• Преподавателю
  • Биология
  • ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАТАҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ДАҚЫЛЫН ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУҒА ТӘЖІРИБЕЛІК УЧАСКЕНІ ДАЙЫНДАУ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАТАҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ДАҚЫЛЫН ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУҒА ТӘЖІРИБЕЛІК УЧАСКЕНІ ДАЙЫНДАУ

Раздел Биология
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Таңқыбаева Ботакөз Рахманқызы

Магистрант

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

Сырттай

г.Кызылорда пр. Абая 65

8 702 281 52 63

[email protected]

Қызылорда облысының қатаң климаттық жағдайында картоп дақылын тамшылатып суғаруға тәжірибелік учаскені дайындау

Водосбережение и интегрированние управление водными ресурсами



ӘОЖ 631.674.6

Таңқыбаева Ботакөз Рахманқызы

Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, магистрант;

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАТАҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ДАҚЫЛЫН ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУҒА ТӘЖІРИБЕЛІК УЧАСКЕНІ ДАЙЫНДАУ

Аннотация

Берілген мақалада қазіргі таңда туындап отырған су тапшылығымен күресудің тиімді әдістерінің бірі-тамшылатып суғару технологиясы қаралған. Осы аталған технология бойынша картоп дақылын егуге тәжірибе учаске дайындау қарастырылды.

Қызылорда облысының егін шаруашылығы негізінен суармалы жерлерге негізделген. Сондықтан суды егіске тиімді пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Егістік жерлерді суаруды қамтамасыз ететін жалғыз су көзі бар, ол - Сырдария өзені. Соңғы жылдары өзен суының сапасының нашарлауы, су көлемінің азаюы дақылдан жоғары өнім алуға кері әсерін тигізіп отыр. Сол себепті өзен суының сапасына баса назар аудару, егіс алқаптарын суғаруда суды тиімді пайдалану ауылшаруашылығы мамандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Сыр өңірі егіс шаруашылықтарында бірнеше дақылдар өсіріліп келеді. Соның ішінде басты дақылдардың бірі ретінде картоп дақылын айтуға болады. Облыстың табиғи климаттақ және де топырақ - мелиоративтік жағдайы да картоп дақылынан мол өнім алуға ыңғайлы болып келеді.

Облыс климатына келер болсақ, тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық. Ауа райының орта температурасы қаңтарда - 180, шілдеде - 26 - 280. Жазда ыстықтың көтерілу шегі - 42 - 440 барады. Жауын - шашынның орташа мөлшері - 100 - 115мм. Облыс территориясында солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 3,1 - ден 6,0 м/с. Дауылдатып, топырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай - түлей жел жиі соғады, облыс жері шаңдатып жатады.

Бұл өңірде күрделі топырақ - мелиоративтік зерттеулерді В.М. Боровский, М.А. Погребинский, А.И. Волков, Ю.М. Попов және басқа ғалымдар орындаған. Нәтижесінде облыстың топырақ жамылғысын төмендегідей топтарға бөледі:

  1. Аллювиальды - шалғынды тоғай топырақтары

  2. Аллювиальды - шалғынды ескі тоғай топырақтары

  3. Батпақты топырақтар

  4. Шалғынды - батпақты топырақтар

Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Қарауылтөбе» өндірістік-тәжірибе учаскесінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі, SO42- қоры Cl- ионының мөлшерінен 4-11 есеге дейін жоғары екендігін көрсетті (1-кесте).

1 кесте - Қарауылтөбе өндірістік-тәжірибе учаскесіндегі тұздардың иондық көрсеткіштері

Нүкте-лердің

Тереңдік,

см

Аниондар

Катиондар

Тұздар жиын-тығы

Cl-

SO42

HCO3-

Cl-

SO42-

Ca2+

Mg2+

Na+

1

0-20

0,029

0,070

0,386

0,104

0,019

0,085

0,693

0,18

20-40

0,034

0,038

0,356

0,102

0,019

0,054

0,603

0,11

40-60

0,027

0,034

0,338

0,094

0,022

0,045

0,560

0,10

60-80

0,027

0,023

0,209

0,072

0,011

0,022

0,364

0,11

80-100

0,029

0,020

0,213

0,056

0,017

0,029

0,364

0,11

0-100

0,029

0,037

0,300

0,086

0,018

0,047

0,517

0,12

2

0-20

0,034

0,087

0,315

0,086

0,030

0,063

0,615

0,28

20-40

0,032

0,062

0,371

0,084

0,029

0,079

0,657

0,17

40-60

0,029

0,051

0,243

0,050

0,027

0,052

0,452

0,21

60-80

0,024

0,045

0,154

0,026

0,016

0,053

0,318

0,29

80-100

0,024

0,061

0,277

0,046

0,029

0,074

0,511

0,22

0-100

0,029

0,061

0,272

0,058

0,026

0,064

0,511

0,22

3

0-20

0,029

0,109

1,124

0,194

0,108

0,193

1,757

0,10

20-40

0,027

0,041

0,664

0,162

0,051

0,072

1,017

0,06

40-60

0,027

0,062

0,515

0,084

0,054

0,100

0,842

0,12

60-80

0,024

0,026

0,373

0,094

0,024

0,051

0,592

0,07

80-100

0,022

0,021

0,187

0,056

0,008

0,031

0,325

0,11

0-100

0,026

0,052

0,573

0,118

0,049

0,089

0,907

0,09

Кестеде келтірілген мәліметтерді сараптау, жалпы тұз қорындағы SO42- ионының мөлшері 50%-дан асатындығын көрсетті. Сондықтан топырақ қабатында негізінен сульфаттар - CaSO4 MgSO4 және Na2SO4 болатындығын көрсетті. Ал осы тұздармен салыстырғанда уыттырақ хлоридтер, аз мөлшерде NaCl тұзы түрінде болады.

Қызылорда облысы суармалы алқаптарында сортаң топырақтар да таралған. Ыза су деңгейі 3-7 м. Күшті тұзданған топырақтар, тұздану типі хлорлы - сульфатты , сульфатты - хлорлы. Гумус қабаты - 1-3 %. Осы аталған топыраққа картоп дақылы егіледі. Су үнемдеу мақсатында картоп дақылын тамшылатып суғаруды Қарауылтөбе өндірістік-тәжірибе учаскесінде жузгіздік. Картоп дақылын егудің екі әдісін қолдандық:

  1. Тамшылатып суғару; (1-сурет)

  2. Дәстурлі әдіспен суғару; (2-сурет)

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАТАҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ДАҚЫЛЫН ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУҒА ТӘЖІРИБЕЛІК УЧАСКЕНІ ДАЙЫНДАУҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАТАҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ДАҚЫЛЫН ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУҒА ТӘЖІРИБЕЛІК УЧАСКЕНІ ДАЙЫНДАУ

1-сурет. Картоп дақылын дәстурлі әдіспен суғару

2-сурет. Картоп дақылын тамшылатып суғару

Қазіргі таңда израильдық тамшылатып суару әдісі егіншілікте, көкөніс-бақша, жеміс-жидек шаруашылықтарында мейлінше кеңінен қолданылуда. Артықшылығы сол, мұнда ағын суды әдеттегіден гөрі 2,5-3 есеге дейін кем тұтынып, минералды тыңайтқыштар мен ылғалды дақылдың өзіне тікелей жеткізу жолымен алынатын өнім көлемін еселеп арттыруға болады. Енді осы қондырғының қалай орнатылатындығына келсек, әуелі егін салынатын алқаптың топырағы өңделеді (3-сурет).

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАТАҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ДАҚЫЛЫН ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУҒА ТӘЖІРИБЕЛІК УЧАСКЕНІ ДАЙЫНДАУҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАТАҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ДАҚЫЛЫН ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУҒА ТӘЖІРИБЕЛІК УЧАСКЕНІ ДАЙЫНДАУ

3-сурет. Қарауылтөбе тәжірибелік учаскісін тамшылатып суғаруға дайындау

Сосын арнаулы техниканың көмегімен танаптарға түтікшелер төселіп, су жіберу жүйесі тартылады.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАТАҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ДАҚЫЛЫН ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУҒА ТӘЖІРИБЕЛІК УЧАСКЕНІ ДАЙЫНДАУ

(4-сурет) Су жүйесін жүргізу

Тамшылатып суару - ауыл шаруашылығы дақылдарын суару тәсілі, бұл кезде өзара жиі төселген түтікшелер арқылы арнайы шағын су шығарғыштармен (тамшылатқыштар) кіші өтімдермен өсімдіктің тікелей тамыры өсетін аумағына суару суы беріледі, бүкіл вегетация кезеңінде топырақтар оптималды ылғалдылыққа жақын күйде болады. Тамшылатып суару жүйесінің негізгі қағидасы, басқа да шағын суару жүйелері сияқты - шағын су шығарғыштар көмегімен дәл қажетті мөлшерде, өсімдіктерді сумен және қоректік заттармен тұрақты қамтамасыз ету. Сорғылы электроқозғалтқыштың күшімен белгілі бір биіктікке дейін көтерілген су сүзгілі бөшкелерге құйылып, шлангілердің бойымен егіндікке тамшы түрінде таралады. Бір қарағанда, технологиясы аса бір күрделі де көрінбейді. Әлгінде айтқанымыздай, тыңайтқыштар дақылдың тамырына сумен бірге сіңеді, сол себептен де бұрынғыдай топырақты қопарып, қопсытудың қажеттілігі жойылады.

Тамшылату тәсілі судың шығынын азайтумен бірге, энергияның да үнемді пайдаланылуына мүмкіндік береді.

Тірек сөздер: картоп, тамшылатып суғару, суғару түрлері, суғару мөлшері, су қорының үнемделуі, өнімділік

Ключевые слова: картофель, капельное орошение, способы полива, норма полива, экономия оросительной воды, урожайность

Key words: potatoes, drip irrigation, technology of watering, norm of watering, economy of irrigating water, productivity



Пайдаланылған әдебиеттер.


  1. Суармалы жерлердің гидрогеологиялық - мелиоративтік жағдайы. Қызылорда облысы бойынша. - Қызылорда, 2012 ж. - 104 б.

  2. Рекомендация по сохранению качество воды в низьовях р.Сырдарьи. КызылордаКГУ 1998.

  3. 3.Зубаиров "Орошение сточными водами в Казахстане" . Алматы 1994.

Резюме

Қазіргі таңда туындап отырған су тапшылығымен күресудің тиімді әдістерінің бірі-тамшылатып суғару технологиясы қаралған. Қызылорда облысының қатаң климаттық жағдайында картоп дақылында тамшылатып суғару жүйесінің тиімділігі зерттеледі. Картоп дақылын егу үшін тәжірибе учаске дайындау қарастырылған.

Тірек сөздер: картоп, тамшылатып суғару, суғару түрлері, суғару мөлшері, су қорының үнемделуі, өнімділік

Танкыбаева Б.Р., магистрант

ПОДГОТОВКА ОПЫТНОГО УЧАСТКА ДЛЯ КАПЕЛЬНОГО ОРОШЕНИЯ ПРИ СУРОВЫХ КЛИМАТИЧЕСКИХ УСЛОВИЯХ В КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Кызылординский Государственный университет им. Коркыт Ата

Резюме

В настоящее время растеть нехватка воды, одним из самых эффективных методов борьбы с этой проблемой считается - капельное орошение . В суровых климатических условиях Кызылординской области изучали эффективность картофеля при капельном орошении. Рассмотрена подготовка опытного участка для капельного орошения.

Ключевые слова: картофель, капельное орошение, способы полива, норма полива, экономия оросительной воды, урожайность


Tankybaeva B.R., undergraduate

PREPАRАTION OF TEST SITES FOR DRIP IRRIGАTION UNDER SEVERE CLIMАTIC CONDITIONS IN THE KYZYLORDА REGION

Kyzylorda State University Korkyt Ata

Summary

Currently, growing water scarcity, one of the most effective methods to combat this problem is considered - drip irrigation . In the harsh climate of Kyzylorda region have studied the effectiveness of potato under drip irrigation . We consider the training of pilot area for drip irrigation .

Key words: potatoes, drip irrigation, technology of watering, norm of watering, economy of irrigating water, productivity


© 2010-2022