Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар.        «Эволюция» деген сөз латынша «evolutio» - «тарихи даму,өзгеру,өрлеу» деген мағынаны білдіреді, Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында география,геология,астрономия,т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы – уақыттыңөтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте – бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді. Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш,Бонне (1...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

&5.Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар.

«Эволюция» деген сөз латынша «evolutio» - «тарихи даму,өзгеру,өрлеу» деген мағынаны білдіреді, Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында география,геология,астрономия,т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы - уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте - бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді. Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш,Бонне (1720-1793 жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды.

Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағттары мен заңдылықтарын зерттейді. Эволюциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882 жж.).

Қазіргі кезде вирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың 100 мыңнан, өсімдіктердің 350 мыңнан астам және жануарлардың 1,5 млн-дай түрі ғылымға белгілі. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде 1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.

Жер бетінде тіршіліктің тарихи дамуы туралы ертедегі көзқарастар. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның тарихи дамуы туралы әрбір халықтың өз көзқарастары бар. Ондай кзөқарастар көбіне аңыз - әңгімелер түрінде ауызекі ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған. Үңгірлердің қабырғаларына , тасқа салынған суреттерде көбіне ертедегі адамдардың аулаған жануарларының суреттері бейнеленген. Ондай суреттердегі жануарлар бейнесі табиғи қалпына сәйкес салынған. Мұндай тасқа салынған суреттер Қазақстан жерінде де көптеп кездеседі.

Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы.

Қайта өркендеу дәуірінде жинақталған көптеген ғылыми мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру қажеттігі туындады. Өсімдіктер мен жануарлар адам үшін пайдалы және зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер адамның пайдалану ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік өсімдіктер деп топтастырылды. Тірі организмдерді мұндай жүйелеу ғалымдарды қанағаттандырмады. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты белгілі топтарға бөлуге әрекет жасады. Бұл кезде өсімдіктерді және жануарларды жеке сипаттап жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді осындай өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда жүйелеу қажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше белгілеріне қарап топтастыра бастады.

Тірі организмдерді жүйелеуде көрнекті швед ғалымы Карл Линнейдің (1707 - 1778 жж.) еңбегі аса зор болды. Ол биология ғылымындағы алғашқы жүйеленім ( систематика) ғылымының негізін салушы. 1735 жылы « Табиғат жүйесі» деген еңбегі жарық көрді.

К.Линней 8000-нан астам өсімдікке және 4000-нан астам жануарға сипаттама жазды. Ол тірі организмдерді ұқсас белгілеріне қарап; түрлерді - туыстарға, туыстарды - отрядқа, отрядтарды - класқа топтастырды. Ол осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейді белгілеп, әрбір түрді латынның қос сөзімен атауды ұсынды. Мұндағы бірінші сөз - туыстың, екінші сөз - түрдің атын білдіреді. Мұны ғылымда қос сөзбен атау ( бинарлық каменклатура) деп атайды. К. Линней ұсынған түрді қос сөзбен атау қазіргі кезде де қолданылады. Оның жүйелеуіндегі ең жоғары жүйелік топ - класс, ең кішісі - түр тармағы деп аталды. Кейінгі кездегі ғылымдардың дамуына сәйкес жануарларды жүйелеуде - отряд, тип; Өсімдіктерде - қатар, бөлім деген жүйелік топтар қосылды.

К.Линней өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің жетілдірілген жүйесін жасады. Ол сол кездегі ғылымға белгілі өсімдіктер мен жануарларды толық жүйелік топтарға жіктеп шықты. К.Линней сондықтан да өз заманының көрнекті ғалымы болды. К.Линней өсімдіктерді жүйелегенде көбіне гүлдеріндегі аталықпен аналықтардың санына, ал жануарларда тыныс алу және қан айналым мүшелерінің құрылысына қарай класқа жіктеді. Мысалы сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер,балықтар, жәндіктер, құрттар деп бөлді. Құстарды отрядқа жіктегенде тұмсықтарының пішініне, сүтқоректілерді тістерінің құрылысына қарай топтастырды. Мұндай кездейсоқ белгілеріне қарап жүйелердің нәтижесінде, К.Линней көптеген кемшіліктерге жол берді. Сондықтан оның жүйесі жасанды жүйе болды. Осыған сәйкес бір - біріне туыстық қатысы жоқ организмдер бір туысқа жатқызылды. К.Линней өз жүйелеуінде осындай кемшіліктеріне қарамастан, биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп үлес қосты. Ол адамды сүтқоректілер класына, оның приматтар (маймылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам ( Homo sapiens) деп ғылыми дұрыс жүйеледі.

К.Линней түр өзгермейді деген пікірді ұстанып жаратушы бастапқы кезде қанша түрді жаратса, қазірде сонша түр тіршілік етуде деп тұжырым жасады. Бұл да оның кемшілігінің бірі.

Ж.Б.Ламарктің эволюциялық ілімі.

«Тірі табиғат өзгермейді» деген көзқарастың басым болуына қарамастан биолог - ғалымдар нақты материалдарды жинап көбейте берді. XVII ғ. Микроскоптың ашылуы, оны түрлі биологиялық зерттеулерге қолдана бастау көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп ой - өрісін дамытты. Эмбриология өз алдына ғылым болып қалыптасты. Француз ғалымы жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салған.Ж.Б. Ламарктің эвалюциялық теориясының артықшылығы нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлар құрылысын тереңірек зерттеуінде «Зоология философиясы» (1809 ж) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеді.

Ламарк эвалюцияның негізгі факторы-сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелер өзгереді, ал жаттықпаған мүшелер өзгермейді деп есептеді өзгеріссіз қалған мүшелер қалады немесе кішірейіп жойылып кетуі деп оған бірнеше мысалдар келтірді. Мысалы:а) керік (жираф) мойынының ұзын болуы, оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерге мекендеп ағаш жапырағымен қоректену үшін мойынын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалапқозғалуы нәтижесінде денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған деп түсіндіреді.

Ламарк-көп әрі белсенді қимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, мүше жақсы өседі немесе бұл қасиет тұқым қуалайды деп түсіндірді.

Ресейдегі эвалиюциялық көзқарастар. XVIII ғасырдан бастап, Ресейде органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы М.В.Ламаносов, А.И.Радищев, К.Ф.Рулье және т.б ойшылдар өз көзқарастарын білдірді. Олар түр өзгеріп, үнемі қашып отырады деген көзқарастар болды. К.Ф.Рулье ( 1814-1858 ж.ж) өз заманында түрлер тұрақты әрі өзгермейді деген көзқарастарды сынап, органикалық дүние өзгеріп әрі дамып отырады деп атап көрсетті. Ол бір түрмен II түрдің арасында қорек үшін күрес, болатынын және сол арқылы 1 түрдің II түрді ығыстырып отыратынын ескертті. К.Ф.Рулье эвалюциялық процестердің болатынын ертеде тіршілік еткен жануарлардың қаққа қалдықтарын қазіргі кездегі жануарлардың ұрықтарының дамуын да бір-бірінен салыстырып зерттеуге ерекше көңіл бөлді.

Организмдердің шығу тегің олардың арасындағы туыстық байланыстарды, құрылысы мен атқаратын қызметін байланыстырып зерттеу қажеттігін А.И.Герули (1812 - 1870жж.) атап көрсетті. Ол әрбір жаратылыстанушы ғалымның міндеті органикалық дүниенің пайда болуын,олардың сан алуан түрлерінің бір - бірімен байланыстылығының себептерін анықтау екендігін ерекше ескертті.

Эволюция. Жүйеленім. Жіктеу. Эмбриология. Полеонтология.

  1. Эволюция - тірі организмдердің қарапайым деңгейінен бірте - бірте күрделенуі арқылы төменгі сатыдан жоғары сатыға көтерілуі кезіндегі тарихи дамуы.

  2. Аристотель - Тірі организмдерді алғаш рет қарапайым құрылысына, күрделену ерекшелігіне қарай жүйелеген ойшыл ғалым.

  3. К.Линней - органикалық дүниенің ең алғашқы ғылыми жүйесін салған әрі ғылымға түр, туыс, отряд, класс деген жүйелік топтарды енгізген ғалым.

  4. Тірі организмнің әрбір түрінің аты латынның екі сөзінен аталып, оның біріншісі - туыстық, екіншісі - түрдің атауын білдіреді. Бұл ғылымда бинарлық наменклатура ( қосарлы атау) деп аталады.

  5. Ж.Б. Ламарк - органикалық дүниенің қарапайым қалпынан бірте - бірте күрделене түсетінін және түрлердің өзгеретіндігін айтқан алғашқы эволюциалист ғалым.

© 2010-2022