• Преподавателю
  • Биология
  • Разработка по биологии на тему Қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы, көбеюі және дамуы

Разработка по биологии на тему Қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы, көбеюі және дамуы

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология пәні мұғалімі: Жұмабекова Динара Әбіласанқызы

Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы, көбеюі және дамуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және плаундардың құрылысы, ерекшелігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білім беру.

Сабақтың пәнаралық байланысы: экология

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, тірек-сызбамен түсіндіру, кесте толтыру.

Модульдердің кіріктірілуі: СТО, көшбасшылық, дарынды балалармен жұмыс, бағалау

Ресурстар: Интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, А-4 парақтары

Болжамданған нәтиже: Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер туралы жан-жақты мәлімет алады

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау, таныстыру. Санау арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Оқу құралдарын дайындау.

Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен танысады.

Оқушылар 3 - ке дейін санап, топқа бөлініп, әркім өз орнына отырады.

Ой қозғау әрі сергіту сәті

Білу

"Кім? Не? Қашан? Қайда?"

«Кім көп біледі?» ойыны арқылы оқушының білімі тақтағы ұяшыққа белгіленеді.

  1. Таллом дегеніміз не?

  2. Хроматофор деген не?

  3. Хламидомонаданың хлорелладан айырмашылығы

  4. Спирогира неліктен олай аталады?

  5. Қай балдыр ғарышқа ұшып келді және қандай әсер берді адамдарға?

  6. Улотрикстің хроматофоры қандай?

  7. Қызыл және қоңыр балдырлар кайда өседі?

  8. Балдырдағы сілемейлі қабықшаның рөлі

  9. Қоңыр балдыр жасушасындағы қор заты

  10. Қоңыр балдырларды ата

  11. Жидекке ұқсас, іші ауаға толы көпіршігі бар балдыр

  12. Теңіз жүзімі деп аталған балдыр

  13. Қызыл балдырлардың жасушасының қор заты

  14. Теңіз орамжапырағы деп аталған балдыр

  15. Балдырлардың адам өміріндегі маңызы

  16. Ламинария су түбіне қалай бекінеді?

  17. Мүктерді зерттейтін ғылым

  18. Мүктер қандай жерлерде өседі?

  19. Ризоидтың тамырдан айырмашылығы

  20. Көкек зығыры деп аталған мүк?

  21. Жасыл мүктің биіктігі

  22. Жасыл мүктің сабағында қандай ұлпа бар?

  23. Жасыл мүктің аталық және аналық мүшесінің атауы

  24. Шымтезек мүгі неге ақ мүк деп аталады?

  25. Ризоиды болмайтын мүк?

  26. Мүктердің пайдасы

  27. Көкек мүгінің жынысты көбеюі

  28. Жасыл мүктің жыныссыз көбеюі

Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады,бірінің жауабын бірі толықтырады.

Жылдам жауап беруге тырысады.

Өздерінің дұрыс жауаптарын тақтадағы ұяшықтан көреді.

1-топ 2-топ 3-топ

++

-

+

+

++

-

++

+-

++

+

+

++

-+

+-

++

--

-+

++

++

++

+

+-



Түсіну

"Неге? Неліктен? Не үшін?"

Тақырыпты 3-ке бөлемін. Оқушыларға өздеріне оқуға беріледі.

Қырықжапырақ тәріздестер - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы. Ертедегі жойылып кеткен үлкен ағаш тәрізді түрлері ылғалды тропиктік орман болып өскен.

Қазіргі кезде қырықжапырақтәріздестердің 10 000-нан астам түрлері белгілі.

Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана (басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі.Суда өсетіндері де бар. Аустралия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәріздіқырықжапырақтәріздестерді тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.

Қырықжапырақтылар - тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер.

Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады:

  1. фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі;

  2. споралар түзіліп, көбеюге қатысады.

  1. Неліктен плаундар «жүзгіш» деп аталған?

  2. Қырықжапырақтың таскөмірмен қандай байланысы бар?

  3. Усасыр қырықжапырағында неге түрлі жапырақтар болады?

Оқушылар ЖИГСО әдісімен тақырыпты өздері меңгереді.

Алдарындағы парақтарға топ болып ең негізгі мәліметтерді жазады.

Әр топтан 1-2 оқушы өз оқығандарын айтып, қорғайды.

Бірін - бірі тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қолдану

Жаттығу бойынша жұмыс

Эссе жазу

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.

Анализ, синтез

Салыстыру,

айырмашылығын табу.

Алынған ақпарат

негізінде қорытынды

жасау.

Венн диаграммасы арқылы жұмыс жасау

Қырықжапырақтәрізділердің, қырықбуындардың, плаундардың айырмашылығын және ұқсастықарын табады

Оқушыларын сұрақтарға жауап береді, сын тұрғысынан ойлай отырып шешімін табады

Бағалау

"Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?"

Мұғалім топтық және жұптық жұмыстарды, кейбір оқушыларды жеке бағалайды. Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенін айта өтіп, бағалайды.

Оқушылар бағаларымен танысады.

Үйге тапсырма

Қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы, көбеюі және дамуы.

Рефлексия

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектерін жазады.


© 2010-2022