Тақырыбы: Лалагүлдер тұқымдасы (6-сынып)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 «Ә»«Б» сынып

02.03.15

Сабақтың тақырыбы: §32Лалагүлділер тұқымдасы.
Мақсаты:

1.Білімділік Лалагүлділер: тұқымдасының құрылысының ерекшелігі, көбеюі жайында жан-жақты түсінік беру.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды лалагүлділер тұқымдастарында тағамдақ түрінде қолдануға және дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы ажырата білуге, қорғауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:Лалагүлділер тұқымдасының тіршілік жағдайы, көбеюі және құрылыс ерекшеліктері жайында білімін толықтыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма.

Сабақтың көрнекілігі:таратпа материал
Пәнаралық байланыс: география

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, түгелдеу

2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру

3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

Кім жылдам?

1. Тұқымдастар неліктен күрделі гүлділер деп аталады?

2. Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері?

3. Мақсыр қандай өсімдік?

4. Оның маңызы туралы не білесіңдер?

5. Өгейшөптің басқа шөптекті өсімдіктерден ерекшелігі неде?

III. Жаңа сабақты түсіндіру Лалагүл тұқымдасы (Lіlіaceac) - дара жарнақтылар класына жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Гүлсидам сабақтары жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары қандауыр, таспа, жүрек пішінді, сағақты, бүтін жиекті. Ірі және ұсақ гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, кейде гүлшоғыры сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Жемісі - қорапша кейде жидек. ұсақ тұқымдары шашылу арқылы, кейбіреулері жел, құмырсқа арқылы таралады. Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы - жуа (Allіum). Олар - көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Лалагүлділер тұқымдастары

Лапыз

Даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер. Тамырсабақ, түйнекті пиязшығы немесе пиязшық қандауырнемесе қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады. Гүлі - қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Жемісі - қауашақ немесе жидек. Гүл формуласы: Гс3+3А3+(3)Ғаламшарларымызда лалагүлділер тұқымдасының 1300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп, секпілгүл, қызғалдақ ауламызда көздің жауын алады. Дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер.

Көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15см-ге жететін дәрілік немесе улы өсімдік. Күздік лапыздың қапыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қошқыл күлгін түсті гүл жарады. Қазақстанда лапыздың сары лапыз, кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подогра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Сәйкестендіру тест

1. Халқ құртқашашты 1. Қызғалдақ

2. Көпжылдық шөптекті өсімдік 2. Лалагүл түұымдастар

3. Ғаламшарымызда 1300 түрі бар 3. Құртқашаш

4. Көпжылдық, шөптекті улы өсімдік 4. Жыланқияқ

5. Сәндік өсімдіктер 5. Лапыз

6. Гс3+3А3+3Ж(3) 6. Лалагүл тұқымдасының формуласы

7. Қазақстанда лапыздың түр 7. Кессельринг

V. Үй тапсырмасы: §32. Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы оқу.

VI. Бағалау.




© 2010-2022