ТЕСТ ПО БИОЛОГИИ

Алғы сөзМектепте «Биология» пәнін оқыту табиғат заңдылықтары туралы және адамның табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасы туралы білім қалыптастыруға, экологиялық мәселелерді танып білуге бағытталған.Оқытудың мақсаты -органикалық әлемінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, органикалық дүниенің көптүрлілігі орта жағдайларына бейімділіктің нәтижесі екенін ұғындыру, эволюциялық теорияның және экологиялық ойлаудың негіздері туралы, тірі оганизмдердің жасуш...
Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Ғабдуллин атындағы №3

көптілде оқытатын

кәсіби мектеп-гимназиясы


Хоршат А.

Джаксанова У.Э.


Биология пәнінен 7-сыныпқа арналған тақырыптық тестілер

(мұғалімдерге арналған көмекші құрал)



Көкшетау-2014

Пікір жазғандар:

Өнерхан Г. - Биология ғылымдарының кадидаты, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Хоршат А.

Джаксанова У.Э.

Биология пәнінен 7-сыныпқа арналған тақырыптық тестілер

(мұғалімдерге арналған көмекші құрал)


Бұл құрал оқу қазақ тілінде жүретін мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, жоғары оқу орнына түсетін түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ. дайындалуға арналған.

Құралда «Жануарлар» бөлімі» бойынша тест тапсырмалары және жауаптары кешенді түрде топтастырылған.



Алғы сөз

Мектепте «Биология» пәнін оқыту табиғат заңдылықтары туралы және адамның табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасы туралы білім қалыптастыруға, экологиялық мәселелерді танып білуге бағытталған.

Оқытудың мақсаты -органикалық әлемінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, органикалық дүниенің көптүрлілігі орта жағдайларына бейімділіктің нәтижесі екенін ұғындыру, эволюциялық теорияның және экологиялық ойлаудың негіздері туралы, тірі оганизмдердің жасушалық құрылысының негізге алынатын түсініктері туралы, организм және биоценоз тіршілік деңгейінің негізгі формалары екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, Жер табиғатындағы биологиялық әртүрлілік оның тұрақты дамуының негізі екендігі туралы, тірі организмдердің жасушаға дейінгі құрылысы туралы негізге алынатын түсініктер қалыптастыру, тірі табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның нәтижесі екендігін оқушыларға ұғындыру, өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар дүниесінің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы, адам өміріндегі және жалпы тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғыну.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:

1. оқушылардың органикалық табиғатты оқытуда танымдық қызығушылық дамыту;

2. тірі табиғат туралы білімін тереңдету;

3. «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Жалпы биология» бөлімдерін оқып білуге қажет тіректік білімдер мен негізге алынатын түсініктер қалыптастыру үшін жағдай туғызу;

4. оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;

5. жаратылыстану ғылымдарын оқу барысында тірі табиғат туралы алған білімдерін дамыту;

6. оқушыларда органикалық дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру;

7. өзінің білімін практикада қолдануға дағдылануды қалыптастыру;

8. оқушыларда табиғатты тиімді пайдалану және қорғау, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология салаларында еңбек ету дағдыларын дамыту.

Сондықтан биология сабақтарында сапалы білім бере отырып, алған білімін бекіту, жүйелеу, тексеру жұмыстарының орны ерекше екендігі белгілі. Соның ішінде тест тапсырмаларының пайдалы жақтары да ұстаздар қауымына белгілі. Оқушы білімін тест тапсырмалары арқылы бекіту, өткенді қайталау, тексеру биология сабағында жиі қолданып жүрген тәсілдердің бірі.

Бұл құрал, «Биология пәнінен 7-сыныпқа арналған тақырыптық тестілер», мұғалімнің көмекші құралы ретінде ұсынылады.

Бұл құралда «Жануарлар» бөлімі бойынша тест тапсырмалары мен жауаптары жинақталған.

Сондай -ақ оқушылардың ҰБТ-ге дайындалуына да үлкен көмегі тиері сөзсіз.

Бұл құрал оқушылардың сауаттылығын арттырып, егеменді еліміздің білімді ұрпағын тәрбиелеуде азды-көпті көмегі болар деп сенемін.

Бір жасушалы жәндіктер.

1. Жануарлар дүниесіндегі қарапайымдылардың жіктелуі:

А. көп жасушалы

Ә. бір жасушалы

Б. жасушасыздар

2. Талшықтылардың топтасып тіршілік ететін түрі:

А.домалаңғы

Ә.жасыл эвглена

Б.кірпікшелі кебісше

3. Кірпікшелердің тіршілік ететін сулы ортасы:

А.тұщы су

Ә.ащы су

Б. теңіз суында

4. Кірпікшелі кебісшедегі кіші ядроның атқаратын қызметі:

А.қоректену

Ә.көбею

Б.қозғалу

5. Жануарлар және өсімдік тәрізді қоректенетін жәндік:

А. эвглена

Ә. кірпікшелі кебісше

Б. амеба

6. Көзшесі және талшығы бар жәндік:

А.амеба

Ә. кірпікшелі кебісше

Б.эвглена

7. Хлоропластары бар жәндік:

А. амеба

Ә. эвглена

Б. трипаносома

8. Қарапайымдыларда қолайсыз жағдай туғанда түзілетін қабат:

А. эктодерма

Ә. энтодерма

Б. циста

9. Амебаның көбею жолы:

А.жыныссыз

Ә.жынысты

Б. өсімді

10. Қылаулатқышы бар бір жасушалы жәндік:

А.эвглена

Ә. амеба

Б. кірпікшелі кебісше

11. Қантышқақ ауруын тудыратын жәндік:

А.дизентерия амебасы

Ә.амеба

Б.лейшмания

12. Тері лейшманиозы ауруын тудыратын жәндік:

А.құртамыш

Ә.лейшмания

Б.лямблия

13. Кокцидоз ауруын тудыратын жәндік:

А.лейшмания

Ә.лямблия

Б.құртамыш

14. Лямблиоз ауруын тудыратын жәндік:

А.трипаносома

Ә.құртамыш

Б.лямблия

15. Қарапайымдылардың жалпы саны қанша?

А. 70 мыңдай

Ә. 75 мыңдай

Б. 80 мыңдай

16. Бақалшақты амебаға жатады?

А. арцелла

Ә. протей амебасы

Б. қантышқақ амебасы.

17. Қарапайымдыларда зиянды қалдық заттарды шығаратын органойд?

А. талшығы

Ә. жиырылғыш вакуоль

Б. ядро

18. Қарапайымдылардың маңызы?

А. шөгінді түзеді, суды тазартады

Ә. ауру туғызады

Б. маңызы болмайд

19. А.Лаверан қай паразитті ашты?

А. лейшманиоз паразиті

Ә. дизентерия паразиті

Б. безгек паразиті

20. Қай біржасушалыда екі ядро бар?

А. амебада

Ә. жасыл эвгленада

Б. кірпікшелі кебісшеде

























Ішекқуыстылар типі

1. Гидраның асқорыту жасушасының орналасқан қабаты:

А.эктодерма

Ә.энтодерма

Б. мезодерма

2. Гидраны жауынан қорғайтын және жемін аулауға қатысатын жасушасы:

А.жүйке жасушасы

Ә.апта жасушасы

Б.тері-бұлшықет жасушасы

3. Ішекқуыстылар типіне жататын ағзалар:
А. бірқабатты

Ә. екіқабатты

Б. үшқабатты

4. Гидраның бүршіктенуі:

А. жынысты көбею

Ә. жыныссыз көбею

Б. регенерация

5. Гидраның қозғалуына көмектесетін жасушалар:
А. апта жасушалары

Ә. аралық жасушалары

Б. тері - бұлшықет жасушалары

6. Су астына ішекқуыстылардың қаңқа үйіндісінің түзілістері:
А. рифтер

Ә. бүрмелер

Б. планулалар

7. Медузаның пішіні қандай?

А. цилиндр тәрізді

Ә. табақша тәрізді

Б. шатырша тәрізді
8. Ішекқуыстыларға қандай құбылыс тән:
А. регенерация

Ә. бақалшақ түзу

Б. түрленіп даму

9. Медузалар:

А. өсімдікқоректі

Ә. сапрофитті

Б. жыртқыштар

10. Тұщы су гидрасындағы қармалауыштар саны:
А. 1 - 2

Ә. 3 - 4

Б. 5 - 18

11. Гидра құрылысында капсула мен жіпшеден тұратын жасушалар:
А. апта жасушалары

Ә. асқорыту жасушалары

Б. жыныс жасушалары

12. Жарық пен дыбысты сезетін ішекқуыстылар:
А. актиниялар

Ә. маржан полиптер

Б. медузалар

13. Бүрмелену ( стробиляция. кезеңі болатын ішекқуыстылар:
А. актинияларда

Ә. медузаларда

Б. маржан полиптерде

14. Гидрада күз кезіндегі көбею түрі:
А. жынысты

Ә. жыныссыз

Б. бүршіктену

15. Гидраның денесі зақымданғанда қарқынды өсетін жасушалар:
А. аралық жасушалары

Ә. атпа жасушалар

Б. жүйке жасушалары

16. Қалың әкті қанқа түзетін ішекқуыстылар:
А. медузалар

Ә. көпаяқты маржандар

Б. актиниялар

17. Медуза болмайтын дене бөлігі:
А. ауыз бөлігі

Ә. қармалауыштары

Б. табаны

18. Суда еркін жүзетін ішекқуыстылар:
А. медузалар

Ә. гидра

Б. маржан полиптер

19. Медузалар ішекқуыстылар типінің қандай класына жатады?
А. гидроидты

Ә. сцифоидты

Б. полиптер

20. Құлақты медузаның кірпікшелі дернәсілі:
А. бүрлемелер

Ә. табақшалар

Б. планулалар























Құрттар типі

1. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай белгілер тән?
А. екі жақты симметриялы

Ә. екі қабатты жануар

Б. целомды жануар.

2. Сиыр цепенінің дернәсілі қайда дамиды?
А. адам ішегінде

Ә. топырақта

Б. сиыр денесінде
3. Алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе
А. ас қорыту

Ә. қанайналым

Б. зәр шығару

4. Адам ішексорғысы денесінің ұзындығы
А. 10

Ә. 1

Б. 40

5. Соңғы дене қуысы - целом бар ағзалар
А. буылтық құрттар

Ә. жұмыр құрттар

Б. жалпақ құрттар

6. Буылтық құрттардың қозғалу мүшесі болып саналады
А. кірпікшелері

Ә. параподий

Б. талшықтары

7. Қан ұюын баяулататын қасиеті бар сүліктерде ерекше қатпарлы қабаты:
А. гирудин

Ә. гликоген

Б. лизин

8. Паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттар
А. ішексорғы

Ә. сүлік

Б. ақ сұлама

9. Жұмыр құрттардың ас қорыту жүйесіне қандай белгілер тән?
А. аузында үш ерні бар

Ә. ішегі үш бөліктен тұрады.

Б. барлық жауап дұрыс

10. Паразит құрттарды зерттейтін сала
А. палеонтология

Ә. протозоология

Б. гельминтология

11. Шұбалшаңның тыныс алуын жүзеге асыратын мүше:

А.сыртқы тері жабыны

Ә.өкпе қапшықтары

Б.желбезек

12. Целом қай құртқа тән:

А.жалпақ құтрқа

Ә.жұмыр құртқа

Б.буылтық құртқа

13.Денесі ұзарып-қысқарып , жіңішкеріп-жуандау арқылы қозғалатын жәндік:

А.шұбалшаң

Ә.гидра

Б.айқұлақ

14. Шұбалшаң қандай жынысты жәндік:

А.дара жынысты

Ә.қос жынысты немесе гермафродит

Б. жыныссыз

15. Адамның бүйенінде тіршілік ететін жұмыр құрт:

А. ішексорғы

Ә. қылдырықбас

Б. суыртқы

16. Дәрігерлік мақсатқа қолданылатын буылтық құрт

А. Қылдырықбас

Ә. Шұбалшаң

Б. Сүлік

17. Буылтық құрттар типіне өкілдеріне симметрияның ұай түрі тән?

А. радиальді

Ә. екі жақты симметриялы

Б. асимметриялы

18. Ақ сұлама қоректену бойынша жануарлардың қай тобына жатады?

А. жыртқыш

Ә. паразит

Б. өсімдік қоректі

19. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан ерекшелігі неде?

А. көп жасушалы

Ә. 2 қабатты

Б. 3 қабатты

20. Таспа құрт ересек күйінде қайда тіршілік етеді?

А. адам ішегінде

Ә. сиыр, қойдың бауыр өзегінде

Б. адам бұлшық етінде






















Ұлулар типі

1. Ұлулар типінің неше класы бар?

А. 4

Ә. 3

Б. 5

2. Реактивті тәсілмен қозғалатын жәндіктер:

А. сегізаяқ

Ә.жүзім ұлуы

Б.кальмар

3. Былқылдақденелілердің сыртқы қаңқасы:

А. сирекқылтанды жабын.

Ә. бақалшақ.

Б. шапанша.

4. Тоспа ұлуының қан айналым жүйесі:

А. болмайды

Ә. тұйық

Б. ашық

5.Тағам ретінде пайдаланатын былқылдақденелілер (ұлулар.:

А. Каракатица.

Ә. Айқұлақ.

Б. Үлкен тоспа ұлуы.

6. Бақалшақсыз былқылдақденелі жәндік.

А. Үлкен тоспа ұлуы.

Ә. Жүзім ұлуы.

Б. Каракатица..

7. Басы кеткендіктен, денесі тұлға мен аяқтан құралған қосжақтаулылар классының өкілі:

А. Жүзім ұлуы

Ә. Каракатица

Б. Айқұлақ

8.Қай ұлуда бақалшақ қалдығы сақталған

А. тоспа ұлуы

Ә. Жүзім ұлуы

Б. Шалшық ұлуы

9. Былқылдақденелілер типіне жататын класс:

А. Көпқылтанды құрттар

Ә. Қосжақтаулылар

Б. Талшықтылар

10. Бауыраяқтылар класына жататын жәндік:

А. Каракатица

Ә. Кальмар

Б. Үлкен тоспаұлу

11. Кәдімгі тоспа ұлуының тіршілік ортасы-

А. теңіздер.

Ә. топырақ.

Б. тұщы су түбі.

12.Ұлудың ас қорыту жүйесінде шұбалшаңмен салыстырғанда пайда болған жаңа мүше:

А. Бауыр.

Ә. Тіссіз жұмсақ тіл.

Б. Көмей.

13. Тілі болмайтын ұлулар-

А. Айқұлақ.

Ә. Қошқармүйіз ұлу.

Б. Тоспа ұлу.

14. Тоспа ұлуының қан айналым жүйесі:

А. болмайды

Ә. тұйық

Б. ашық

15. Бақалшақсыз, басаяқты жыртқыш былқылдақденелілер:

А. Айқұлақ

Ә. Үлкен тоспаұлу

Б. Кальмар

16. Ұлулардағы ерекше қатпарлы қабат қалай аталады?

А. Бақалшақ

Ә. Шапанша

Б. Желбезек

17. Ұлулардың дамуы:

А. Тура дамиды

Ә. Түрленіп дамиды

Б. Барлық жауап дұрыс

18. Былқылдақденелілердің тыныс алуы.

А. Өкпемен

Ә. Желбезекпен

Б. Өкпеменде, желбезекпенде

19. Ұлудың жүрегінің бөлімдері:

А.қарынша және екі құлақша

Ә.екі қарынша және екі құлақша

Б.құлақша және қарынша

20. Қай ұлудың денесінен сиялы сұйықтық бөлінеді?

А. Сегізаяқ

Ә. Айқұлақ

Б. Тоспа ұлуы


























Буынаяқтылар типі.

1. Шаян, өрмекші, бунақденелілердің сыртқы жабыны:

А. Хитин

Ә. Түк

Б. Қабыршақ

2. Шаршылы өрмекшінің тыныс алу мүшесі:

А. Өкпе қапшығы

Ә. Демтүтік

Б. Тері жабыны

3. Шаянтектестердің зәршығару мүшесі:

А. Бүйрек

Ә. Бездер

Б. Жасыл түсті бір жұп бездер

4. Бүйрек және мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығаратын жәндіктер:

А.Өрмекшілер

Ә. Құрттар

Б. Бунақденелілер

5. Бунақденелілер класы неше тармаққа бөлінеді?

А.4

Ә. 3

Б. 2

6. Өзен шаянының жүру аяқтары орналасқан дене бөлімі:

А. Құрсақ

Ә. Баскөкірек

Б. Көкірек

7. Жұмыртқа →дернәсіл →қуыршақ→ ересек жәндік дамуындағы даму сатысы:

А.шала түрленіп даму сатысы

Ә.толық түрленіп даму сатысы

Б. тура даму

8. Жұмыртқа →дернәсіл→ ересек жәндік дамуындағы даму сатысы:

А.шала түрленіп даму сатысы

Ә.толық түрленіп даму сатысы

Б. тура даму

9. Толық түрленіп дамитын бунақденелілер:

А.көбелек

Ә.шегіртке

Б.шыбын

10. Шала түрленіп дамитын бунақденелілер:

А. маса

Ә.көбелек

Б.дәуіт

11.Өзен шаянның қорғаныш және қорегін аулайтын мүшесі:

А. құрсақ аяқтары

Ә. қысқа мұртша

Б. қысқыштары

12. Өрмекші өрмекауды пайдаланады:

А. бунақденелілерді еліктіруге

Ә. жауынан қорғануға

Б. қорегін аулауға

13. Толық түрленіп дамитын бунақденелілердің отряды:

А. Инеліктер

Ә. Тарақандар

Б. Бүргелер

14. Өрмекшітәріздестерге ғана тән :

А. Астың ішектен тыс қорытылуы

Ә. Регенерация құбылысы

Б. Астың ішекте қорытылуы

15. Құстарға зиян келтіретін бунақдене:

А. Маса

Ә. Түкжегі.

Б. Мамықжегі.

16. Аяқтары буын арқылы жақсы қимылдайтын бірнеше бунақтардан тұратын жәндіктер типі:

А. Бунақденелілер

Ә. Буынаяқтылар

Б. Былқылдақденелілер

17. Бунақденелілер класына жататын жәндіктер

А. Шаяндар

Ә. Өрмекшілер

Б. Тарақандар

18. Шаянтәрізділердің су қоймаларында атқаратын рөлі -

А. Балық шабақтарының қорегі болады.

Ә. Балық шабақтарымен қоректенеді.

Б. Өсімдіктерді ыдыратады.

19. Өрмекші тәрізділерге жататындар:

А. құршаян

Ә. айқұлақ

Б. кенелер

20.Өрмекшітәріздестердің жүруге арналған аяқ саны

А. 4 жұп

Ә. 3 жұп.

Б. 2 жұп


















Желілі жануарлар типі


1.Желілі жануарлардың қандай тип тармағы бар?

А. бассүйектілер, бас сүйексіздер

Ә. қабықтылар, омырқалылар

Б. бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар

2. Бассүйексіздер тип тармағының өкілі?

А. балық

Ә. акула

Б. қандауырша

3. Қандауыршаның дене тұрқы?

А. 5-8 см

Ә. 10-15 см

Б. 3-4 см

4. Неліктен қандауырша деп аталған?

А. медицина құралы- қандауырға ұқсас болғандықтан

Ә. балыққа ұқсас болғандықтан

Б. денесі тікелей құйрық және құйрық асты жүзбе қанаттарымен тұтасып кеткендіктен

5. Қандауыршаның тері қабаты қалай аталады?

А. дерма

Ә. эпидермис және нағыз тері қабаты

Б. тері қабаты

6. Қандауыршада қаңқаның қызметін атқарады?

А. сүйекті қаңқа

Ә. омыртқа жотасы

Б. Тығыз, серпімді желі атқарады

7. Ауыз қуысы немен байланысқан?

А. көлемді жұтқыншакпен

Ә. жемсаумен

Б. өңешпен

8. Қандауыршада жүрек қызметін атқарады?

А. құрсақ қолқа қан тамыры

Ә. жүрек

Б. қылтамырлары атқарады

9. Қандауыршаның қанының түсі?

А. түссіз

Ә. жасыл

Б. қызыл

10. Қандауыршада зәр шығару мүшесінің қызметін атқарады?

А. қос бүйрек

Ә. тері

Б. жұтқыншақ маңындағы көптеген зәр шығару түтікшелері

11. Қандауыршаның орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады?

А. ми

Ә. жүйке талшықтары

Б. жүйке түтігі атқарады

12. Қандауырша-...

А. дара жынысты

Ә. қос жынысты

Б. гермофродит

13. Қандауырша жыныстық жағынан жетіледі

А. 2-3 жылда

Ә. 3-4 жылда

Б. 4-5 жылда

14. Дернәсілдері су ішінде қозғалады

А. жалған аяқтармен

Ә. кірпікшелермен

Б. жүзбе қанаттармен

15. Қандауыршаны зерттеген орыс ғалымы?

А. А.О. Ковалевский

Ә. И.Ф.Эшшольц

Б. И.Мюллер

16. Қабықтылар тип тармағының өкілі?

А. асцидия

Ә. қандауырша

Б. скат

17. Қандауыршаның денесі

А. екіжақты симметриялы

Ә. сәулелі симметриялы

Б. ұршық тәрізді

18. Қан тарату жүйесі?

А. ашық

Ә. тұйық

Б. жауап жоқ

19. Қандауыршаны пайдаланады

А.адам тағамы ретінде

Ә. балықтарға қорек ретінде

Б. шаян тәрізділердің қорегі ретінде

20. Асцидияның дене пішіні?

А. ұршық тәріздес

Ә. күбі тәріздес

Б. балыққа ұқсас


























Шеміршекті балықтар класы


1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы?

А. ихтиология

Б. герпетология

Б. орнитология

2. Балықтардың денесі тұрады...

А.бас, тұлға, құйрық

Ә. бас, тұлға

Б. бас, көкірек, тұлға

3. Балықтар неше класқа бөлінеді?

А. сүйекті және шеміршекті

Ә. қаңқалы және қаңқасыз

Б. омырқалы және желілі

4. Акуланың дене пішіні?

А.ұршық тәрізді

Ә. балға тәрізді

Б. ара тәрізді

5. Акула терісі ?

А. плакоидты

Ә. циклоидты

Б. қабыршақтары ірі

6. Акуланың аузы орналасқан?

А. бастың астыңғы бөлімінде

Ә. бастың алдыңғы бөлімінде

Б. бастың үстіңгі бөлімінде

7. Акуланың құйрығы?

А. гетероцеркальды

Ә. гомоцеркальды

Б. дұрыс жауап жоқ

8. Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі?

А. өкпе

Ә. тері

Б. желбезек

9. Акуланың өте жақсы дамыған сезім мүшесі?

А. көру

Ә. иіс сезу

Б. сипап сезу

10. Акуланың миынан денесіне неше жұп жүйкелер таралады?

А. 8 жұп

Ә. 10 жұп

Б. 11-13 жұп

11. Шеміршекті балықтар класы неше тармаққа бөлінеді?

А. акулалар, скаттар

Ә. шеміршекті, сүйекті балықтар

Б. тақтажелбезектілер және тұтасбастылар

12. Акулалардың ішінде адамға қауіптісі?

А. акула, скат

Ә. сұр акула

Б. скат

13. Акуланың ми бөлімдері?

А. 5 бөліктен тұрады

Ә. 2 бөліктен тұрады

Б. 3 бөліктен тұрады

14. Шеміршекті балықтардың қаңқасы түзіледі

А. тек шеміршектен

Ә. тек сүйектен

Б. сүйек пен шеміршектен

15. Шеміршекті балықтардың жүрегі

А. 2 қуысты

Ә. 3 қуысты

Б. 4 қуысты

16. Шеміршекті балықтардың желбезек қақпағы

А. болды

Ә. болмайды

Б. дұрыс жауап жоқ

17. Ең ірі теңіз балығы

А. китпошымды акула

Ә. скат

Б. бекіре

18. Шеміршекті балықтарды торсылдақ

А. болды

Ә. болмайды

Б. дұрыс жауап жоқ

19. Акуланың тік ішегі ашылады

А. клоакаға

Ә. аналь тесігіне

Б. қуыққа

20.Акуланың тыныс алуы сәйкес

А. ауыз қуысының қозғалуына

Ә. құйрық қозғалуына

Б. жүзбе қанат қозғалуына



Сүйекті балықтар класы


1.Сүйекті балықтарда болатын ерекше мүше?

А. сүйек

Ә. торсылдақ

Б. қуық

2. Қандай балықтарда алғаш қуық пайда болды?

А. сүйекті балықтарда

Ә. барлық балықтарда

Б. шеміршекті балықтарда

3. Қара уылдырық алынатын балық?

А. сазан

Ә. бекіре

Б. алабұға

4. Балықтардың терісінде болатын ерекше сезім мүшесі?

А. бүйір сызығы

Ә. жүзбе қанаттары

Б. желбезегі

5. Есту мүшесі неден тұрады?

А. тек ішкі құлақтан

Ә. тек ортаңғы құлақтан

Б. тек дабыл жарғағынан

6. Балықтар бір-бірімен қалай байланысады?

А. дыбыс шығару арқылы

Ә. жүзу арқылы

Б. бүйір сызығы арқылы

7. Аталық безден бөлінген сұйықты қалай аталады?

А. шоғал

Ә. уылдырық

Б. жұмыртқа жасуша

8. Өрістегіш балықтарға жатады?

А. бекірелер, албырттар

Ә. латимерия

Б. камбалалар

9. Майшабақтектестер отрядына жатады?

А. майшабақтар

Ә. албырттар

Б. бекірелер

10. Саусаққанатты балықтардың өкілі?

А. латимерия

Ә. табан

Б. тұқы

11. Сүйекті балықтар класы деген атау неліктен берілген?

А. қаңқасы сүйектен тұратындықтан

Ә. желісі болғандықтан

Б. желбезек қақпағы болғандықтан

12. Торсылдақ қандай қызмет атқарады?

А. балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды

Ә. дыбыс шығару қызмет атқарады

Б. тепе-теңдік сақтау қызмет атқарады

13. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы орналасады

А. бас бөлімінің алдыңғы тұсында

Ә. бас бөлімінің төменгі тұсында

Б. бас бөлімінің жоғарғы тұсында

14. Бауыр қандай қызмет атқарады?

А. улы заттарды залалсыздандыру

Ә. улы заттарды сыртқа шығару

Б. асты қорыту

15. Саусаққанатты балық

А. құрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі

Ә. жорғалаушылардың арғы тегі

Б. құстардың арғы тегі

16. Тұқытектестер отрядына жатады

А. қаяз

Ә. түлкібалық

Б. ақбалық

17. Қалаққанатты балықтар класс тармағы нешеге бөлінеді?

А. қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады

Ә. бекіре және албырт

Б. скат және акула

18. XVIII ғасырда ең алғаш тұқы өсіруге арналған тоған жасаған ғалым?

А. А.Т. Болотов

Ә. А.О. Коволевкий

Б. Д. Смит

19. Қызыл уылдырық алынатын балықтар

А. албырт

Ә. ақмарқа

Б. мөңке

20. Саусаққанатты балық алғаш ауланды

А. Үнді мұхитынан

Ә. Каспий теңізінен

Б. Қара тенізден























Қосмекенділер класы


  1. Қазіргі кезде қосмекенділердің неше түрі кездеседі?

А. 6000-нан астам

Ә. 5000-нан астам

Б. 8000-нан астам

2. Қосмекенділердің дене тұрқы неше сантиметрге жетеді?

А. 2-3 см-ден 180 см-ге дейін

Ә. 1,5 гр-нан, 80-90 кг дейін

Б. 5 см-ден 200 см-ге дейін

3. Жүрегі неше қуысты болып келеді?

A. 2

Ә. 3

Б. 1

4. Қосмекенділер неше және қандай отрядқа бөлінеді?

А. Құйрықты, құйрықсыз және аяқты қосмекенділер

Ә. Тритондар және құрбақалар отрядтары

Б. Құйрықты, құйрықсыз және аяқсыз қосмекенділер

5. Қосмекенділердің көбеюі қайда жүзеге асырылады?

А. құрлықта

Ә. дұрыс жауап жоқ

Б. суда

6. Тері безінен өте күшті у бөлетін бақа?

А. кокон

Ә. жетісулық бақатіс

Б. даната құрбақасы

7. Қосмекенділерде алғаш рет не пайда болған?

А. бүйрек

Ә. өкпелік шеңбер мен ортаңғы құлақ қуысы

Б. қуығы

8. Аяқсыз қосмекенділер қайда мекендейді?

А. ылғалды және жұмсақ топырақта

Ә. суда

Б. құрғақ жерлерде

9. Құйрықты қосмекенділерге жатады...

А. тритондар мен саламандралар

Ә. құрбақалар

Б. сақиналы

10. Тірілей туатын құрбақаны кім тапты?

А. П.С.Паллас

Ә. К.Линней

Б. неміс ғалымы Торнир

11. Қаңқасы неше бөлімге бөлінеді?

А. 3

Ә. 4

Б. 5

12. Қазақстанның қызыл кітабына қосмекенділердің неше түрі тіркелген?

А. 12

Ә. 5000-нан астам

Б. 3

13. Қосмекенділер қалай ұрықтанады?

А. сырттай

Ә. дұрыс жауап жоқ

Б. іштей

14. Қосмекенділердің қаңқасы неше бөліктен тұрады?

А. 6

Ә. 4

Б. 2

15. Омыртқа жотасы нешеге бөлінген?

А. 3

Ә. 2

Б. 4

16. Қосмекенділердің тоқ ішегінің соңғы бөлігі?

А. клоака

Ә. тік ішек

Б. аналь тесігі

17. Жетісулық бақатісті тағы қалай атайды?

А. аяқты балық

Ә. даната құрбақасы

Б. сүйректұмсық бақа

18. Қосмекенділердің терісі қандай болады?

А. жұқа және безді

Ә. қалың және безді

Б. жұқа,тегіс және безді

19. Ересек қосмекенділердің тыныс алу мүшесі?

А. өкпе арқылы

Ә. желбезектері арқылы

Б. терісі және өкпесі арқылы

20. Қосмекенділердің дене температурасы?

А. салқынқанды

Ә. жылықанды

Б. дұрыс жауап жоқ

























Жорғалаушылар класы


Жорғалаушылар класын зерттейтін зоология ғылымының саласы қалай аталады?

А. герпетология

Ә. орнитология

Б. ихтиология

2.Жорғалаушылардың қаңқасы неше бөлімді?

А. 3

Ә. 4

Б. 5

3. Жорғалаушылар неше отрядқа бөлінеді?

А. 7

Ә. 2

Б. 4

4. Жорғалаушылардың неше мыңға жуық түрі бар?

А. 7500

Ә. 8000

Б. 4000

5. Жорғалаушылар немен тыныс алады?

А. өкпе

Ә. желбезек

Б. торсылдақ

6. Қандай жорғалаушыны «үшкөзді» деп атайды?

А. гаттерия

Ә. тәмсақ

Б. саламанд

7. Құбылғы - дегеніміз не?

А. терісі қап-қатты болады

Ә. Денесінің түсін тез озгертетін жорғалаушылар

Б. сауыттарынан әсемдік бұйымдар жасалады

8.Гаттерия-қандай отрядқа жатады?

А. тұмсықбастылар

Ә. қабыршақтар

Б. тасбақалар

9.Құбалғылар қандай отрядқа жатады?

А. крокадилдер

Ә.қабыршақтылар

Б. жыландар

10. Жорғалаушылардың жоғары сатыдағы тобы?

А.крокадил тобы

Ә.жылан тобы

Б.кесірткелер тобы

11. Гаттерия неше жыл өмір сүреді?

А.50

Ә. 40

Б. 10

12. Тасбақалар жылына неше ай белсенді тіршілік етеді?

А.4-7 ай

Ә. 1-2 ай

Б. 3-4 ай

13. Қазақстанда жорғалаушылардың неше түрі кездеседі?

А. 47

Ә. 51

Б. 21

14. Гаттерияның салмағы неше кг-ға дейін жетеді?

А. 0,5-1 кг

Ә. 7-8 кг

Б. 1-3 кг

15. Аяқсыз жорғалаушы?

А. тасбақа

Ә. гаттерия

Б. жылан

16. Гаттерия қайда өмір сүреді?

А. Бразилияда

Ә. Жаңа Зеландияда

Б. Жаңа Гвинеяда

17. Гаттерия неше жұмыртқа салады?

А. 20-30

Ә .10-50

Б. 8-15

18. Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш пайда болған?

А. кеуде қуысы

Ә. өкпе

Б. бауыр

19. Жорғалаушылар калай ұрықтанады?

А. іштей

Ә. сырттай

Б. ұрықтанбайды

20. Жорғалаушылар немен қоректенеді?

А.етпен

Ә. бунакденелермен

Б. шөппен


























Құстар класы


1.Омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы-

А. құстар

Ә. жорғалаушылар

Б. қосмекенділер

2. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы-...

А. герпетология

Ә. ихтиология

Б. орнитология

3. Қазақстанда құстардың неше түрі мекендейді?

А. 500-ден астам

Ә. 800-ге жуық

Б. 200-ден астам

4. Құстардың дене температурасы?

А. тұрақсыз

Ә. тұрақты, жылықанды (+41, +43°С.

Б. салқынқанды

5.Құстардың ірі қауырсындарының теріге еніп тұрған бөлігі?

А. қаламша

Ә. пәр

Б. сояу

6. Өңештің кеңейген бөлігі?

А. тұмсығы

Ә. жемсау

Б. етті қарын

7. Ұшуға байланысты құстарда не болмайды?

А. бүйрек

Ә. клоака

Б. қуық

8. Әлсіз, көзі ашылмаған, қауырсыны жетілмеген балапандарды қалай атайды?

А. қызылшақа балапандар

Ә. ересек құстар

Б. ширақ балапандар

9. Құстар қалай ұрықтанады?

А. іштей

Ә. сырттай

Б. уылдырық шашу арқылы

10. Құстардың жүрегі неше қуысты?

А. 3

Ә. 4

Б. 6

11. Құстарда неше кан айналым шеңбері бар?

А. 5

Ә. 2

Б. 3

12. Құстардың дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты неше топқа бөледі?

А. 5

Ә. 6

Б. 3

13. Асыранды құстарды қолда өсіру қалай аталады?

А. құс шаруашылығы

Ә. құс пайдасы

Б. орман құстары

14. Сезім мүшелерінің нашар дамығаны?

А. есту мүшесі

Ә. дәм сезу

Б. иіс сезу

15. Құстардың денесі қандай бөлімдерге бөлінген?

А. бас, мойын, тұлға

Ә. бас, көкірек, құрсақ

Б. бас, мойын, тұлға және құйрық

16. Дүние жүзіндегі ең кішкене құс?

А. колибри

Ә. киви

Б. эму

17. Құстардың арғы тегі?

А. архиоптерекс

Ә. гаттерия

Б. тритон

18. Құстардың алдыңғы аяғы неге айналған?

А. жалған аяқтарға

Ә. қанатқа

Б. жүзбе қанатқа

19. Африкалық түйеқұстар қандай топқа жатады?

А. қыртөстілер

Ә. қыртөссіздер

Б. жүзгіш құстар

20. Қай құста 2 саусақ болады?

А. киви

Ә. тоты

Б. Африкалық түйеқұста

























Сүтқоректілер класы


  1. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым?

А. маммалогия

Ә. орниталогия

Б. герпетология

2. Сүтқоректілердің тері жабыны

А. теріде май, тер, иіс шығаратын бездер болады

Ә. теріде сілемейлер болады

Б. теріде қабыршақтар болады

3. Сүтқоректілердің мойын омыртқасының саны

А. 7

Ә. 8

Б. 10

4. Сүтқоректілер класы

А. жануарлар дүниесінің жоғарғы сатыдағы тобын құрайды

Ә. төменгі сатыдағы тобын құрайды

Б. ортанғы сатыдағы тобын құрайды

5. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ бөлімін бөліп тұратын

А. көкет (диафрагма. пайда болған

Ә. қыртөс пайда болған

Б. қабырға пайда болған

6. Көкет қатысады

А. тыныстық қозғалыстарға

Ә. қан айналымға

Б. зәр шығаруға

7. Үстіңгі, астыңғы жақ сүйектерінің ұяшықтарында орналасады

А. тістер

Ә. тіл

Б. ұрт

8. Тістер атқаратын қызметіне сәйкес бөлінеді

А. күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп

Ә. азу және күрек тістер деп

Б. кіші және үлкен азу тістер деп

9. Ауыз қуысына неше жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады?

А. 3-4 жұп

Ә. 5-6 жұп

Б. 7-8 жұп

10. Сиыр қарнының бөлімдері

А. үлкен қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар

Ә. үлкен қарын (таз қарын.

Б. жұмыршақ (тақия қарын.

11. Ауа өтетін мүшелерге жатады

А. жұтқыншақ, көмей

Ә. танау тесіктері

Б. танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауа тамырлары

12. Сүтқоректілер өкпесінің ішкі көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінуін ... атайды

А. өкпе

Ә. өкпе көпіршіктері (альвеолдар.

Б. диафрагма

13. Сүтқоректілердің қан тарату жүйесі

А. 4 қуысты

Ә. 3 қуысты

Б. 5 қуысты

14. Сүтқоректілердің зәр шығару жүйесі түзіледі

А. 2 бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңар қуық және зәр шығару өзегі

Ә.2 бүйрек,

Б. 2 несепағар түтігі

15. Сүтқоректілерде қандай сезім мүшесі жақсы дамыған?

А. көру

Ә. иіс сезу

Б. есту

16. Сүтқоректілерде пайда болған құлақтың бөлігі?

А. дабыл жарғағы

Ә. иірім түтігі

Б. құлақ қалқаны

17. Сүтқоректілердің ортанғы құлақ қуысында қандай сүйектер болады?

А. дабыл жарғағы

Ә. құлақ қалқаны

Б. балға, төс, үзеңгі сүйектері болады

18. Сүтқоректілерде болатын аналық жыныс мүшесі?

А. жатыр

Ә. қуық

Б. несепағар

19. Ұшатын сүтқоректілерге жатады

А. үйрек тұмсық

Ә. жарқанаттар

Б. түрпітек

20. Төменгі сатыдағы аңдарды қалай атайды?

А. ұшатын сүтқоректілер

Ә. қалталы сүтқоректілер

Б. құрлықта мекендейтін сүтқоректілер





Дұрыс жауаптары

Қарап типі

Ішек типі

Құрт типі

Ұлу типі

буынатипі

қандауыр

сүй балық

шем балық

қосмекен

жорғ

құс

тар

сүт

қор

1

Ә

Ә

А

Ә

А

Б

А

Ә

Ә

А

А

А

2

А

Ә

Б

Б

Ә

Б

А

А

А

Б

Б

А

3

А

Ә

Б

Ә

Б

А

А

Ә

Ә

Б

А

А

4

Ә

Ә

А

Б

Б

А

А

А

А

Ә

Ә

А

5

А

Б

А

А

Б

Ә

А

А

Б

А

А

А

6

Б

А

Ә

Б

Ә

Б

А

А

А

А

Ә

А

7

Ә

Б

А

А

Ә

А

А

А

Ә

Ә

Ә

А

8

Б

А

А

Ә

А

А

Б

А

А

А

А

А

9

А

Б

Б

Ә

А

А

Ә

А

А

Ә

А

А

10

Б

Б

Б

Б

Б

Б

Ә

А

Б

А

Ә

А

11

А

А

А

А

Б

Б

Б

А

Ә

А

Ә

Б

12

Ә

Б

Б

А

Б

А

Ә

А

А

Б

Б

Ә

13

Б

Ә

А

А

Б

А

А

А

Б

Ә

А

А

14

Б

Ә

Ә

Б

А

Ә

А

А

Ә

А

Б

А

15

А

А

А

Б

Б

А

А

А

Б

Б

А

Ә

16

А

Ә

Б

Ә

Ә

А

Ә

А

Ә

Ә

А

Б

17

Ә

Б

Ә

Б

Б

А

А

А

А

Б

А

Б

18

А

А

А

Б

А

Ә

Ә

А

А

А

Ә

А

19

Б

Ә

Б

А

А

Ә

А

А

Б

А

Ә

Ә

20

Б

Б

А

А

А

Ә

А

А

А

Б

Б

Ә








© 2010-2022