Білім беру жүйесінде оқытудың мазмұнына өзгерістер енгізудің білім алушыларға әсері

Қазіргі білім беру саласында әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі  білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым –қатынасын және құрылымын өзгертуді, жаңартуды талап етеді.   Оқыту үдерісіне  жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу арқылы  оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы дейгейге көтеру бүгінгі күнгі күрделі мәселе.Еліміздің  Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты Қазақстан халқына Жолдауында:...
Раздел Астрономия
Класс -
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру жүйесінде оқытудың мазмұнына өзгерістер енгізудің білім алушыларға әсері

Қазіргі білім беру саласында әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым -қатынасын және құрылымын өзгертуді, жаңартуды талап етеді.

Оқыту үдерісіне жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы дейгейге көтеру бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек...» деген мақсат белгіленсе, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деп атап көрсеткен.

Осыған орай әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындары білім моделіне көшу үстінде.

ХХІ ғасырда оқушылардың қандай білімді меңгергендері емес, алған білімдері мен меңгерген дағдыларын өмірде қалай қолдана алатындары маңызды болатыны туралы халықаралық қоғамдастықтың біртұтас пікіріне негізделген. Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сай білім беруге бағытталып отыр.

Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл - ойын жан-жақты дамытқан «Мендік» пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктейді. Мұғалімдерді жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Бұл өзгерістер мұғалімдер мен оқушылар үшін оң нәтиже беруі тиіс. Сондықтан біліммен жан-жақты қаруланған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдер білім мазмұнын жақсарту, жаңарту мақсатында түрлі ізденістер жүргізуде.

Қазіргі кезде педагогикалық іс-тәжірибемде оқушының алған білімін шығармашылықпен қолдануына, өзін-өзі дамытуына, өзінің даралығын сезінуге, айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етіп жеті модуль түріндегі мазмұнға топтастырылған жоспар бойынша жұмыс жасаудамын.

Оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерген, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына баса назар аударудамын. Сабақтарда тек жалаң білім беріп қана қоймай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігін қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс танымына қарай жоспар құруға көңіл бөлемін. Сабақтарға жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда сынып оқушыларының білімге құштарлықтары артып, ынтымақтастығы қалыптасты. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатуды негізгі мақсат етіп, сынып оқушыларын топқа бөліп, жаңа сабақтың түйінді идеясын ашуды көздедім. Оқушылар ынтымақтаса жұмыс жасауда бір нәтижеге жету үшін топтық жұмыстың ережелерін сақтаудың маңыздылығын сезінді. Осындай әрекеттердің нәтижесінде оқушылар топтық жұмыс үстінде бірін - бірі жақсы зерттеп, өзара адал қызмет етуге бейімделді, пікіралмасу барысында тілдері дами түсті, үлгерімі төмен оқушылардың да жолдастарының алдында жауапкершілігі артып бірте-бірте бойындағы қабілетіне қарай қатарға қосыла бастады. Сабақ барысында оқушылардан сайланған сарапшылар өз жолдастарының іс-әрекеттеріне баға беріп, өз-өздерін бағалады. Мұндай оқыту жүйесі баланың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім дейгейін көтеруге үлкен үлесін қосады.

Білім алу кезінде бағаның орны ерекше. Бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты. Баға алуда оқушылар алға талаптанады, ізденеді. Кейбір оқушы білім үшін емес, баға алу үшін оқиды. Сондықтан, бағаны дұрыс қою және оның нақты болуын алға қою әр мұғалімнің есепке алар міндеті. Оқушылар сабақ үстіндегі бағалау әдістерінің тиімділігін түсінді.

Сабақта оқушыларға берілетін тапсырмаларды бірнеше жаңа әдістерді пайдалану арқылы ұйымдастырылса, сонда ғана күтілген нәтижеге қол жеткізеді. Сабақта мына әдіс-тәсілдерді жиі пайдалануға болады:

1.Мозайка. 7.Жұптасып-ойлан-бөліс.

2.Ойланудың алты қалпағы. 8.Үш қадамдық сұхбат.

3.Ыстық орындық. 9.Ассосация.

4.Уақыт шеңбері. 10.Тоғысқан пікірталас.

5.Стикерлермен диалог. 11. Кластерлер.

6.Айналмалы бекеттер. 12. Шатастырылған логикалық баулар.

13.Алтын балыққа арналған аквариум.

Әр әдіс-тәсіл мақсатына қарай орындалады. Осыған орай бірер мысал келтіріп көрелік:

Сабақта «Кластерлер» тәсілінде қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті ететін, материал графика бойынша ұйымдастырылады. Кластер ойлаудың сызықтық емес форманың бейнесі болып табылады. Кейде осы тәсілді «көрнекті миға шабуыл» деп атайды.

Бұл тәсіл іс-әрекет тізбегі бойынша жүргізіледі.

1.Ойдың, тақырыптық « жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына жазылады.

2. Берілген тақырыпқа келетін бейнелерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына («Планетелар және оның серіктері») жазу керек .

3. Жазылуына қарай, пайда болған сөздер мен сөйлемдерді басты ұғыммен түзу сызықпен біріктіреді. Әрбір серіктердің тағы да серіктерін жазуға болады, жаңа логикалық байланыстар тұрғызылады.

Жұмыстың нәтижесінде біздің ойларымызды графикалық бейнелейтін, берілген тақырыптың ақпараттық өрісін анықтайтын құрылым пайда болады.

Кластерлермен жұмыс жасағанда мына ережелер сақталу керек:

  1. Ойға келген нәрсенің барлығын жазудан қорықпау керек. Сонда қиял мен интуицияға ерік беріледі.

  2. Уақыт біткенге дейін немесе ойлар сарқылғанға дейін жұмыс жалғастырылады.

Жалпы оқушыларға берілген тапсырманы орындауда негізгі идеяны анықтап, ойланады,талдайды, салыстырады, өзіндік пікірлерін білдіреді. Осындай әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану барысында оқушылардың ой-өрістері дамиды, болжай алады, сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланады.

Сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:

1. Мұғалім оқыту кезінде бағыт-бағдар беруші ғана;

2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес,

осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болу;

3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту;

4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту;

5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын,

қасиетін дер кезінде айқындау;

Осы қағидалар негізінде жүргізілген сабақтар оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп, жан -жақты білім алуына көмектеседі.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді.

Мұғалімдердің кәсіби дамуы мектептерде оқыту мен оқуды дамытудың басты жолдарының бірі болып табылатыны белгілі. Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Мұғалімдердің өз оқушылары тәуелсіз, мақсатқа ұмтылғыш, өзін жігерлендіре алатын, сенімді, жауапкершілігі мол және сын тұрғысынан ойлай алатын оқушы болуға ықпал ететін білім беру үдерісінің бір бөлігі ретінде оқушыларға «қалай оқу керектігін үйрену» қабілетін меңгеруге көмектесу үшін жеткілікті көлемде хабардар болуы керек.

Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге, оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр.

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім»- деп К.Д.Ушинский айтып өткендей, өз сабағымның құрылымын өзгертіп, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, шығармашылық ізденіспен бала жалықпайтындай, кешегі сабақ бүгінгі күнгі сабаққа ұқсамайтындай етіп түрлендіру, жетістіктерге қол жеткізу - ұстаз еңбегінің жемісі екендігі баршамызға аян. Педагогика қабілетсіз бала жоқ деп дәлелдейді. Тек баланың ойын, тілін дамытатын жұмыстардың көзін тауып, тынбай ізденудің нәтижесінде ғана биік шыңға шығуға болатыны анық.



© 2010-2022