• Преподавателю
  • Биология
  • 8 сыныпқа арналған биология пәнінен тақырыптық бақылау жұмыстары. Қан және қанайналым жүйесі

8 сыныпқа арналған биология пәнінен тақырыптық бақылау жұмыстары. Қан және қанайналым жүйесі

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сыныпқа арналған биология пәнінен тақырыптық бақылау жұмыстары.

Қан және қанайналым жүйесі.

Аксенюк Вера Викторовна Т.П. Праслов атындағы ЖОББМ, Железин ауданы, Павлодар облысы.

(Аударған: Железин ауданы ЖОББ №3 мектебі биология мұғалімі КабитоваГ.С.)


Мақсаты: Мемлекеттік стандартқа сәйкес, 8 сыныптың биология пәні бойынша бағдарламаны оқушылардың қаншалықты деңгейде меңгергенін тексеру, әрбір оқушымен оқу жетістіктеріне қарай жеке түзету жұмыстарын оқу материалы аясында жүргізу.

Тапсырмалардың мазмұнын ашатын құжаттар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты жалпы білім беретін бастауыш, негізгі орта буын, жалпы орта білім беру.

«Орыс тілінде 6-9 сыныптарға арналған биология» бағдарламасы Астана,2013 жыл.

Типтік оқу жоспары (Негізгі қағида ҚР Мемлекеттік жалпы орта білім берудің жалпы міндетті стандарты).

Биология: жалпы білім беретін мектептерге арналған 8 сынып оқулығы, 3-ші басылымы,

Р. Алимкулова, Р. Сатибеков, А. Соловьева, Алматы: Атамұра, 2012-288 бет.

№ р/с

Базалық білім

Тұлғалық құзіреттілік

Деңгей

(А, В,С)

Ұпай саны

1

Қанның құрамы мен қанайналым.

Ақпаратты шығару,биологиялық терминдерді білуі

А

1

2

Қанның компоненттері мен пайыздық құрамы.

Тану (идентификация), кескіндегі ақпаратты мәтінге аудару.

А

1

3

Схема: адам ағзасының иммундық қорғанышы; қанның ұюы.

Стандартты жағдайда өз білімін пайдалана алу

А

1

4

Үлкен және кіші қанайналым шеңбері.

Ретімен орналастыру

В

2

5

Адам қанның құрамы және олардың атқаратын қызметтері

Сәйкестендір,анықтама,сәйкестік.

В

2

6

Қанайналымның типтері

Ақпараттың талдамасы, ағзаның және тіршілік ету ортасының құрылысы мен функциясы арасындағы себеп-салдарлық қатынасты орнату және анықтау

С

3

Бағалау критерийлері: :

Баға

Ұпай саны

жұмыстың орындалу %

«5»

21 - 26 ұпай

100 - 90%

«4»

15 - 20 ұпай

80 - 70%

«3»

11 - 14 ұпай

60 - 50%

«2»

10 және одан төмен

49% және төмен

I нұсқа.

№1 тапсырма. Берілген пайымдауларды аяқта.

  1. Қанның қантамырлардың бойымен ағуын ................

  2. Қантамырлардың ең үлкені ...................

  3. Қанның қызыл жасушалары ...............

  4. Қанның түссіз жасушалары .................

  5. Ағзаның инфекциялардан қорғану қабілетін ....................

№2 тапсырма. Берілген суретті пайдаланып, қанның компоненттерін және 2,4 сандарындағы пайыздық құрамын жазып шық.

8 сыныпқа арналған биология пәнінен тақырыптық бақылау жұмыстары. Қан және қанайналым жүйесі.

1.

2.

4.

3.

3 тапсырма. Адам ағзасының иммундық жүйесінің қорғанышын схема түрінде құрастыр.

4 тапсырма. Қанайналымның кіші шеңберін құрайтын қантамырларын және жүректің қуыстарының атауларын ретімен орналастыр.

  1. Оң жақ жүрекше

  2. Аорта

  3. Сол жақ қарынша

  4. Төменгі және жоғарғы вена қантамырлары

5 тапсырма. Қан жасушаларын және олардың атқаратын қызметтерін сәйкестендір, сандар мен әріптерді пайдаланып көрсет. Мысалы: А-4.

  1. Na, K, Cl иондары

  2. Эритроциттер

  3. Лейкоциттер

  4. Тромбоциттер

А. иммундық
Б. оттегін тасымалдау
В. Қанның ұюы
Г. Ішкі ағзадағы тепе-теңдікті сақтау.

6 тапсырма. Мекептегі үзіліс кезінде, балалар ойнап жатып есіктің әйнегін сындырды, ойын кезінде бір бала сынған шыныға құлап, қолын кесіп алды, баланың қолынан ала қызыл түсті қан аға бастады. Қантамырлардың қайсысы зақымданды, неге екенін түсіндір. Бұл балаға қандай алғашқы көмек көрсету керек екенін жаз.







II нұсқа.

№1 тапсырма. Берілген пайымдауларды аяқта.

  1. Көмірқышқыл газымен қаныққан қанды жүрекке апаратын қантамырлар ......................

  2. Қан құйғандағы өзіннің қанының бір бөлігін беретін адамды ...................

  3. Эритроциттер құрамына кіретін затты ..............

  4. Қанның сұйық бөлігін ..............

  5. Жүректен қанды тасымалдайтын қантамырларды .................

№2 тапсырма. Берілген суретті пайдаланып, қанның компоненттерін және 1,3 сандарындағы пайыздық құрамын жазып шық.

8 сыныпқа арналған биология пәнінен тақырыптық бақылау жұмыстары. Қан және қанайналым жүйесі.

1.

2.

3.

4.

3 тапсырма. Қан ұюының схемасын құрастырып, оның бөлімдерін жаз.

4 тапсырма. Қанайналымның үлкен шеңберін құрайтын қантамырларын және жүректің қуыстарының атауларын ретімен орналастыр.

  1. Оң жақ жүрекше

  2. Аорта

  3. Сол жақ қарынша

  4. Төменгі және жоғарғы вена қантамырлары

№5 тапсырма. Берілген әріптер мен сандарды пайдаланып, мүшелер мен мүшелер жүйесін сәйкестендір. Мысалы: А-4,6.

Қан жасушалары

Қызметтері

А.Эритроциттер

1. Қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары, пішіні табақша тәрізді, құрамында гемоглобин нәруызы бар.

В. Тромбоциттер

2. Фагоцитоз арқылы, ауру туғызатын микробтардан қорғайтын, қарсыденелер арқылы иммунитетті қалыптастырады.

С. Лейкоциттер

3.Нәруыздың арқасында фибриногеннің фибринге айналуын қамтамасыз етіп, қанамырлардың зақымдануы кезінде қанның ұюының қызметін атқаратын қанұйық.

4.Қанның ядросыз денелері.

№6 тапсырма.

Авария кезінде адамның қолы зақымданып, ең алдымен қан солқылдап ағып, алқызыл түсті болды. Адамның қандай қантамыры зақымданды деп ойлайсын. Неге екенін түсіндір.



© 2010-2022