Урок Генетика тарауын қорытындылау

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок Генетика тарауын қорытындылауУрок Генетика тарауын қорытындылауУрок Генетика тарауын қорытындылауУрок Генетика тарауын қорытындылауСабақтың тақырыбы: Генетика тарауын қорытындылау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың генетика тарауынан алған білім-

біліктерін тиянақтап, қорытындылау.

Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ойлау

белсенділігін арттыру, ізденіс қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Жан-жақты, адамгершілігі жоғары, ұжымдық ортада

өзін-өзі ұстауға, бірлесе жұмыс жасай отырып,

мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Пән аралық байланыс:Математика, бейнелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дидактикалық тапсырмалар, қиықтар.

Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу.

2) Сабаққа қатысымын түгелдеу.

Сабақ барысы: Оқушылар екі топқа бөлінеді:

І-топ ІІ-топ

Фенотип









Генотип



Әр дұрыс жауап үшін алған фишкалары осы қалташаларға салынып, жеңімпаз топ фишка санымен анықталады.

Сайыс жоспары: 1) Бәйге

2) Дода

3) Ойлан, тап!

4) Кім жылдам?

5) Шыңға шығу.

Бәйге: Әр топқа 15 сұрақ.

І топ. Генотип.

  1. Генетика ғылымы нені зерттейді? Генетика терминін нешінші жылы, кім ғылымға енгізген?

  2. Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жасады және оның қандай қасиеттеріне сүйенген?

  3. Толымсыз доминанттылық дегеніміз не? Мысал келтір.

  4. Дигетерозиготалы генотиптен төрт сортты гаметалардың өзара тәуелсіз таралуының нәтижесінде неше генотип және неше фенотип түзіледі?

  5. Томас Морганның құрметіне қандай өлшем бірлік алынды?

  6. М.Родс нешінші жылы қандай өсімдікте болатын цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты ашты?

  7. Тіркестік топтар дегеніміз не? Мысал келтір.

  8. Бір геннің екінші генге басымдық қасиет көрсетіп, жойып жіберуі қалай аталады?

  9. Аналық жыныстық хромосомалар мен аталық жыныстық хромосомалар қалай белгіленеді?

  10. Гемофилия ауруы қандай ауру? Осы ауру бойынша кімнің әулетінің шежірелік сызбанұсқасы жасалған?

  11. Хиазама қалай пайда болады?

  12. Екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша будандастыруды қандай будандастыру деп атайды?

  13. Қаны І топқа жататын адамдардың эритроциттерінде аглютиноген бола ма, болса не себептен?

  14. Шершевский-Тернер ауруын сипатта.

  15. Цитоплазмалық тұқым қуалауды кімдер зерттеді және тәжірибеге қандай өсімдіктерді алды?

ІІ топ. Фенотип

  1. Тұқым қуалаушылық дегеніміз не?

  2. Генотип, фенотип ұғымдарын кім және нешінші жылы қалыптастырды?

  3. Гомозиготалы және гетерозиготалы организм дегеніміз не?

  4. Толық доминанттылық дегеніміз не?

  5. Мендельдің біркелкілік заңына мысал келтір.

  6. Кроссинговер дегеніміз не?

  7. Дрозофила шыбыны-генетикалық зерттеулер жүргізуге өте қолайлы объект. Себебі?

  8. Комплементарлық дегеніміз не?

  9. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі нешеге бөлінеді?

  10. Хромосомалық ауруларды атаңдар.

  11. Цитоплазмалық тұқым қуалау дегеніміз не?

  12. Гендердің әрекеттесуінің неше түрі бар? Қандай?

  13. Жыныстық тіркесіп тұқым қуалау дегеніміз не?

  14. Бір жұмыртқалық егіздер бір-біріне айнымастай ұқсайды. Неге?

  15. Адамның қан топтары қандай әрекеттесуге жатады?

Дода: Топ басшылар сайысы.

Топ басшылары мына слайдтар арқылы сауатты баяндау, түсіндіру.

Урок Генетика тарауын қорытындылау

Урок Генетика тарауын қорытындылау


Ойлан, тап: Терминдік сөзге түсінік бер.

Генотип тобы Фенотип тобы

Дупликация- Инбридинг-

Инверсия- Евгеника-

Коньюгация- Кариотип-

Комплементарлық- Конкорданттылық-

Интрон- Локус-

Кім жылдам? Дидактикалық тапсырма бойынша есеп құрастыру.

І топ ІІ топ

Урок Генетика тарауын қорытындылауУрок Генетика тарауын қорытындылау

Шыңға шығу: Қан топтарына есептер шығару.

І топ.

Шешесінің қаны І-топ, ал әкесінің қаны ІV-топ болған жағдайда, ұрпағына ата анасының біреуінің қанының тобы берілуі мүмкін бе?

ІІ топ.

Анасының қаны гетерозиготалы ІІІ-топқа, әкесінің қаны гетерозиготалы ІІ-топқа жатады. Олардың төрт баласы бар. Сол балаларының қан топтарын және генотиптерін анықтаңдар?

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма §36-46§ (қайталау).


© 2010-2022