Сабақ жоспары: Тіршілік үшін күрес (9 сынып)

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ жоспары:Тіршілік үшін күрес (9 сынып)Сабақ жоспары:Тіршілік үшін күрес (9 сынып)Сабақ жоспары:Тіршілік үшін күрес (9 сынып)

9-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Тіршілік үшін күрес,оның себептері мен түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тіршілік үшін күрестің үш түрін,оның ішіндегі ең бастысы түрішілік күрестің ерекшелігі мен маңызын оқушыларға түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың жеке тұлғасын жан-жақты дамыту,өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Табиғатты аялауға,ізденімпаздыққа ,сенімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас сабақ.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі:баяндау,венн диаграмма,әңгімелесу,тірек-сызба әдісі.

Көрнекілік:интерактивті тақта,слайд,суреттер,тірек-сызба.

Пән аралық байланыс:эволюция негіздері,жаратылыстану.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:1 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,сыныптың тазалығына қарау.

Үй тапсырмасын сұрау:Тақтада 5-сызбанұсқада Ғалымдардың эволюциялық ілім жайлы берілген сол арқылы оқушылар сызбанұсқаны толтыру.

Жаңа сабақ: Ч.Дарвин түршілік үшін күрес өзара бірін-бірі ығыстыратын екі себеп деп есептеді,ол себептері:А) тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі.Ә) екінші тараптан табиғи ресурстардың шектеулілігі. «Күрес» ұғымы бірін-бірі ығыстыратын дарақтардың тікелей соқтығысуы ғана емес.Мұны тірі ағзалардың өзара жәрдемдесуі, селқос бәсекелестіктің және бүкіл селбестік жиынтығының күрделі өзара қатынасы деп түсінген жөн.

Тіршілік үшін күрес 3 түрге бөлінеді:

корарака







Түрішілік түраралық күрес абиоздық факторлармен күрес.

1 Түрішілік күрес-күрестің бұл формасы бір тек дараұтарының арасында өтеді.Мұндай күресте бұғылардың немесе өзге жануарлардың күйлеу бәсекелестігі;қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәселестігі мысал бола алады.Күрестің бұл түрі өте шиеленіскен форма,оның барысында көбінесе дарақтар өледі.Шынында да көптеген сүтқоректілерде күрестің бұл түрі тууға дейін басталып кетеді.Көп ұрпақ беретін аңдардың (тышқандар,иттер) бір ұяласында салмағы мен мөлшері біркелкі емес күшіктері болады.Бұл ұрықтық деңгейден-ақ туыстас еркек және ұрғашы күшіктер қағанақ арқылы анасының ағзасынан түсетін қоректік заттар үшін бәсекеге түсетінін дәлелдейді.Түрішілік күрес үш бағытта іске асады.Олар;1қорек үшін.2 жыныстас әріптесі үшін 3 аумақ үшін күрес.Өсімдіктерде жыныстас әріптесі үшін күрес,әсіресе өздігінен тозаңданатын түрлерде шартты сипатта болады.Бұдан басқа бүкіл түрішілік және түраралық күресті тура және жанама деп бөлуге болады.Тура күрес кезінде дарақтар ашық соқтығысады.Мысалы;көптеген түрлердердің аталықтары аналықты иелену үшін қақтығыс-жарысқа түседі.Жанама күресте ашық соқтығыс болмайды.Аталықтары аналығын қақтығыссыз-ақ сайрау арқылы шақыратын құстар тобы осылай бәсекелеседі.Ұялау орнына орналасқан кезде жыл құстарында ашық қақтығыстың болмауы да мүмкін.Алайда ең «шапшаңдары», яғни қыстаудан ерте оралғандары жақсы үлескілерді бәрібір иемденеді.Өсімдіктерде болатын түрішілік жанама күреске көбірек мысалдар кетіруге болады.Мәселен, жеңіл тозаңды көбірек өндіретін,желмен тозаңданатын түрлердің дарақтары тозаңы жеткіліксіз өскен өз туыстарын көбеюден ығыстырады.Ал бунақденеелілер өздерін күшті еліктіре алатын гүлдерге тозаңды көбірек тасымалдайды.

2 Түраралық күрес-бұл әр алуан түр дарақтарының арасындағы түршілік үшін күрес. «Жыртқыш-олжа», яғни «қоян-қасқыр», немесе «мысық-тышқан» қарым-қатынастары үлгілі мысал бола алады.Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет.Бұған «паразит-ие» қатынасы, сондай-ақ ұқсас жағдайларды қажет ететін (мысалы,саваннадағы киіктердің әр алуан түрлері) жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады.Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін.Мәселен,орманда жапырақты және қылқан жапырақты орманда (мысалы,қарағай және қайың), ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар бәсекелеседі.

3 Абиоздық факторлармен-өлі табиғатпен күрес.Түршілік үшін күрестің бұл түрі күрделі және сан алуан ағзалардың өзін қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын қамтиды.Мысалы,табиғи апатта тасқын,ерте үсік жүру,қар жауудың ұзаққа созылуы,жанартау газдарының шығуы және т.б.тірі қалу үшін күрес;таулы аудандарда тәуліктік температураның шұғыл алмасуына бейімделу т.б.

Сабақты қорыту:оқушылардың жаңа сабақты түсінгендерін тексере отырып,венн диаграмасы арқылы сабақты қорыту.

Сабақты бекіту: слайдта бірнеше сурет беріледі сол арқылы оқушылар сөйлеу арқылы сабақты бекіту.

Бағалау: сабаққа қатысуларына қарай бағалау.

Үй тапсырмасын беру:§40 оқу,186-189 бет.АВС бөлімдеріндегі сұраққа жауап беру.



© 2010-2022