Сабақ жасуша 6-сынып биология

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жасуша 6-сынып биологияСабақ жасуша 6-сынып биологияСабақ жасуша 6-сынып биологияСабақ жасуша 6-сынып биологияСабақ жасуша 6-сынып биологияСабақ жасуша 6-сынып биологияСабақ жасуша 6-сынып биологияСабақ жасуша 6-сынып биологияСабақ жасуша 6-сынып биологияСабақтың тақырыбы: Жасуша - өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вакуоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуантүрлілігі.

№ 3 зертханалық жұмыс.

Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепараттарын даярлау.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға жасуша - өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі жөнінде, өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вакуоль, қосындылары және пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуантүрлілігі туралы түсінік беру;

2. Дамытушылық: Оқушылардың жасуша туралы түсініктерін нығайта отырып, ұлғайтқыш құралдар, оларды қолдана білу және препараттар даярлау икемдігін арттыру;

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұлғайтқыш құралдарды дұрыс қолдана білуге үйрету.

Техникалық құралдар түрлері: интерактивті тақта

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: дәріс, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: Микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, пияз микропрепараттар, суреттер

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, отырғызу, оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің және оқушылардың санитарлық-гигиеналық жағдайларына назар аудару.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Препаратты микроскоппен қарағанда ең алдымен айқын көрінетіні жасуша қабықшасы. Барлық өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының сыртын өте нәзік май тәрізді заттар мен нәруыздан тұратын жарғақша немесе қабықша қаптайды, нақтырақ айтсақ, оны плазмалық жарғақша (плазмалемма) дейміз.

Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы оның жұқа плазмалық жарғақшасы(мембрана) сыртын өте тығыз, таза жасуынықтан (клетчатка) тұратын берік, қалың, серпімді қабықша қаптайды(мұндай қабықша жануарлар жасушасында болмайды). Бұл қабықша цитоплазмадан бөлінген өнімнен түзіледі, оның әр жерінде көршілес орналасқан жасушалардың цитоплазмасымен байланысатын көп майда саңылаулары (қабықшаның жұқа жері) бар. Тығыз, берік қабықша өсімдікке белгілі пішін берумен бірге, цитоплазманы зақымданудан және кеуіп кетуден сақтап тірек қызметін атқарады. Жасуынық (клечатка немесе целлюлоза) ыстық суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін тұрақты зат. Сондықтан жасунықтан қағаз, жасанды жібек, пластмасса, кинопленка, лак, қопарылғыш зат жасалады. Мақта тұқымындағы ұзын талшықтарын және зығырдың тінін мақта тоқуға пайдаланады.

Плазмалық жарғақшаның атқаратын қызметі:

  1. жасушаны қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады;

  2. қабықша ішке қарай барлық қоректік заттарды, яғни су мен газдарды (оттегі, азот, көмірқышқыл газы) өткізіп, ыдырау өнімдерінің зиянды керексіз қалдықтарын сыртқы шығарып, жасуша мен қоршаған орта арасында ұдайы зат алмасуды қамтамасыз етеді; жасуша ішіндегі қажетті сұйықтықтың құрымын реттейді;

  3. ішке қарай зиянды, улы заттарды өткізбейді, тек кейбір заттарды ғана талғап өткізеді;

  4. әр түрлі қосылыстар екінші жасушаға өтіп отырғандықтан плазмалық жарғақша тасымалдаушы қызметін де атқарады;

Цитоплазма -мөлдір, желімтек, созылмалы қоймалжың сұйықтық. Цитоплазманың сыртын жұқа жарғақша - плазмалемма қаптап жатады. Ал вакуольден шектеп тұратын жарғақшаны тонопласт дейді. Тонопласт пен плазмалемма бір-бірімен эндоплазмалық тор арқылы байланысады. Жасушадағы зат алмасу процестері цитоплазма арқылы жүзеге асатындықтан ұдайы қозғалыста болады. Кейде сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан (өте төменгі температура, оттек пен жарықтың жетіспеушілігенен, т.б.) қозғалысы баяулап немесе мүлде тоқтап қалады. Ядро (латынша «нуклеус», грекше «карион») - цитоплазма сияқты жасушаның ең негізгі бөлімі. Оны өсімдік жасушасынан алғаш рет 1831 жылы ағылшын ботанигі роберт Броун ашқан. Цитоплазмадан тығыздау пішінді көбінесе шар тәрізді, кейде ұзынша сопақ, жұлдыз тәрізді, түссіз, мөлдір жасушаның дәл ортасына, шетіне орналасады. Оны препаратқа йодтың әлсіз ерітіндісін тамызу арқылы қоңыр түске боялудың нәтижесінде көруге болады. Әдетте жасушада бір ядро болады, әйтсе де екі, үш және көп ядролы жасушалар да бар. Жасыл балдырлар мен саңырауқұлақтарда көп ядролар кездеседі.

Пластидтер тек өсімдіктерге ғана тән, бірақ ол өсімдіктердің ішінде саңырауқұлақ, бактерия, көк-жасыл балдырлардың жасушаларында кездеспейді. Қалған жасыл өсімдіктердің жасушаларының цитоплазмасында шашырап жатады. Бір жасушалыларда олардың саны 1-ден 10-ған болады. Цитоплазмаға қарағанда тығыз болғандықтан жарық микроскобының көмегімен ғана көрінеді.

Пластидтер

хлоропластар хромопластар лейкопластар

жасыл түсті сары, қызғылт-сары, түссіз

қызыл түсті

жасыл өсімдіктердің

жасушаларында кездеседі Жемістер, жемтамырлар тамыр,аналық түйіндерде,

гүл күлтелері,күзгі жапырақтарда тұқымдарда кездеседі

кездеседі

Вакуоль - іші көмірсулар, тұздар, органикалық қышқылдардың ерітіндісіне толы жасуша ішіндегі кеңістік. Ол сыртындағы қабықшасы арқылы (тонопласт) цитоплазмадан оқшауланып тұрады.

Жасушада вакуольдың атқаратын қызметі:

  1. Жасуша ішіндегі сулы ортаны қалыптастырып су мен тұздың алмасуын реттейді;

  2. Жасушадағы сұйықтықтың қысымы бірқалыпты болуын сақтайды;

  3. Вакуольде көптеген органикалық заттар қорға жиналып, өсімдікке қажет болғанда жұмсалады;

  4. Керексіз зиянды улы заттар жиынтығы вакуоль арқылы сыртқа шығарылады;

Оқушылар № 3 зертханалық жұмысты орындайды.

Бекіту сұрақтары:

  1. Өсімдік жасушасы құрылысына сипаттама беріңдер

  2. Жасуша қабықшасы қандай қызметтер атқарады?

  3. Цитоплазма қандай болады?

  4. Пластидтердің қандай түрлерін білесіңдер?

Сабақты қорытындылау. Оқушылар өсімдік жасушасы және оны зерттеуге қажетті құралдар жөніндегі мағлұматтармен танысады.

Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысындағы біліміне қарай оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы: §4. Өсімдік жасушасының құрылысы. «Біліміңді тексер» тапсырмасын орындау



© 2010-2022