Интеллектуалды ойын. Брейн-ринг

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны


Сабақтың мақсаты: Биология пәнінен білімдерін саралау, пәнге деген қызығушылық-

тарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту,

білімді топты анықтау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нөмірлер жазылған жетондар, сандар жазылған

төрт бұрыштар, үш деңгейдегі тапсырмалар.

Ойынның шарты:

Сынып 6 адамнан топтарға бөлінеді. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде - үстелдің сілтемесі және бөлікке бөлінген шеңберлер; осы қатарлардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында - бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде - екінші деңгейдің сұрақтары (2), ең үстіне - үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан. Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»), екінші сұраққа дайындалуға 3-4 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы күрделі, оларға 4-5 минут уақыт беріледі.

Жүргізуші сандар жазылған төртбұрышты жаяды. Мысалға, «2» түсті делік, яғни, 2-нөмірлі ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда қарсылас топ ойыншылары оны толықтырып, жарты фишка ала алады.

Үшінші деңгей сұрағы: «Блиц-турнир»

І - топ:

  1. Өсімдіктер қандай ағзаға жатады? (Автотрофты)

  2. Өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент қалай аталады? (Хлорофилл)

  3. Өсімдіктің суды буландыратын мүшесі. (Жапырақ)

  4. Жануарларды зерттейтін ғылым? (Зоология)

  5. Мүктерді зерттейтін ғылым? (Бриология)

  6. Амебаның қозғалу мүшесі. (Жалғанаяқтар)

  7. Гидра қалай тыныс алады? (Бүкіл денесімен)

  8. Китте қанша мойын омыртқа бар? (7)

  9. Балықтардың миы қанша бөліктен тұрады? (5)

  10. Қай жануарлардың тістері өмір бойы өседі? (Кемірушілер)

ІІ - топ.

1. Жануарлар қандай ағзаға жатады? (Гетеротрофты)

2. Балдырлардың жасушасына түс беретін хлоропластар қалай аталады? (Хроматофор)

3. Өсімдіктің өсу мүшесі. (Жапырақ)

4. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым. (Ботаника)

5. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. (Микология)

6. Жасыл эвгленаның қозғалу мүшесі. (Талшықтары)

7. Сиыр цепенінің аралық иесі. (Балық)

8. Жирафта қанша мойын омыртқа бар. (7)

9. Шұбалшаңның қанының түсі қандай? (Қызыл)

10. Құстарда қандай бездер бар? (Құйымшақ)

Екінші деңгей сұрағы:

1.Қандай құс аяғымен адамды өлтіреді, ал тұмсығымен ұрғанда, оның күштілігі жылқының тұяғымен тепкендей болады? (Түйеқұс)

  1. Анд тауының символы болып табылатын жануар. (Лама)

  2. Өзіне қажетті қоректің бәрін эвкалипт жапырақтарынан алады, еш уақытта су ішпейді. Тым ұйқышыл, түнде тамақ жеу үшін оянады, баяу қозғалады. (Коала)

  3. Шығыс Қазақстанда кездесетін, оның мүйізінен пантакрин бағалы дәрілік шикізат алынатын жануар.(Марал)

Бірінші деңгей сұрағы:

  1. Осы хайуанға құйрық аулауға көмектеседі, оның құйрығының соққысы тіпті ірі аңдар үшін де өте қауіпті. Мүйізді қабыршақтармен қапталған құйрығы өте ауыр, бөрене сияқты.. Мықты құйрықпен сол хайуан құрбанды аяқтарынан ұрып жығады, жоғары лақтырып және алып тісімен аулайды. (Қолтырауын)

  2. Неліктен құстар, терең құдыққа түскенде, одан ұшып шығуды білмейді? (Себебі, құстар аспанға қарай тігінен ұша алмайды)

«Сен маған - мен саған» кезеңі: (Оқушылар өздері үйден дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды)

Қорытынды: төрт кезең бойынша ұпай сандарын есептеп, жоғары ұпай жинаған топ марапатталады.










Шетпе гимназиясы





«Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны

7-8 сыныптар









Өткізген: Дүйсенбаева Э.

© 2010-2022