Жасушаның бөлінуі. Митоз

Митоз дегеніміз – бұл жасушалардың бөліну жолдары, мұнда бір аналықтан 2 еншілес жасуша түзіледі де, ондағы хромосомалар жиынтығы өзгермейді. Адам, жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтар да дене жасушасы митоз арқылы бөлінеді.      Кез келген күрделі үдеріс тәрізді митоз лезде өтпейді.Жасуша бірқатар жүйелі фазаларда өтеді. Соның нәтижесінде еншілес жасушаның әрқайсысы аналық жасушада қандай болса, дәл сондай хромосомалар жиынтығын алады. Митоздың 4 фазасы бар, олар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп аталады.     Әрбір фаза белгілі уақыт аралығында ғана өтеді. Жасуша күйі үнемі өзгеріп тұрады. Профаза. Центриолдар жасуша үйектеріне таралып, бөліну шүйкесінің жіпшелері қалыптаса бастайды. Метафаза. Хромосомалардың барлығы жасушаның экваторлық жазықтығында сапқа тұрып, «метафазалық тақташалар» түзеді. Анафаза. АТФ энергиясы есебінен бөліну шүйкесінің жіпшелері қысқара бастайды. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Телофаза. Профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Басында хромосомалар полюстерге жетіп, олардың жылжуы т... Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы. Митоздық бөліну - өсу процесінің маңызды кезеңі. Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы  генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпартаттың көшірмесі болып табылады. Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалардың саны аналық жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді. Егер митоз процесі зақымдалса, хромосомалар санында ауытқулар болады, яғни хромосома саны артады немесе кемиді. Ол жас...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Биология

Сынып: 10 «А»

Күн: 14.І.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: §33. Жасушаның бөлінуі. Митоз

Сабақтың мақсаты: Жаңа білім меңгерту

Сабақтың міндеттері:

А) Білімділік: Оқушыларға жасушаның бөлінуінің жолдары және дене жасушаларының бөлінуі туралы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, лездемелік сұрақтар, кестемен жұмыс бере отырып, сабақты интербелсенді тақтаның көмегімен өткізу арқылы ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, су мен тұздың маңызын білуге, дұрыс қолдануға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулықтар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ:

Тақырыбы: §33. Жасушаның бөлінуі. Митоз

Жасуша санының көбеюі жасушаның бөлінуінен басталады. Жасушаның бөліну аралықтары болады, оны жасуша циклі деп атайды.




Митоз дегеніміз - бұл жасушалардың бөліну жолдары, мұнда бір аналықтан 2 еншілес жасуша түзіледі де, ондағы хромосомалар жиынтығы өзгермейді. Адам, жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтар да дене жасушасы митоз арқылы бөлінеді.

Кез келген күрделі үдеріс тәрізді митоз лезде өтпейді.Жасуша бірқатар жүйелі фазаларда өтеді. Соның нәтижесінде еншілес жасушаның әрқайсысы аналық жасушада қандай болса, дәл сондай хромосомалар жиынтығын алады. Митоздың 4 фазасы бар, олар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп аталады.

Әрбір фаза белгілі уақыт аралығында ғана өтеді. Жасуша күйі үнемі өзгеріп тұрады.

  1. Профаза. Центриолдар жасуша үйектеріне таралып, бөліну шүйкесінің жіпшелері қалыптаса бастайды.

  2. Метафаза. Хромосомалардың барлығы жасушаның экваторлық жазықтығында сапқа тұрып, «метафазалық тақташалар» түзеді.

  3. Анафаза. АТФ энергиясы есебінен бөліну шүйкесінің жіпшелері қысқара бастайды. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады.

  4. Телофаза. Профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Басында хромосомалар полюстерге жетіп, олардың жылжуы тоқталады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Соңында әр жасушаның заттары толық қалыптасып, интерфаза сатысына көшеді.

Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы.

  1. Митоздық бөліну - өсу процесінің маңызды кезеңі.

  2. Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпартаттың көшірмесі болып табылады.

  3. Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалардың саны аналық жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді.

  4. Егер митоз процесі зақымдалса, хромосомалар санында ауытқулар болады, яғни хромосома саны артады немесе кемиді. Ол жасушаны үлкен өзгеріске ұшыратады. Мұндай жағдайда жасуша тіршілігін жояды немесе мутацияға ұшырайды.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Лездемелік сұрақтар:

  1. Жасуша циклі дегеніміз не?

  2. Жасуша бөлінуінің қанша жолы бар? Оларды ата.

  3. Дене жасушаларының бөлінуі неше кезеңнен тұрады?

  4. Дайындық кезеңі дегеніміз не?

  5. Митоз дегеніміз не?

  6. Митоздың фазаларын ата.

  7. Цитокинез дегініміз не?

  8. Митоздың қай фазасында екі еселенген хромосомалар экватор жазықтығына жиналады?

  9. Хромосомалардың толық жиынтығын қалай атаймыз?

  10. Адамның хромосомаларының диплоидті жиынтығы қанша?

Суретпен жұмыс:

  1. 74-суретте бейнеленген хромосома қай кезеңге тән?

  2. 75-суретте қандай организмнің жасушалары берілген? Қандай фазалар бейнеленген? Жүретін процестерге сипаттама беріңдер.

  3. 76-суретте қандай фаза бейнеленген? Ол фазада қандай процестер жүріп жатыр? Түсіндіріңдер.

  4. 77-суретте қандай фаза бейнеленген, сипаттама беріңдер.

Кестемен жұмыс:

Фазаның атаулары

Фазадағы хромосомалардың өзгерістері

Жасушада болатын басқа өзгерістер

А

Ә

Б









Ү. Бағалау: Сынып оқушыларын бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: §33. Жасушаның бөлінуі. Митоз


© 2010-2022