚ матрицасына сәйкес ақпараттың РНҚ-ның түзілуі.

1




13.

Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздың биосинтезі. Транскрипцияның реттелуі.

1




14.

Гендік және жасушалық инженерия.

1




15.

Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі. Бұл процестердің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі.

1





II бөлім. Организмдердің көбейуі және жеке дамуы (6 сағат).



V тарау. Өзін-өзі ұдайы өндіру - тіріге тән жалпылама қасиет (4 сағат).


16.

Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні.

1




17.

Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею.

1




18.

Мейоз және оның биологиялық мәні. Мейоздың фазалары. Сперматогенез. Овогенез.

1




19.

Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

1





VІ тарау. Организмдердің жеке дамуы (2 сағат).





20.

Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы.

1




21.

Организмнің біртұтас екендігі. Өзгергіш жағдайларға организмнің бейімделу деңгейлері. Өзіндік реттелу. Организмнің бастапқы даму кезеңдеріне сыртқы орта жағдайларының әсері. Биологиялық сағат. Анабиоз.

1





IІI бөлім. Генетика және селекция негіздері (13 cағат ).






VІІ тарау. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары (5 сағат).





22.

Генетиканың қысқаша даму тарихы. Белгілердің Г. М. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибриодологиялық әдісі. Моногибридтік шағылыстыру. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі.

№4 практикалық жұмыс.

Қарапайым генетикалық есептер шығару.

1




23.

Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы. Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар.

1




24.

Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.

1




25.

Сандық және сапалық белгілердің тұқым қуалауына орта

жағдайларының әсері. Реакция нормасы.

1




26.

Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Адамның генетикалық аурулары.

1





VІІІ тарау. Өзгергіштіктің заңдылықтары (4 сағат).





27.

Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңы.

№5зертханалық жұмыс.

Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру.

№6 зертханалық жұмыс.

Организмдердің өзгергіштігі.

1




28.

Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі.

1




29.

Генетика және медицина. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу және емдеу. Резус-фактор.

№ 7практикалық жұмыс.

Өзіңе шежіре құрастыр.

1




30.

Туыстық некенің жағымсыздығы. Медициналық-генетикалық

кеңес беру.

1





IX тарау. Генетика және селекция (4 сағат).





31.

Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй жануарларының шығу тегі.

1




32.

Заманауи селекцияның әдістері. Сұрыптау үшін өзгергіштіктің маңызы. Сұрыптау және оның шығармашылық рөлі. Тұқымқуалайтын сапаны бағалау.

1




33.

Туыстық шағылыстыру және оның селекциядағы маңызы. Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану.

1




34.

Полиплоидия. Әріден будандастыру. Жасанды мутагенез. Олардың селекциядағы маңызы. Селекция жетістіктері.

№8 зертханалық жұмыс.

Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері.

1





IV бөлім. Эволюция ( 23 сағат ).



Х тарау. Эволюциялық идеялардың дамуы. Эволюцияның дәлелдемелері (4 сағат).


35.

Эволюциялық түсініктердің шығуы және дамуы. Эволюционизмнің алғышарттары. Ламарктың эволюциялық теориясы.

1




36.

Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі ұстанымдары. Эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы.

1




37.

Эволюцияның дәлелдемелері. Эмбриологиялық дәлелдемелер. Морфологиялық дәлелдемелер. Палеонтологиялық дәлелдемелер. Эволюцияның биогеографиялық дәлелдемелері.

1




38.

Түр. Түрдің критерийлері. Популация.

№9 зертханалық жұмыс.

Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері.

1





ХI тарау. Эволюциялық процестің механизмдері (7 сағат)





39.

Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі. Мутациялық өзгергіштік. Үйлесімдік өзгергіштік.

1




40.

Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы факторы.

1




41.

Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі.

1




42.

Популяциялар ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары. Қозғаушы сұрыптау.

1




43.

Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану.

1




44.

Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты.

№10 зертханалық жұмыс.

Организмдердің бейімделгіштігі.

1




45.

Түртүзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы.

№11 зертханалық жұмыс.

Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар.

1





ХII тарау. Жерде тіршіліктің пайда болуы (2 сағат).


46.

Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л.Пастердің тәжірибесі.

1




47.

Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. Қазіргі кезде Жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін бе?

1





ХIII тарау. Жерде тіршіліктің дамуы (6 сағат).





48.

Криптозойда тіршіліктің дамуы.Архей. Протерозой. Жануарлардың алуантүрлілігінің күрт жоғарылауы. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Кембрий, Ордовик, Силур, Девон, Тас көмір, Пермь.

1




49.

Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Триас. Юра. Бор. Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Палеоген. Неоген. Антропоген.

1




50.

Органикалық дүниенің алуантүрлілігі.

1




51.

Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер. Организмдерді жіктеу.

1




52.

Тіршіліктің жасушалық емес формалары - вирустар, фагтар.

1




53.

Тіршіліктің жасушалық формалары, олардың ядросыздарға және ядролыларға бөлінуі. Прокариоттар. Эукариоттар.

1





ХIV тарау. Адамның шығу тегі (4 сағат).


54.

Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары.

1




55.

Еңбек және адамның пайда болуы. Антропогенездің алғышарттары.

1




56.

Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар.

1




57.

Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің дәрменсіздігі. Нәсілшілдіктің кертартпалық мәні.

1





V бөлім. Экология негіздері ( 11 сағат).



XV тарау. Экожүйелер (7 сағат ).


58.

Экология пәні. Ортаның экологиялық факторлары.

1




59.

Биотикалық оптимум. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі

1




60.

Әртүрлі түр популяцияларының, экожүйелердің өзара әрекеттесулері.

1




61.

Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары. Экожүйелердің мысалдары.

1




62.

Энергия ағымы және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида. Экожүйелердің өнімдері. Экожүйелердің қасиеттері. Өздігінен реттелу.

1




63.

Экожүйелердің ауысуы. Адамның әрекетіне байланысты экожүйелердің ауысуы. Агроценоздар.

1




64.

Экологиялық білімді адамның практикалық әрекетіне пайдалану.

1





XVI тарау. Биосфера. Адам әрекетінің биосфераға әсері. Биосфераны қорғау (4 сағат).


65.

Биосфера туралы В. И. Вернадскийдің ілімі. Биосфераның құрамы: тірі зат, түрлік құрамы. Табиғатта көміртек пен азот айналымы. Тірі организмдердің шөгінді жыныстарды және топырақты түзудегі рөлі.

1




66.

Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды экологиялық проблемалар.

1




67.

Қоғам және қоршаған орта. Халық санының артуы. Индустриялық тұтынушылар қоғамы. Халықаралық ынтымақтастық және кедейлікпен күрес. Экологиялық қауіпсіздіктің концепциялары.

1




68.

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Тұрақты даму.

1










© 2010-2022