Күнделікті сабақ жоспары 7 сынып: Буынаяқтылыр типіне жалпы сипаттама беру

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

Пәні

Күні

Сынып

Мұғалімі


Биология

30.11.15

7 «г»

Хасанова Анаргүл

Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылыр типіне жалпы сипаттама беру.

Сабақтың мақсаты;

Білімділік

Тәрбиелік

Дамытушылық

Буынаяқтылар типіне жататын шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер, бунақденелілер класына жалпы сипаттама, олардың халық шаруашылығындағы және табиғаттағы маңыздылығын түсіндіру.

Оқушыларды, ізденімпаздыққа,табиғатты аялауға,тірі ағзаларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: суреттер,кесте

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1.Сынып тазалығы

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың құралдарын түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Мүшелер жүйесінің ерекшеліктеріне қарай типтерге сипаттама беру.

Қарапайымдыларп типі 2 ,9,12, 16, 19

Ішекқуыстылар типі 3, 8, 10, 13, 15

Құрттар типі 4, 6, 14, 18, 20

Ұлулар типі 1, 5, 7, 11, 17,

1.Екі үш қуысты жүрегі бар

2.Қолайсыз жағдайда циста түзеді

3. Сәулелі симметрия

4. Алғаш рет аралық мезодерма қабаты түзілді.

5.Өкпе және желбезек арқылы тыныс

6. Алғаш рет зәр шығару жүйесі пайда болды

7.Қанайналым ашық жүйелі

8. Алғаш рет жүйке жасуша пайда болды

9. Талшық, жалған аяқ, кірпік арқ қозғалады

10. Атқыш, аралық жасушалары бар

11.Бас, тұлға,аяқ, бақалшақ

12. Бір жасушалы жәндіктер

13.Көп жасушалы, екі қабат түзілді.

14.Алғаш рет түйық қан айналым жүйесі пайда болды.

15. Регенераци құбылысы алғаш жүрді

16. Асқорту қызметі (фогацитоз,пиноцитоз) жолымен жүреді

17.Үккі тіл, бауыр безі

18. Кірпікшелі дернәсілдерін трохофора деп атайды.

19.Лейшмания, лямблия, құртамыш, трипаносома паразитті жәндіктер

20. Ауыз қуысы-жұтқыншақ-өңеш-жемсау-бұлшықетті қарын-аналь тесігі

3.Биологиялық диктант (Терминді сөздермен жұмыс)

1.Тірі ағзалардың сыртқы немесе немесе ішкі тітіргенгіштерге жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы - рефлекс деп аталады.

2.Денедегі зақымданған немесе жойылып кеткен үлескінің бұрынғы қалпына қайта келу құбылысы регенерация деп аталады.

3. Мезодермадан түзілген мүшелерді қоршап жататын дәнекер ұлпасын - паренхима дейміз

4.Ағзадағы белгілі бір құрылысы бар, үйлесімді қызмет атқаратын дене бөлігі - мүше деп аталады

5.Сиыр цепенінің асбұршақтай көпіршікті дернәсіл - финка деп аталады.екінші

6.Бір ағзада аналықбез бен аталықбездің орналасуы гермафродит немесе қосжынысты деп аталады.

7.Құрттың сыртын дене жабынының жасушаларынан бөлінетін тұтас қабықша - кутикула деп аталады. 8.Ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек жәндікке ұқсас жас жәндіктердің пйда болуы - тура даму деп аталады.

9. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл ересегіне мүлдем ұқсамай пайда болатын үрдісті - түрленіп даму деп аталады

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспар;

1. Миға шабуыл.

- Тақтадан қандай жәндіктердің суретін көріп тұрсыңдар?

- Бұл жәндіктердің аты қандай?

- Құрылысында ұлулар типіне жататын жәндіктерден қандай айырмашылық бар?

2.Жаңа сабақты баяндау арқылы түсіндіру.

Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің тіршілік ортасы және оларға сипаттама беру.

  • Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің тіршілік ортасы - суда да, құрлықта да, паразиттік жолмен де тіршілік етеді.

  • Аяғы бунақталған

  • Екі жақты симметриялы

  • Денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған

  • Бас,көкірек, құрсақ

  • Ауыз апараттары кеміруге, шаншып соруға, жалауға бейімделген

  • Көру, иіс сезу, сипап сезу, тепе-теңдік сақтау жақсы дамыған

  • Зәр шығару мүшелері жасыл без, мальпигий және сатанбез тамыршалары бар

  • Асқорыту жүйесінде күйіс қарын

  • Буынаяқтылар даму кезінде жиі-жиі түлейді

Буынаяқтылар типінің буылтық құрттар типімен ұқсастығы мен айырмашылығы

Буынаяқтыларардың ішкі құрылысы буылтық құрттарға көбірек ұқсайды, сондықтан да олардың арғы тегі қарапайым теңіз буылтық құрттары деп есептеледі.

Ұқсастығы;

1.Жәндік

2.Көпжасушалы

3.екі жақты симметриялы

4.Ішкі мүшелер жүйесі ұқсас

5.Асқорыту, қанайналым, зәр шығару, жүйке жүйелері ұқсас

Айырмашылығы;

Жыныс мүшелері 9-15 буылтықтар аймағында орналасады

Жұмыртқаның ұрықтануы белбеушеде өтеді

Денесі шұбалыңқы,буылтық саны 80-450 дейін

Әр буылтығында 8 бірнеше оншақты сирек қылтандары бар

Буынаяқтылардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы мен зияны

Пайдасы;

1.Шаянтәріздестер балықтардың, бақалардың, басқа да су жануарларының өлексесін жеп, табиғатта санитарлық рөл атқарады.

2. Шаянтәріздестер өздері балықтарға жем болады.

3. Өрмекшітәріздестер бунақденелермен қоректеніп, олардың табиғаттағы санын реттейді.

4.Буынаяқтылар (балара ,көбелек) гүлді өсімдіктердің көбейуіне қатысады.

Зияны;

1.Циклоптар кейбір құрттардың дамуына аралық ие болып табылады.

2. Өрмекшітәріздестер (қарақұрт, бүйі, құршаян) адам мен үй хайуанаттарын шағып үлкен қауіп төндіреді.

3.Кене адамға ең қауіпті ауру - энцефалит қоздырғышын таратады.

4. Буынаяқтылар ауылшаруашылыққа зиян келтіреді.

IV.Жаңа сабақты бекіту

  • Буынаяқтылар деп неге аталады?

  • Қандай кластарға бөлінеді?

  • Буылтық құрттар типінен қандай айырмашылығы бар?

  • Буынаяқтылыр типіне жататын қандай жәндіктерді білесіңдер?

VІ. Үйге тапсырма

&46 Халық шаруашылығында пайда келтіретін буынаятылар типіне жататын жәндіктер туралы мәліметтер жазып келу.

VІI. Оқушыларды бағалау








© 2010-2022