Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос

Раздел Астрономия
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Ақмола облысы

Астрахан ауданы

«Астрахан №1 орта мектебі» ММ







Бағыты: Жаратылыстану-математикалық бағыт

Секциясы: физика және астрономия

Тақырыбы: «Планеталарды зерттеу техникалары»

Авторы: Нуржаубаев Жандос

7 сынып оқушысы

Жетекшісі: Абишева С.Б

физика және математика мұғалімі




2015 жыл





Пікір

Ғылыми жоба «Планеталарды зерттеу техникалары» тақырыбы бойынша берілді. Авторы 7 сынып оқушысы Нуржаубаев Жандос.

Жандос астрономияға қызығушылықпен қарап қазіргі заман ғаламшарын зерттеу техникаларының дамыту жолын жинақтап , көпшілік назарына үсынып отыр. Әр планеталарды зерттеу техникалары жайлы мәлімет жинақтап, зерттеп, талдап және жүйеге келтірген. Ғарышты зерттеу техника құралдарының жаңалығын, құрылымын тереңдей зерттеген.Олардың техника түрлерімен, жұмыс жүйесімен таныстырып және пайдалану техникасының ерекшеліктерін жүйеге келтірген. Нәтижесінде әр оқушы қазіргі заман ғаламшар зерттеу техникаларының даму жолдарың білу қажет деген ойда, өз қойган мақсатына жетіп, тақырыбын аша білді.

Пікір жазған: Абишева С.Б.



















Мазмұны

Аннотация .................................................................................

Кіріспе…………………………………………………….....…4

1. Ғарыштық техника өндірісінің дамуы, техникалық шол...

  1. Ғарыштық техника өндірісінің дамуы...........................6

1.2 Тасымалдаушы құрал - жабдықтар...............................16

2. Қазіргі таңдағы ғаламшарларды зерттеу техникалары.....

  1. Меркурий: "Мессанджер" (НАСА)..............................

2.2 Венера: "Венера-экспресс" (ЕКА).....................................

2.3 Марс: орбитада: Mars Reconnaissance Orbiter (НАСА), "Марс-

экспресс" (ЕКА), "Марс Одиссей" (НАСА). Марсоходы үстінде:

"Оппортьюнити" и "Кьюриосити" (НАСА)........................

  1. Юпитер: "Юнона" (НАСА) 2016 жылы орбитаға жетеді......

  2. Сатурн: "Кассини" (НАСА).......................................................

  3. Уран и Нептун: "Вояджер-2" (НАСА) 1986 және 1989 жылдары жанынан өтті...............................................................................

3. Қорытынды.

4. Пайдаланған әдебиеттер.







Аннотация

Зерттеудің өзектілігі: Әлемдік ғарыш бесігіне айналған ғарышты зерттеу техника құралдарының жаңалығын, құрылымын тереңдей зерттеу.Олардың техника түрлерімен, жұмыс жүйесімен танысу.

Зерттеудің мақсаты: XXІ - ғасырда ғарыштық кеңістікті зерттеу, игеру және пайдалану техникасының ерекшеліктерін жүйелеу.

Зерттеудің әдістері: Планеталарды зерттеу техникалары жайлы мәлімет жинақтау, зерттеу, талдау .

Зерттеудің жаңалығы: Қазіргі заман ғаламшар зерттеу техникаларының даму жолдарың білу.

Зерттеудің болжамы: Қазіргі заман ғаламшарын зерттеу техникаларының дамыту арқылы ғаламшарларды зерттеуді жинақтап , көпшілік назарына үсыну.





















Кіріспе

Ғарыштық техниканың Қазақстанда жасалынып планеталарды зерттеу және пайдалану үшін машина жасау үрдісінің кешенді технологиясының дамуына зор ықпалын тигізді. Адамзат баласы ғарышты игеру арқылы көптеген таңғаларлықтай жетістікке қол жеткізді. «Байқоңыр» Қазақстанда орналасқан ғарыш айлағы ғана емес, ол - адамзат пайдасына жұмыс істеп отырған үлкен ғылыми-технологиялық кешен. Бүгінгі ақпараттық қоғамда сіз бен біз емін-еркін пайдаланып жүрген интернет, радио, телевизия және өзге де коммуникациялық байланыс желілерінің жетілуі мен нано технологиялардың дүниеге келуі - ғарыш мамандарының еңбегі. Қалай десек те, қоғамдағы кез келген сала ғарыштық технологиялардың көмегіне зәру. Қазіргі уақытта астрономия, картография, геодезия, биология, география, химия, медицина сияқты күрделі салалардағы жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалардың дені - осы ғарыштық зерттеулердің тиімді нәтижесінен. Жердің қойнауын, онда жатқан қазба байлықтарды, теңіз бен мұхиттардың астын зерттеу үшін де ғарыштан жүргізілетін зерттеулер өте қажет.

Қазіргі заманғы астрономия аспан денелерін зерттеудің тәсілдеріне қарай бірнеше бөлімге бөлінеді. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталады, Жердің айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталады. Сфералық астрономияда аспан объектілерінің орны мен қозғалысы математикалық тәсілдермен анықталады. Ал тәжірибелік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып, уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау әдістері жүйеленеді. Аспан механикасында бүкіләлемдік тартылыс күшінің әсерінен болатын аспан денелерінің, соның ішінде жасанды денелердің қозғалысы, сондай -ақ аспан денелерінің тепе-теңдік жағдайы зерттеледі. Жұлдыздық астрономияда біздің галактиканы (Жұлдызаралды) құрайтын жұлдыздар жүйесі , ал галактика сырты астрономиясында басқа галактикалар және олардың жүйелері қарастырылады. Құрамына астрофотометрия, астроспектроскопия , т.б. бөлімдер енетін астрофизика аспан денелерінде, олардың жүйелерінде және ғарыштық кеңістікте болып жататын физикалық құбылыстар мен химиялық процестерді зерттейді. Радиоастрономияда ғарыштан келген радиотолқындардың қасиеттері және олардың кеңістікте таралуы зерттеледі. Жердің жасанды серіктері

ғарыштық кемелер мен ғарыштық телескоптардың (мыс., америкалық «Хаббл» телескопы) жасалуы астрономияда зерттеулерді атмосферадан тыс жүргізуге жол ашты. Космонгонияда жеке аспан денелерінің , сондай-ақ олардың жүйелерінің, атап айтқанда Күн жүйесінің пайда болу мәселелері, космологияда жалпы ғаламның құрылысы мен заңдылықтары қарастырылады. Қазақстанда астрономиялық зерттеулер ҚР ҒМ - Ғылым Академиясының Астрофизика институты мен оның Асы-Түрген обсерваториясында жүргізіледі.

Ғарыш (арабшадан аударғанда - кеңістік, космос) - Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс ғарыш болып ажыратылады.

Ғарыш алаңы, космодром - ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: техникалық позиция, старттық және командалық -өлшеу кешендері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңы жабдықтары арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтарға ажыратылады

Ғарыштық техника -ол ғарыштық кеңістікті зерттеу, игеру және пайдалану техникасы. Ғарыштық технологияны талқылығанда екі түрлі ұйғарым бар, біріншісі ол жердің атмосферасынан тыс шексізде шетсіз кеңістікті айтады. Ал екіншісі ол жердің атмосферасынан күн жүйесін қамтитын кеңістікті айтады. Екінші ұйғарым бойынша авиациялық қозғалыстар ол ғарыштық авиация, біріншісі галактикалық авиация. Коптеген уақытттан бері адамдар ғарыштық авиациялық қозғалыстарды ғана іске асыралды. Әрбір ғарыштық қозғалыс жетекші техниканың дамуына тығыз байланысты, тек қана жетекші техника белгілі бір дәрежеге жеткенде,қозғалыстағы дененің жылдамдығы айтарлықтай болғанда ойдағыдай ғарыштық қозғалысқа ие болады. Күн жүйесінен тыс планеталармен ақпарат алмастыру үшін бір жылдан артық уақытты қажет етеді. Содықтан күн жүйесінен тыс планеталарды талқылау біз үшін әлі ерте болады. Ғарыш технологиясының ең басты мақсаты кеңістікті игеруді жылжыту. Нақтырақ айтқанда космостық техника жердің атмосферасынан күн жүйесіне қамтитын кеңістіктік қозғалысын жасап қазіргі заманда зерттеліп жаткан дейін техника және технологиялардың дәрежесін жоғарылату.

  1. Ғарыштық техника өндірісінің дамуы, техникалық шолу

1.1.Ғарыштық техника өндірісінің дамуы

Адамдар ғаламшарды зерттеу тарихы бірнеше кезеңге бөлінді, әуе шар, зымыран, жасанды жер серігі тағы басқа. XVIII - ғасырдың 80- ші жылдары ғалымдар әуе шарды пайдаланып көкке ұшып ғылыми зерттеулер жүргізді. XX - ғасырдың 20-шы жылдары әуе шардың түр түрі пайда болды, әуе шардың ғылыми зерттеулерге, көлік тасмал, әскери барлау тағы басқа. салалар ға үлесін қосқан әйтседе әуе шар 50м биіктікке ғана көтеріле алады, өйткені биіктеген сайын ауаның тығызды азаяды одан ары биіктікке ұшу үшін тасмалдау құралы қажет ол зымыран. Зымыран қытайдың юань миннің кезеңінде ойлап табылған 1903 - жылы Ресей ғалымы Циолковскийдың «күш реакциясын мүмкіндігінше пайдаланып ғарышты зерттеу» тезисі жарық көрді, зымыранды ұшыру арқылы ғарышты зерттеу деген ойды ортаға қойды, әйгілі Циолковский формуласын құрды 1926 - жылы наурызда АҚШ физигі Годдард өз бетінше зымыран ойлап тапты және әлемдегі бірінші зымыранды ұшырды, осыдан кейін коптеген ғалымдар үкіметтің қолдауының арқасында зымыранды жасау және ұшыруды зерттей бастады 1942 - жылы қазанда немістер бірінші әскери зымыран V-2 ні сәтті ұшырды. Ұлы отан соғыстан кейін ғалымдар V-2 және оның жаңа түрін ұшыру арқылы 50м ден биік кеңістікті зерттеуге кірісті. 50 ші жыл

дардың соңында зымыран жасанды жер серігін алып ұшатын дәрежеге жетті 1957 - жылы 4 - қазанда КСРО бірінші жасанды жер серігін сәтті ұшырды, 1958 - жылы адамзаттың «ғарыштық дәуір» ге қадам басқанының белгісі. АҚШ өзінің жер серігін ұшырды, 1970 - жылы Қытайда өзінің жер серігін ұшырды, содан кейін әр түрлі жер серігі ұшырылды, қазірге дейін 4800 дана жер серігі ұшырылды.

Уан Ху - зымыранды пайдаланып ұшуды ойлап тапқан бірінші адам XIV - ші ғасырдың соңында, миндердің әдебиетшісі Уан Ху 47 өзі жасаған зымыранды орындыққа байлап, қолына коршун ұстап, зымыранның итеру күнін, коршунның күшін пайдаланып ұшпақшы болған, өкінішке орай, оқыста зымыран жарылып, Уан Ху қаза табады. (1.1- сурет)

Уан Ху ол бірінші зымыранды пайдаланып аспанға жорық жасаған батыр. Оның еңбегі селге кетті, бірақ оның зымыранды пайдаланып ұшу деген озық ойы әлемде бірінші пайда болды, сондықтан бүкіл әлем оны "Нағыз ғарыш бабасы" деп мойындады, бұл кісіні естен шығармау үшін, айдағы бір шығыршық жанартаудға аты "Уан Ху" тауы деп қойды.

Адамзаттың ғарышқа ұша алуы ғарыштық ұшақ пен ғарыш орбиталық бекеті арқылы жүзеге асады. 1961-жылы 12- сәуірде КСРО бірінші ғарыштық ұшақ ұшырды, ғарышкер Гагарин жердің орбитасын 108 минут айналып жерге аман есен оралды, адамзат ғарышқа ұшу жаңа заманына қадам басты. 1969-жылы 16- шілде АҚШ "Сатурн - V" атты зымыранмен "Аполлон" ғарыштық ұшағын алып ұшты, ғарышкерлер Армстронг және Олдрин айға қонды, 25- шілде жерге қайтып оралды. 1973- жылы 14- мамыр АҚШ "Сатурн - V" зымыранын пайдаланып салмағы 82 тонна болатын "аспан зертханасы- 1" космосқа жіберді, "Аполлон" ғарыштық ұшағын қатынас құралы ретінде пайдаланды. 9 ғарышкерді үш топқа бөліп аспан зертханасына жіберді, 20- дай ғылыми зерттеулер жүргізілген. КСРО космостық бекетті негіз етіп ғарышқа барлау әрекеттер жүргізді. 1971 жылдан 1986 ға дейін "салют -1 және салют -7" атты космос бекеттер және "ынтымақ" ғарыш орбиталық бекеті ұшырылды. Содан кейін "альянс", " прогресс", "космос" атты ғарыш кемесі ұшырылды, "салют" ғарыш бекеттерімен байланыстырып, бекеттерге аспаптар, жанар майлар, түрмыстық заттар және ғарышкерлер мен иженерелер тасмалдау. КСРО- ның екі ғарышкері "салют -7" бекетінде 211 күн өткізіп, ғарышкердің ғарышта ең ұзақ уақыт болу рекордтын жасады. АҚШ пен КСРО -дан басқа, бұрынғы федерациялық Германия республикасы, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, тағы басқа 10 шақты Батыс Европа елдері; Еуро космостық агенттіке қатысты 1983 - жылы 28 - қараша айында агенттік "ғарыш зертханасы 1"- атты бекетті сәтті ұшырды.

Халықаралық ғарыш бірлестігінің 47-ші мәжілісі 1996 -жылы қазан айында Қытайда ашылды. Мәжілістің тақырыбы Ғарыштың қолдану териториясын кеңейту, мәжілістің қортындысы, келе жатқан ғасыр ол Ғарыштық ғасыр, ғарыштық өнімдер экономиканың өсуінің негізгі түйіні болып табылады. Көптеген елдер бар байлығын ғарыш саласына салуды жоспарлады, сол арқылы космосты игермекші болды.

Ғарыштық техникасының негізгі қағидаларына "үш ғарыштық жылдамдық", Реактивті қозғалыстың ұстанымы, зымыранды кері қайтару технологиясы жатады.

1.2 Тасымалдаушы құрал - жабдықтар

Ғарыштық техниканы ғарыштық технология депте атайды, ғарыштық технологияға тасмалдаушы, ғарыш машиналары, жер беті бақылау технологиясы жатады.

Тасмалдаушы дегеніміз тасмалдау зымыраны, зымыранның жебе тәрізді денесі, қимылдатқыш жүйелер, басқару жүйесі тағы басқа бір неше бөліктен түрады. Зымыранның қолданғаны химиялық отын болғандықтан, бір бөлік зымыранмен жасанды жер серігін немесе ғарыш кемесін орбитаға жеткізе алмайды, негізі зымыран екі де төрт бөліктен түрады, бірінші бөлігінің отыны таусылғанда өздігінен түсіп калады, екіншісі жұмысын жалғсастыра береді. Ғарышқа жөнелтілген ғарыш кемеміз соңғы бөлігінде орналасады. Әлемде ең үлкен зымыран АҚШ-тың "Сатурн-V", ол үш бөліктен құралған, ұшардағы массасы 3000 тоннаға жуық болған. 35711000 Ньютон күшімен жерден көтерілген.

Тасмалдау құралы кинетикалық және әлеуметті қуатты ғарыш машинасына беріп, белгіленген орбитаға жеткізіп тастайды.

Көп бөлікті тасмалдау зымыраны - бірақ рет қолданатын көп бөлікті зымыран. (1.2 - сурет). Космостық тасмалдау жүйесі - көп рет қолданыстағы тасмалдау құралы (ғарыш ұшағы). Тасмалдау зымыранының құрылымы; 1.Алымдылық жүйе; 2.Меңгеруші жүйе; 3. Құрылымдық жүйе.

Тапсырманың түріне қарай тасмалдау зымыраны үшке бөлінеді.

Зондтаушы зымыран: аспанға ықшамды аспаптарды алып ұшып атмосфералық өлшеулер жасады. Баллистикалық зымыран: түрлі-түрлі оқтұмсыктарды жауға қарсы соққы беруге қолданылады. Жасанды жер серігін (ғарыш кемесі) масмалдаушы:жасанды жер серігін немесе ғарыш кемесі орбитаға жеткізеді.

Қытайдың ең алғашқы көп бөлікті тасмалдау зымыраны әлемдегі бірінші тасмалдау зымырандар топтамалары.

"Шығыс" зымыраны әлемдегі бірінші тасмалдау зымырандар топтамалары: "Жер серігі", "Ай", "Шығыс", "Жоғарлау","Найзағай", "Бірлестік", "Озық" атты зымырандар.(1.3 сурет)

"Протон" зымырандар топтамалары дегеніміз КСРО-ның арнайы космостық тапсырмалар ға жобаланған тасымалдау құралы. "Энергия" ауыр зымыранын қолданбай түрып, " Протон" зымыраны КСРО- ның ең мықты тасымалдау зымыраны. "Протон" зымырандар үш топтамаға бөлінеді екінші дәрежелі үлгі, үшінші дәрежелі үлгі, төртінші дәрежелі үлгі. "Геркулес" зымырандар топтамалары.(1.4 сурет)

"Геркулес" зымырандар топтамалары континентаралық баллистикалық зымыраны " Геркулес-2"," Геркулес-3", " Геркулес-4", "Коммерциялық Геркулес-3" зымырандар топтамасында қамтиды.

Қытай 1956- жылдан бастап қазіргі зымырандарғы зерттеуді бастады.1969- жылы 29- маусымда өз бетімен зымыран зерттеп жасап сәтті ұшырды, содан кейін көп бөлікті зымыран жасауға кірісе бастады. 5 жыл тер төгіп еңбектенгеннің арқасында 1970- жылы 24- сәуірде "Ұлы жорық" зымыран жасалды, алғаш рет жасанды жер серігі "Қызыл шығыс" - ты сәтті ұшырды, Қытай космостық техникаға маңызды бір қадамын аттады.

"Ұлы жорық" зымырандар топтамалары әлемге әйгілі болып, космостық технология саласында маңызды орынға ие болды. (1.5 сурет)

2. Қазіргі таңдағы ғаламшарларды зерттеу техникалары.

Ғарыш машинасы (жасанды жер серігі, ғарыш аппараттары) космостағы әр түрлі орбитада жұмыс жасайтын жасанды аспап, космоста ұшатын барлық құрылғылардың атауы. Жерге жақын орбита бойындағы ғарыш машинасы жерді айнала қозғалыс жасайды. Планета аралық ғарыш машинасы жердің тартылыс күшін жеңіп басқа планеталарға ұшады.

Ғаламшар - өздігінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын, орталық жарық көзімен салыстырғандағы массасы шағын аспан денесі. Күн жүйесіндегі Планеталар Күн жарығын шағылдырғандықтан көрінеді. Кейбір жақын жұлдыздың айналасындағы Планета осы жүйенің масса центрінің түзу сызықты қозғалыс траектория маңайында тербелуін бақылау арқылы анықталады. Қазіргі космогон теория бойынша планеталық жүйелер Галактикада кеңінен тараған құбылыс болып табылады. 2006 ж. тамызында Прага қаласында 75 елден жиналған 2,5 мыңдай астроном Халықаралық астрономиялық одақ маслихатында ресми түрде ғаламшар мәртебесін алу үшін аспан денесіне қажетті көрсеткіштерді бекітті. 1930 жылы ашылған және содан бері Күн жүйесіндегі 9-шы ғаламшар саналып келген Плутон мәртебесінен айырылды. Жаңа жіктелім бойынша Плутон енді шағын ғаламшарлар немесе планетоидтар санатына жатады. Енді аспанда 8 ғаламшар ғана қалды.

2.1. Меркурий: "Мессанджер" (НАСА).

Меркурий күнге ең жақын планета болғандықтан оны бақылау өте қиын. Әйтсе де, соңғы радиобақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол күнге жақын орналасқандықтан, оның орбитасы жерге қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да, кішкене болғандықтан, ол өзінің айналасындағы атмосфераны тұрақты ұстай алмайды.

Меркурийді зерттеудің жаңа кезеңі 1974 жылы ғана басталды. Сол кезде американдық планетааралық стансасы «Маринер - 10» үш рет Меркурийге жақын ұшып барып, ғаламшар бетінің бірнеше бейнесін Жерге жібереді. Сонда Меркурий бейнесінің Аймен ұқсастығы ғалымдарды таңқалдырды. Ол бейнелерді көрген селенолог-мамандар ғана болмаса қарапайым адамдардың суреттегі ғарыштық дененің Ай немесе Меркурий екеуінің қайсысы екендігін ажырата алуы қиынға соқты. 2004 жылы американдық ғалымдар екінші аппаратты «Мессанджер» жіберіліп 2011жылы 18 наурызда планетаның орбитасына жетті. Меркурий Жерге жақын болсада орбитасына ену үшін ғарыштық кемеге 6 жыл қажет етті. 2012 жылы қараша айының соныңда +400 градус Цельсия температурасына қарамай полюсьте суды мұз түрінде анықтады (1.6 сурет). «Мессанджер» әлі күнге дейін Меркурий орбитасында өз жұмысын жалғастыруда.

2.2 Венера: "Венера-экспресс" (ЕКА).

Шолпан - екінші ғаламшар. Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтіруде. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта. Ғаламшардың табиғи серігі жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша Шолпанның солтүстік полюсінде екі атмосфералық желдер үйіріліп соғып тұр, бұл оңтүстік полюсінде де байқалады. Мұны EKA «Venus Express» планеталық аппарат дәлелдейді. Ғарыштық аппартта «Venus Express» Шолпанның орбитасына 2006 жылдың 11 сәуірінде кірді. Бірінші он күнінде аппарат бірінші орбитада орналасып және планетаның атмосферасын инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәуледе зерттеді. Зерттеу 350000 км-ден 400000 км-де жүзеге асты.

Мұндай үйірмелі желдер зерттеушілердің айтуы бойынша Шолпанның атмосферасындағы ыстықауаның табиға циркуляциясы мен батысқа бағытталған желмен түсіндіріледі. Жел бүкіл планетаны тек 4 күнде ғана айналып шығады. Ең бір айтарлық зерттеушілердің жеткен жетістігі - бұл Шолпан планетасының екі полюсінде де үйірмелі желдерді байқауы. Бұрын бұл үйірмелі желдердің тек беткі қабаты фотоға түсірілген. Бұл фотолар Шолпан планетасын тереңірек зерттеуге және анимациясына мүмкіндік береді. Бұл суреттер атмосфералық үйірмелі желдердің тек солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де бар екендігін дәлелдеді. Осы фотолар «VIRTIS» атты спектометрдің көмегі арқылы алынған. Планета аралық зерттеуші аппарат «Venus Express» ғарышқа 2005 жылдың 9 қарашасында жіберілген. Ал 2006 жылдың 11 сәуірінде Шолпанның орбитасына қонды. Күн жүйесінің екінші планетасына жету үшін аппаратқа 153 күн қажет болды. Бұл күндерде ол 400 млн км-ге жуық арақашықтықты өтіп отырды. Осыдан сегіз жыл бұрын Шолпан ғаламшарын зерттеуге ұшырылған «Венера-экспресс» аппараты өзіне жүктелген міндетті соңына дейін атқарды. Бұл туралы Еуропа Ғарыш Агенттігі ЕКА хабарлайды. Жоспарланғаннан төрт есе көп уақыт еңбек еткен ғаламшардың жасанды серігінің соңғы жанармайы таусылып, Жермен байланысы үзілген. ЕҒА хабарлауынша, аппаратты Жерге қайтару мүмкіндігі бар болған. Дегенмен ғалымдар Шолпан ғаламшарына қатысты соңғы ақпаратты алуды ұйғарған. «Венера-экспресс» қазір белгісіз бағытпен Шолпанды айналып жүр. Ол көп өтпей Шолпан атмосферасы қабаттарымен төмендеп, жанып кететін болады. Агенттіктің астрофизиктері ағымдағы жылдың тамыз айында қозғалтқышты бірнеше рет қайта қосу арқылы аппаратты жаңа орбитаға, яғни жаңа айналу осіне түсіре алған. Осы әрекеттің арқасында Жерге көрші ғаламшар атмосферасының жоғарғы қабаттары туралы ақпарат алынған. Еуропа Ғарыш Агенттігі осындай шешімге «Венеры-экспресс» аппаратымен байланыс үзілгеннен кейін келіп отыр. Бұл Шолпан зондының байланысқа түсе алатын қуаты таусылғанын білдіреді.Енді ғарыш аппаратының тағдыры толығымен Шолпан атмосферасына байланысты болады. Ғалымдардың есебі бойынша, жасанды серік алдағы бірнеше аптада ауада жанып кетеді. (1.7 сурет)

2.3 Марс: орбитада: Mars Reconnaissance Orbiter (НАСА), "Марс-

экспресс" (ЕКА), "Марс Одиссей" (НАСА). Марсоходы үстінде:

"Оппортьюнити" и "Кьюриосити" (НАСА)

Марс (Қызыл жұлдыз) - Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Марстың планета екендігі адамзатқа ертеден белгілі болған. "Ұлы қарсы тұрыс" кезінде Марс қызыл сары түсті ең жарық жұлдыз (-2,7 жұлдыздық шамада) болып көрінеді. Тихо Браге мен Иоганн Кеплердің Марсты бақылауы бойынша 17-ғасырдың басында Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңы анықталды. Марстың физикалық қасиеттері телескопжасалғаннан кейін 17-ғасырдың ортасында зерттеле бастады. Марсты зерттеудің жаңа кезеңі Марсқа планетааралық автомат стансаларды жіберуден басталады. Осы стансалардың көмегімен планета бетіндегі мөлшері 1 км-лік заттар өте жақыннан зерттелді. "Марс-3" (1972) стансасы тұңғыш рет планетаға қонды. 2004 ж. АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген "Оппортунит" және "Спирит" марсоходтары Марсқа қонып, онда су қоймаларының болғандығына зерттеулер жүргізді. Марс бетінде шартты түрде құрлық деп аталатын қызыл сары түсті дақтар көрінеді. Құрлыққа қарағанда теңіздер жарықты аз шағылыстырады, сондықтан ол қоңырлау болып көрінеді. Марс дискісінің солтүстік және оңтүстік полюстік бөліктері өте жақсы бақыланады. Бұл ақ дақтардың мөлшерлері марстық жыл ішінде өзгеріп отырады. Осы кезде Марстың қоңыр теңіздері негізгі кескінін сақтап, болар-болмас өзгереді. Осылардың негізінде Марс бетінің 1°-тық дәлдікпен түсірілген картасы жасалды. Америкалық "Маринер" сериялы стансалары түсірген фотосуреттен Марста Ай бетінің рельефіне ұқсас көптеген сақина таулар немесе кратерлер бар екендігі ашылды. Кратерлер құрлықта да, теңізде де кездеседі. Марста сөнбеген жанартау, планета қыртысының қозғалу белгілері байқалады.

Қазақстандық астрофизик Габриил Тихов Марс планетасына жан-жақты зерттеулер жүргізді. Ол Марс бетінде қарапайым тіршілік көздері болуы мүмкін деген болжам айтты. Марста жанды заттар тұрады деген болжамдар температуралық және спектроскопиялық нәтижелермен дәлелденген жоқ. Марс атмосферасында оттектің белгісі болмағандықтан, тіршіліктің жоғарғы формасының болуы туралы болжам шындыққа сай келмейді. Алайда тіршіліктің төменгі формасының, әсіресе анаэробтық форманың тіршілік етуі мүмкін.

Марс планетасын және планета аралық кеңістікті зерттеуге арналған кеңестік планета аралық автомат стансалар. Массасы 893,5 кг, ұзындығы 3,3 м, диаметрі 1,1 м, ең алғашқы "Марс-1" автомат стансасы 1962 ж. 1-қарашада ұшырылды. "Марс-1" автомат стансасы ғарыш кеңістігін зерттеу, планетааралық қашықтықтағы радио байланысты тексеру, планетаны суретке түсіру жұмыстарын жүргізді. 1971 ж. "Марс-2" (19-мамырда) және "Марс-3" (28-мамырда) автомат стансалары ұшырылды. Оларда орбиталық бөлік және планета бетіне қондырылатын аппаратуралар болды. "Марс-2", "Марс-3" стансалары 8 айдан астам уақыт Марс серігінің орбитасынан зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1973 ж. Марс планетасына бағыттап 4 автомат стансасы ұшырылды. "Марс-4" пен "Марс-5" Марстан 2200 км қашықтықтан ұшып өтті. "Марс-6" мен "Марс-7" 1974 ж. наурыз айының алғашқы жартысында Марс планетасының аймағына жетті.(1.8 сурет) Олардың көмегімен Жер және Марс орбиталарының аралығындағы ғарыштық кеңістіктің физикалық қасиеттері туралы жаңа мәліметтер алынды; Марс атмосферасының құрылымы, топырағының химиялық құрамы мен физика-механикалық қасиеттері зерттелді. Автоматты стансалардан алынған суреттер арқылы планетаның оптикалық сығылуын анықтауға, рельефтің профилін салуға, Марстың түрлі-түсті кескінін алуға мүмкіндік туды. 2003 ж. 30-желтоқсанда Европалық ғарыш агенттігінің Марс Экспресс стансасы "Beegle-2" робот-биологты Марс планетасына жеткізді. Марста тіршілік бар ма деген сұраққа жауап іздеген робот-биолог технологиялық есептеулердегі жіберілген қателіктерге байланысты істен шықты. 2004 жылдың басында АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген "Оппортунит" және "Спирит" марсоходтары Марс планетасына қонып, Жерге Марс туралы қажетті деректерді жібере бастады.

2.4 Юпитер: "Юнона" (НАСА) 2016 жылы орбитаға жетеді.

Есекқырған (кейде Юпитер) - бесінші ғаламшар.Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша ол 11 есе Жерден үлкен, салмағы бойынша ше 300 есе үлкен.

Юпитер көне юнандардың Зевс құдайының мадағына атаған. «Юпитер» бұл Зевс құдайының латын аты.Қазақтың атауы «Есекқырған» ғаламшардың ерте аспанға шыққанынан пайда болған. Есек керуенді басқаратын адамдар оны Шолпан ғаламшарымен шатасып, есектерді ерте оянған. Есектер дұрыс дем алмай, таңертенге шейін шыда алмағаннан өліп қырылған. Соңдықтан ел аузында ғаламшарды Есекқырған деп атау бастаған.

Әртүрлі жазбаларда Юпитердің әртүрлі серіктер саны келтіріледі. Ресми деректерде ғаламшардың он алты серігі бар.

2011 жылы НАСА Юпитерге жаңа ғарышттық аппарат "Юнона" станциясын жіберді, ол орбитаға 2016 жылы жету керек, Юнонаның мақсаты Юпитердің ядросын зерттеу.

2.5 Сатурн: "Кассини" (НАСА).

Сатурн - Күн жүйесіндегі көзге Жерден көрінетін бес ғаламшарлардың бірі. Шарықтау шегінде Сатурнның жарығы бірінші жұлдыздық шама асады.Сатурнды алғаш рет бақылаған Галилео Галилей ғаламшарды біркелкі аспан денесі емес, бір-біріне жанасатын үш дене деп, бұлар Сатурнның екі ірі серіктері деп болжам жасады. Екі жылдан кейін жасаған бақылауында серіктердің орнында болмауы оны таңдандырды.1659 жылы Гюйгенс өзінің одан қатты телескобымен қарап, серіктердің дене емес - жұқа және жалпақ сақина екенін және ғаламшарға тимей тұрғанын көрді. Және Гюйгенс Сатурнның ең үлкен серігі - Титан ашты. 1675 жылдан бастап ғаламшарды зерттеуді Кассини бастады. Оның байқағаны, сақина аралары ашық екі сақинадан, ал ортасындаға анық көрінетін қуыс, яғни Кассини қуысы тұрады, және тағы бірнеше ірі серіктерді ашады.

1979 жылы "Пионер-11" құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан ұшып өтеді, оның артынан 1980 және 1981 жылдары "Вояджер-1" және "Вояджер-2" өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, сақиналардың анық (детальды) құрылысын алды және құрамын анықтады.

1990 жылдары Сатурнды, оның серіктерін және сақиналарын Хаббл телескобы зерттеді. Ұзақ бақылаулар "Пионер-11" және "Вояджер" құрылғыларының ғаламшарлардың қасынан бір өтіп кетіп, толық зерттелмей қалған көптеген жаңа мәліметтер әкелді.1997 жылы Сатурнға Кассини-Гюйгенс құрылғысы ұшып, жеті жылдан кейін 2004 жылдың 1 шілдесінде Сатурн жүйесіне жетіп, ғаламшардың орбитасына енді. (1.10 сурет) Кем дегенде 4 жылға созылатын бұл миссияның негізгі тапсырмалары болып сақиналардың құрылысы мен динамикасын зерттеу және атмосферасы мен магнитосферасының динамикасын зерттеу болып табылады. Одан басқа, арнайы "Гюйгенс" зонды құрылғыдан ажырап, Қоңырқайдың серігі Титанға қонды.

2.6 Уран и Нептун: "Вояджер-2" (НАСА) 1986 және 1989 жылдары жанынан өтті.

Уран - жетінші ғаламшар. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген. Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 10 серігі бар. Олар 1986 жылы "Вояджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. (1.11 сурет)

Нептун - сегізінші ғаламшар, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар.

1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір «Вояджер 2» ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті.Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. 1989 жылы Вояджер-2 ғаламшардың қасынан өтіп бара жатқан кезде Есекқырғанның бетінде Ірі Қызыл Дақпен салыстырыла алатындай оңтүстік гемисферада Ірі Қара Дақ тіркеді. Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55.1 K)-ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7,000 °C (7,270 K)-ге дейін көтеріледі, бұл Күннің бетіндегі температураға ұқсас және басқа да белгілі ғаламшарларға тән. Нептунның бұлыңғыр әрі әркелкі орналасқан сақина жүйесі бар, бұл сақина 1960 жылдары байқалғанымен, Вояджер-2-нің зерттеулері сақиналарының бар екендігін дәлелдеді.

Нептунның сегіз серігі бар. Оның Тритон деп аталатын серігі мұз жамылғысына оранған. Күннің әлсіз сәулесі мұз қабатынан өте отырып, ішіндегі газды қыздырады. Қызған ыстық газ ағыны сыртқа атқылайды. Уақыт өткен сайын Нептундағы жұмбақтық бірде пайда болады, бірде жоғалып кетеді. Ғалымдардың ұйғаруынша, бұл- осы планетадағы қатты қапталудың белгісі. 1989,1994 жылдары астрономдар Қара дауыл деп аталатын үлкен қара дақты бақылады. 1994 жылы планетадан "Хаббл" телескопы Жердің мөлшеріндей үлкен түтікті байқады. Алып дауыл оны планетаның беткі қабаты бойымен екпіндетіп алып кеткен болу керек. Ашылуының бастапқы кезеңінде ғаламшарды ашу құрметі үшін Француздық және Британдық ұлттық қарсыласуы орын алды. Ақырында, Леверье мен Адамс бірдей атақ алды.

Қорытынды

Бүгінгі күні ғарыш техника құралдарының дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. «Осы уақытта орбитада мыңдаған жер серіктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары ғаламшарға ұшып, күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етіп жатыр. Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан, адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, әлемдік қауымдастық ғарышсыз болашақты елестете алмайтындай күйге жетті. Өйткені қазіргі заманғы техника құралдарының барлығы да ғарышпен байланысты».

Бүгінде әлемде ғарыштық мемлекет атанудың басты екі жолы бар. Оның біріншісі дайын ғарыштық жүйені сырт мемлекеттерден сатып алу. Мұндай тәсілдің бір кемшілгі - мемлекет ғарышты игеруде тәжірибеден өту жағынан кейіндеп, базалық инфрақұрылымды дамытудан қалады. Екінші жол - өте күрделі, әрі ұзақ үдеріс. Ол мемлекеттің жеке өзінің ғарыштық инфрақұрылымын қалыптастыру. Тек ғарышты осы жолмен игерген елдерді ғарыш державалары деп атауға болады. «Бүгінде әлемдегі көптеген мемлекеттер осы жолдың біріншісін таңдаса, Қазақстан ғарыштық державаға айналуды мақсат тұтып отыр. Біз осы таңдауымыздың қиындығы мен тиімділігін жақсы түсініп отырмыз. Өйткені космонавтика біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол біздің азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құрал болмақ».





Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, І-том.

  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, ІІІ-том.

  3. «Алаш айнасы» газеті Қайыржан ТӨРЕЖАН .

  4. «Егемен Қазақстан» газеті» Қанат Ескендір .

  5. Уикипедия -ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.

  6. «Физика және астрономия» журналдары.

  7. Әбішев Х., Аспан сыры, А., 1966









Қосымшалар:

Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос

1.1-сурет-Хуан Ху Зымыраны

Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев ЖандосПланеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос

1.2- сурет-Көп бөлікті тасмалдау зымыранының құрылымы

Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев ЖандосПланеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев ЖандосПланеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев ЖандосПланеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос

Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев ЖандосПланеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос

1.3-сурет-Қытайдың " Ұлы жорық" зымырандар топтамалары

Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев ЖандосПланеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос

1.4-сурет-"Шығыс" зымыраны топтамалары әлемдегі бірінші тасмалдау зымырандар топтамалары

Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос



1.5-сурет-"Геркулес" зымырандар топтамалары

Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев ЖандосПланеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос

  1. сурет «Мессанджер» аппараты

Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев ЖандосПланеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос


  1. « Венера-Экспресс» аппараты



Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев ЖандосПланеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос

  1. сурет «Марс- экспресс", "Марс Одиссей".


Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос

1.9 «Юнона» аппараты

Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос


  1. "Кассини" аппараты









Планеталарды зерттеу аппараттары ғылыми жоба Нуржаубаев Жандос


1.11 сурет «Вояджер-2» аппараты

24


© 2010-2022