- Преподавателю
- Биология
- Теңіз балдырлары. (7-сынып) атты сабақ жоспары
Теңіз балдырлары. (7-сынып) атты сабақ жоспары
Раздел | Биология |
Класс | 7 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Карманова Г.А. |
Дата | 19.12.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: Теңіз балдырлары.
Мақсаты: 1. Білімділік: Теңіз балдырларының құрылысы,
тіршілік әрекеті, маңызы туралы
түсіндіру.
2.Дамытушылық: Тақырып бойынша өз беттерімен
ізденуге, шапшаң ойлап, тез жауап
қайтара білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасауға, табиғатты
аялауға тәрбиелеу.
Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын элементтері.
1.Ұйымдстыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын, тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Өсімдіктерге тән ортақ белгілер.
2.Өсімдіктердегі ұлпа түрі.
3.Өсімдік ағзасындағы ең кіші бірлік.
4.Өсімдіктерге қандай көбею тән.
5.Төменгі сатыдағы өсімдіктерге нелер жатады?
6.Қандай бір жасушалы балдырлармен таныстық?
7.Көп жасушалы балдырлардан қандай балдырлармен таныстық.
3. Үй тапсырмасын бекіту:
4.Жаңа сабақ. Теңіз балдырлары негізінен теңіз суында өседі. Солардың ішінде қоңыр және қызыл балдырлар. Қазақстанда Каспий теңізінде кездеседі. 1500 дей түрі бар. Биіктігі 1мм - бірнеше метр. Жасуша қабықшасы созылыңқы, сілемейлі. Бір ядросы хромотофорларында хлорофилл және қоңыр пигменттері болады. Жасушаның қор заты - полисохоридтер.
Қоңыр балдыр: Ламинария, саргасум. Теңіз жағалауында 20 - 30 метр тереңдікте өседі. 5 - 10 шақырым аймақты қамтып тіршілік етеді. Сыртқы құрылысы гүлді өсімдіктерге ұқсас. Ұзындығы 50 см - ге дейін созылған. Одан ұзындығы 3 - 4 метрдей жалпақ таспа тәрізді өсімділері жетіледі.
Жаздың соңы, күздің басында жалпақ өсінділерінің бетінде дақтар пайда бола бастайды. Сол жерде зооспорангийлер түзіледі. Зооспорангийден әрқайсысынан 2 талшықты зооспоралар дамиды. Қозғалып жүріп төсемікке бекінеді де талшығын жойып, бірнеше жасушаға бөлінеді. Жынысты ұрпағы өскіншеге айналады. Оларда жыныстық мүшелерінде түзілген жыныстың жасушалары (гаметалар) қосылып, зигота түзіледі. Ол бөліне бастайды да қайтадан ірі ламинарияға айналады.
Қызыл балдырлар: Теңіз түбінде 270м тереңдікте өседі. Хондрус, Коралина, Порфира, Плеомария. Пішндері әр түрлі. Қызыл пигменттер басым. Қор заты - май, қант.
өсімді
Көбеюі жыныссыз
жынысты
Маңызы: -Оттегі
-топырақты құнарландырады
-суды тазартады
-су ағзаларына қорек
-тау жыныстарын ыдырататын топырақ түзуге қатысады
-Ерте заманда құрылыққа алғаш шыққан тірі ағзалардың бірі
болған
-йод, фосфор, мыс
-тамақ
Диотомдар - лас ауада өте төзімді.
А,В,С тапсырмалары.
1 тапсырма. Сандық бақылау.
1.Табиғатта қоңыр балдырлардың түрі бар
2.Қоңыр балдырлар теңіздің тереңдігінде өседі.
3.Олардың ұзындығы дейін жетеді.
4.Қызыл балдырлардың дейін түрі белгілі.
5.Олардың жуығы тұщы су қоймалары мен топырақта
өседі.
6.Ұзындығы шамасында болады.
2 тапсырма.
-
Қоңыр балдырлар
Қызыл балдырлар
1.70% - ға дейін көмірсудан құралған
2.Қор заты май және қант
3.Жасушасында қызыл - көк пигменттер болады
4.Жасушаларында қоңыр бояулар бар
5.Биіктігі 1мм/ден бірнеше ондаған метрге жетеді
6.Денесі аса ірі болмайды
7.Ламинария, саргассум
8.Порфира, хондрус
9.Қытай мен Жапонияда тамаққа пайдаланады.
10.Сыртқы құрылысы гүлге ұқсас.
«Құпия сан» жазылған сипаттамалар бойынша сандарды қатар -
қатар қоямыз.
1.Хромотафор 5.Қастауыш
2.Хломидамонада 6.Ламинария
3.Микалогия 7.Антибиотик
4.Симбиоз 8.Гибереллин
1.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.
2.Жасуша қабықшасының сырты сілемейлі.
3.Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат.
4.Бір жасушалы шалшықты балдыр.
5.Бидай масағын зақымдайтын паразит.
6.Балдыр жасушасындағы хлорофилл.
7.Зиянды бактериялардың өсуін тежейді.
8.Екі ағзаның пайдалы селбесуі.
Жұмыс дәптер.
Біліміңді сына (оқулықта)
Үйге тапсырма беру. Бағлау.
Ағзалар
жасушасыз Прокариоттар Эукариоттар