Сабақ жоспар Ұлғайтқыш құралдар (6-сынып)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспар Ұлғайтқыш құралдар (6-сынып)Сабақ жоспар Ұлғайтқыш құралдар (6-сынып)Сабақ жоспар Ұлғайтқыш құралдар (6-сынып)Сабақ жоспар Ұлғайтқыш құралдар (6-сынып)Сабақ жоспар Ұлғайтқыш құралдар (6-сынып)Қырық құдық ауылы орта мектебі



Сабақ жоспар

Тақырыбы: Ұлғайтқыш құралдар жайлы жалпы түсінік




Биология және химия пән мұғалімі:Абилова Ғазиза Исматовна






2015-2016 оқу жылы

Сабақ№_5_ Сыныбы___6___ Күні_________

Тақырыбы: &5 Ұлғайтқыш құралдар жайлы жалпы түсінік

Мақсаты:

Білімділік: «жасуша» ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тақта,т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. ІV. Қорытындылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру V.Сабақты пысықтау үшін тапсырма беру

ІІІ. Жаңа сабақты өту VІ. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу,түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап

Термин сөздердің мағынасын ашу.

  1. Тұқымды өсімдіктер

  2. Споралы өсімдіктер

  3. Гүлді өсімдіктер

  4. Өсімдіктердің тіршілік формасы

  5. Ботаника

  6. Биология

  7. Экология

  8. Ағза

  9. Вегетативті мүше

  10. Биожүйе

  11. Экологиялық фактор

  12. Ағзалардың тіршілік ортасы

ІІІ. Жаңа сабақты өту

1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.

Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.

Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.

1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайм ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылыр көпжасушалылы ағзалар сияқты тіршілік етеді.

Роберт Гук 1665 жСабақ жоспар Ұлғайтқыш құралдар (6-сынып)

М И К Р О С К О П көру Т окуляр

Ү көз

«Ұсақ» «қараймын» Т І ГІ

100 ден - 2000 есе Объектив «зат»

Микроскоптың бөлімдері

Атқаратын қызметі

Микроскоп

1.

Жарық түсіру

Сабақ жоспар Ұлғайтқыш құралдар (6-сынып)

2.

Көзбен қарау

3.

Көру түтігін қозғау

4.

Затты қарау

5.

Көру түтігінің бекітілген жері

6.

Қарайтын затты орналастыру

7.

Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі

8.

Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі





ІV. Қорытындылау.

Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай ережелер есте болуы керек:

А) микроскопты бір орынға орнықтырып қойғаннан кейін жұмыс істеп біткенше екінші орынға жылжытуға болмайды, жылжытса объект көрінбей қалады;

Ә) алдымен айнамен жарық түсіріледі, егер микроскопта объектив екеу болса (бірі - кіші, екіншісі - үлкен) алдымен кіші объективпен қарайды;

Б) микроскопты бір қалыпты температурада сақтайды, қалай болса, солай қоя салса, шаң басып әйнектері күңгірттеніп бұзылады;

В) ауық-ауық жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен объективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды;

Г) микроскоп өте күрделі құрал болғандықтан оны химиялық реактивтермен, улы химикаттармен қатар қоюға болмайды.Өзінің ағаш қорабына салып шаң-тозаң кірмейтін таза,құрғақ шкафқа орналастырады. Үлкейтіп көрсететін құралдармен оқушыларды таныстырып болған соң зертханалық (практикалық) жұмыс орындауға кіріседі.

№3-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Ұлғайтқыш әйнек және микроскоп.

Мақсаты: Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.

Жұмыстың барысы:

1. Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.

2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.

3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.

4. Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).

Нәтижесі:

І. Төмендегі сөйлемдерді оқып, ойланып, тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар.


Препаратты жабын шынымен жабады

Пияз қабығын аршиды

Зат шынысына йод ерітіндісін тамызады

Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алады

Зат шынысына су тамызады

Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді

Препаратты зат үстелшесіне орналастырады


V.Сабақты пысықтау үшін тапсырма беру

1.Жасушада қандай процестер жүреді?

2. Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер.

3. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

4. Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады?Окуляр мен объективтің құрылысын,айырмашылығын айтып беріңдер.

5. Микроскоппен қарау үшін микропрепаратты қалай дайындайды?

VІ. Үйге тапсырма беру. &5. 22-25 бет.



© 2010-2022